Аралық бақылауға арналған сұрақтар Бейіндік оқытудың нормативтік құқықтық базасы


Кəсіпке баулу мазмұнын сұрыптаудағы жалпы тəсілдер



бет10/25
Дата23.05.2020
өлшемі69,61 Kb.
#70790
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25
Байланысты:
5, 5
9. Кəсіпке баулу мазмұнын сұрыптаудағы жалпы тəсілдер.

Кəсіптік білім мазмұнына белгілі бір білім мекемесінде

меңгертілуге тиісті сұрыпталған кəсіптік білім, іскерліктер жүйесі,

орта мектептердегі кəсіптік білім мазмұнын қалыптастырудың

алғышарттары ретіндегі белгілі бір жүйелер жатады. Кəсіптік білім

мазмұны өз кезегінде Б. Əбдікəрімов талап еткендей:

- білім алушылардың баламалы (альтернативті) ойлауын жəне

меңртілген білімдерін өндірістік міндеттерді жаңа жағдаяттарға өз

бетімен көшіре алу іскерліктерін дамытуға;

- өндірістік міндеттерді біліктілікпен орындау үшін қажетті

дағды жəне іскерліктер жүйесін қалыптастыруға;

- белгілі бір еңбек əрекеті тəжірибесін меңгертуге;

- ұжымда адамгершілік иделдарын жəне қарым-қатынас норма-

ларын меңгертуге;

- оқыту мазмұнының оның түпкі мақсаттарына сəйкес келуін

жəне оқытудың өте-мөте тиімді əдістерін жəне ұйымдастыру форма-

ларын пайдалануды қамтамасыз етуі тиіс»1

.

Кəсіптік білім оқу үдерісінің тұтас бір бөлігі ретінде білім



мазмұнын қалыптастырудың теориялық тұжырымдамаларына

негізделеді. Кəсіптік білім мазмұны бүгінгі əлеуметтік тапсырыс,

əлеумет жəне ғылым жетістіктері, қажеттіліктер жүйесінің сипатына

қарай анықталады.

Ал кəсіптік білім көздеріне еңбек мəдениеті, нақтылап айтқанда,

түрлі саладағы еңбек нəтижелері, құралдары, техникасы мен техно-

логиясы жəне т.б. жатады.

Кəсіптік білім мазмұнын сұрыптауда, оны құрастыруда

қабылданған талаптар жəне оқу пəнінің оқу-кəсіби материалдары-

мен толықтырылуын қамтамасыз ететін өлшемдерді анықтайтын

дидактикалық принциптер (В. В. Краевский, В. С. Леднев, И. Я.

Лернер, М. Н. Скаткин, Ю. К. Бабанский, Б. Ə. Əбдікəрімов, Ə. Ə.

Усманов, Г. Д. Жангисина) негізге алынады.

Кəсіптік білім мазмұнының тұжырымдамасы аға ұрпақтың

еңбек саласында жинақталған тəжірибесін жеткізуді оның басты

əлеуметтік фукнциясы ретінде қарастыра келе, төрт құрылымдық

элементтерін ашып көрсетеді:

1) Кəсіптік білім – бұлтиістібілімберуорнындажүйегекелтірілген білім, білік жəне дағдыларды игеру барысы жəне нəтижесі, білім

алушыны өмірге жəне еңбекке дайындаудың кажетті шарты ретіндегі

əлемдік жəне отандық еңбек тəжірибесі жəне кəсіби іс-əрекет

жөніндегі білімдер. Кəсіптік оқыту мазмұнына жалпы жəне жеке

білімдер тəн. Жалпы білімдер еңбек үдерісі мен өнімдерінің жалпы

құбылыстарын бейнелесе, жеке білімдерге арнайы технология жəне

жалпы техникалық дайындық жатады. Арнайы технология білім

алушыларға, ғылым негіздерінен қазіргі техника, технология жəне

өндірісті ұйымдастыру тұрғысынан, тиісті өндіріс саласы мен оның

даму болашағытуралыжалпымəлімет береді. Қазіргізаманғы техника,

өндірісті механикаландыру мен автоматтандырудың кешенді жүйесін

неғұрлым тиімді пайдалану, құрылғылардың негізгі мəліметтерін,

жұмыс істеу принциптерін білуді үйретеді; жаңа техника мен

технологиялардан, өндірісті дамытудың əлемдік деңгейдегі озық

əдістерінен мағлұмат береді. Еңбекті ғылыми ұйымдастыруды, өз

жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігін, өндірістік санитария мен жеке

гигиена ережелерін сақтауды үйретеді.

Жалпы техникалық дайындық – жекелеген өндіріс салалары

бойынша ғылыми-техникалық жəне əлеуметтік-экономикалық

бағыттар бойынша өндіргіш күштердің дамуы, білім мен дағды

жүйелері туралы хабардар етеді.

2) Кəсіби іскерліктер – барысында ғылыми теорияны

практикалық тəжірибе негізі арқылы оқытушылардың білім

алушылардың біліктілігін арттыруға жол ашатын белгілі бір іс-

əрекет амалдарын жүзеге асыру тəжірибесі. Əлемдік жəне отандық

еңбек тəжірибесі жөніндегі кəсіптік білімдерін, кəсіби іс-əрекет

амалдарын пайдалана алу іскерлігі, яғни бұрыннан қалыптасқан

кəсіби іс-əрекет амалдарын жүзеге асыру тəжірибесінің меңгерілуі.

Бұл кəсіби мəдениетті сақтау, жеткізу қабілетін қамтамасыз ететін

тəжірибенің мазмұнын құрайды. Практикалық іскерліктер мен

дағдылар теория мен практика бірлігінде білім алушылардың кəсіби

мəдениеті қалыптасуының бастауы болып табылады.

3) Кəсіби шығармашылық жəне ізденімпаздық іс-əрекеттер

тəжірибесі. Бұл тəжірибе - жаңа проблемаларды шешуге мүмкіндік

беретін адамзаттың даму үдерісінде жинақталған қазынасы.

Ол өз кезегінде бұған дейін меңгерілген кəсіптік білімдер мен

іскерліктерді жаңа жағдайларда өз бетімен жүзеге асыруды, белгілі

іс-əрекет амалдарының негізінде жаңа амалдарды қалыптастыруды

талап етеді. Əлеуметтік тəжірибенің бұл түрі жас ұрпақтың кəсіби қабілеттері мен кəсіби мəдениетінің дамуын əрі қарай қамтамасыз

етеді. Мұндай тəжірибе адамның кəсіптік əлеміне, оқыту қабылдау

арқылы өзіне қарым-қатынасында көрініс табатын жеке тұлғалық

сипатын танытады.

4) Еңбек əлеміне, түрлі саладағы еңбек түрлерімен

шұғылданатын адамдарға, өзінің кəсіби əрекеттеріне деген

эмоционалды-құндылықтықарым-қатынасы.Бұл - бұрыннанбелгілі

кəсіби тəжірибені меңгерудің ең жоғарғы деңгейі. Бұл - тек кəсіптік

білім, іскерліктер ғана емес, тұлғаның проблемалардың шешіміне

деген өзіндік көзқарасы мен қарым-қатынасы. Мұндай жағдайда

меңгерілген кəсіби-əлеуметтік тəжірибе білім алушылардың

меншікті кəсіби тəжірибесіне, кəсіби іс-əрекет ету амалдарына

айналады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет