ХХ ғасыр адамзат тарихындағы ең серпінді жүзжылдыққа айналды: әлеуметтік толқулар мен дүрбелеңдер мемлекеттердің саяси құрылысын күрт өзгертіп, қоғамдық тәртіптер, адам санасы мен өмір салты, тұрмысы жаңарды. Өз кезегінде ғылым мен мәдениеттегі, әдебиет пен өнердегі сан алуан процестер адам баласы зияткерлігінің толық ашылуына әкелді. Техниканың қарқынды дамуы, алдыңғы қатарлы технологиялардың жасалуы, дүниежүзілік кеңістікті белсенді игеру және т.б. ғылымның өндірістегі негізгі күшке айналуына жағдай жасады. Ғылыми үлгілердің өзара алмасу үдерістері өтіп, дүниеге жаңа көзқарас қалыптасты.ХХ ғасыр рационализм мен оғаштыққа толы уақыт болды, ол рухани және материалдық мәдениеттен ізсіз өткен емес. Бір жағынан, заманауи қоғамның негізінде адамзатқа деген сүйіспеншіліктің жоғары мұраттары, теңдік, бостандық демократия идеялары жатса, екінші жағынан, стандартталу мен бірегейлену үдерісі, материалдық тұрмыс дәрежесінің өсуі бұл құндылықтар бағасын арзан- датып, рухани тоқырауға апарып соқтырады. Ғылыми-техникалық прогреспен туындаған технократиялық саралау гуманитарлық саладан жоғары тұр, қоғамдық санадан гуманизм идеялары сырт қалуда. Мәдениет, ғылым, әдебиет пен өнер рөлінің артуын мақсат тұтқан қоғам үшін аталған факторлардың болуы, әлбетте, алаңдаушылық туғызады. Өткен ғасырда аймақтық мәдениеттер қалыптасты: мәдениет дәстүрлі ұлттық үлгілер шеңберінен шығып кетті. Мәдениеттің даму үдерісі әдеттен тыс сан алуан, соған сәйкес мәдени бағыттар да түрлене түсті. Сондықтан да мәдениеттің дамуына, оның бағыттарына бір жақты баға беру қиын.
Бірінші кезең неғұрлым қарқынды және оқиғаларға толы болды. Ол ХIХ және ХХ ғасырлардың шегінде баста- лып, екі онжылдыққа (1918—1919 жылдарға дейін) дерлік созылды. Әлеуметтік-саяси процестердің (соғыстар, рево- люциялар) шиеленісті дамуы аясында нақты ғылымдар саласында және техникада жаңалықтар ашылып, көп- 197 теген көркемдік формалар, стильдер, философиялық тұр- ғырнамалар пайда болды. Осының нәтижесінде әлемнің жаңа бейнесі өмірге келді. Әдебиетте, (әсіресе поэзия- да), кескіндемеде, сәулет өнерінде модернизм дамыды, режиссерлік театр пайда болды.
Екінші кезең (20-жылдар — 30-жылдардың соңы) әдебиетте авангардизмнің, ұлттық реализм мен нату- рализмнің, кескіндемеде, музыкада авангард пен сюр- реализмнің, сәулет өнерінде конструктивтілік пен ин- тернационалдық стильдің, эксперименттік театрдың, кино өндірісінің, өнеркәсіптік дизайнның дамуымен сипатталды. Әлеуметтік катаклизмдер, жаңалықтарды, техникалық прогресті ой елегінен өткізуден мәдениет пен ғылымда негізгі бағыттар мен ағымдар бөлініп шықты. Мәдениеттің жаңа тоталитарлық формасы (социализм мен фашизм) пайда болды.