Аралық бақылау ХІХ ғ. Еуропалық мәдениет


Қазақстанның түрік тілді халықтарының ортағасырлық мәдениеті.(5-16 ғ.ғ)



бет3/8
Дата22.11.2022
өлшемі42,65 Kb.
#159422
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Аралық бақылау ХІХ ғ. Еуропалық мәдениет-melimde.com

Қазақстанның түрік тілді халықтарының ортағасырлық мәдениеті.(5-16 ғ.ғ)

Қазақстанның өткен тарихын зерттеген ғалымдар күні кешеге дейін мұнда моңғол шапқыншылығынан кейін қалалық тіршілік үзіліп, тек бірнеше қалалар ғана қалды деп тұжырымдап келді, бұл орайда олар кезінде гүлденген отырықшы өмір мен қала мәдениеті туралы тамсана жазды. Расында да, моңғол ХІІІ ғасырдың басында өртенген, тоналған бұл қалалар ХІІІ ғасырдың аяғында және XIV ғасырда қайта қалпына келтіріліп, қолөнер мен сауданың маңызды орталығына айналды, ал XVІ- XVІІ ғасырларда қазақ хандарының ордасы болды. XVІ ғасырдан бастап бұл қалалар Орта Азиядан Сырдария алқабы мен Қаратау асуы арқылы Ресейге өтетін керуен жолының бойында зор маңызға ие болды, өйткені Ресей ол кезде ортаазиялық және қазақ хандықтарының басты сауда серіктесіне айналған еді. Жалпы алғанда, Қазақстанда XVІІ- XVІІІ ғасырлар аралығында қала тыныс-тіршілігінің салтанат құруына сауданың өзіндік орны ерекше болатын. Археологтардың барлау жасаған сапарларының арқасында Сырдарияның сол және оң жағалауынан, Бөген және Арыс жазықтарынан, Түркістан алқабынан, Қаратаудың солтүстік және оңтүстік қыраттарынан кейінгі ортағасырлық ондаған қалалар мен қоныстарды табуға қол жеткізілді. 

XV ғасырдың жазба мәліметтеріне қарағанда, Отырардан онша қашық емес жерде Шілік қонысы орналасқан. Бұл барлық белгілері бойынша, Отырардан бес фарсах қашықтықтағы қоныс. Шілікпен қатар Оңтүстік Қазақстанның ортағасырлық ірі қалаларының бірі Бұзықтөбенің үйіндісі орналасқан: тек оның орталық үйіндісі биік жазық дөң түрінде көзге шалынады. Дөңнің ұзындығы солтүстіктен оңтүстікке қарай 150 м және шығыстан батысқа қарай 300 м болып созылып жатыр. Бекініс қабырғаларының шөгінділері мен қаланың аумағында жиналған керамиканың сынықтарына қарағанда, Бұзықтың іргесінің қалануы бірінші ғасырдан бастау алады. XV ғ. Қала өзінің өмір сүруін тоқтатқан, бұл фактіні XVІ- XVІІ ғ.ғ. жазба деректерде Шілік атауының бұдан әрі кездеспеуін дәлелдейді.

Деректер кейінгі ортағасырлық Түркістанды ірі экономикалық округтің орталығы болды деп атайды. Сондай-ақ оның айналасында көптеген қоныстардың болғанын еске салады, оның ішінде неғұрлым белгілі Қарашық, Қарнақ, Йунка және Сура тәрізді атаулар бар. Қарнақ Ахмет Йассауи кесенесіне арналған тайқазан құйылған орын екені белгілі. Түркістанның солтүстік жағындағы 25 шақырым жердегі Атабай селосына қаланың болған жері сәйкес келеді. Бұл село жақын кезеңге дейін өзінің ежелгі қала атауын сақтап, Қарнақ деп аталып келді. Қала Ишкан (ескі қала) деп аталады. Бұл дөң қазіргі жүргізілген құрылыстармен қатты бүлінген, бірақ ортағасырлық қаланың топографиясы сақталып қалған. Қарашық, Сура және Йунка Хафиз Таныштың шығармаларында Ишкан қаласынан күндізгі өту кезінде кездескен қалалар ретінде суреттеледі, оның орналасқан жері жақсы белгілі, өйткені онымен аттас елдімекен сақталып қалған. Қарашық сонымен қатар XVІІ ғ. Орыс жазба деректерінде келтіріледі. Оған сүйенсек, ол Түркістаннан 5 шақырым жерде, Сібірден Орта Азияға баратын керуен жолының бойында орналасқан. Қарашық атауы аймақтың гидронимикасында сақталған: осындай атты өзен Түркістан маңында бар, оның жағасынан бірнеше ежелгі егін шаруашылығымен айналысқан қоныстар және ортағасырлық қалалар табылды. Оның бірі ІІ Төрткөл деп аталады. Оған кейінгі ортағасырлық қалалардың өзіндік ерекшелігі бар топографиясы тән. Сондай-ақ одан XV- XVІІІ ғ.ғ. керамикалары көп кездесті. Қала Қарашық өзенінің сол жағалауында, Түркістанның солтүстігіне таман 8 шақырым жерде орналасқан. Бұл тікбұрышты екі дөңнен тұрадыоның топографиясына қарағанда, көшелердің, қала орамдарының, бекініс қабырғалары мен ондағы мұнаралардың іздері байқалады. Көптеген керамикалық шлактар, жарамсыз ыдыстардың сынықтары, сайып келгенде ежелгі қыш-құмыра жасаушылардың орамдары қай жерде орналасқанын айқындауға мүмкіндік береді: олар өзен жағасында, суға жақын жерде орналасқан Қарашықтың ІІ Төрткөл қаласы екендігіне күмән туғызбайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет