Қарсы көрсетілімдері: іш пердесінің қабынуы.
ЫСТЫҚ ЫЛҒАЛДЫ КОМПРЕСТІ ҚОЮ Дайындаңыз: Қолыңызды сабындап жуыңыз
1.Ыстық (t-60-70°С) суы бар ыдыс
2.Су термометрі
3.2 салфетка
4.Клеенка
5.Мақта
6.Сүлгі
Іс-әрекет алгоритмі: 1.Науқас пен қарым-қатынас жасаңыз: өзіңізді таныстырыңыз, науқастан атын-жөнін содан кейін қал-жағдайын сұраңыз. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.
Дайындаған қажеттіліктеріңізді науқасқа алып келіңіз.
2.Қолыңызды антисептикпен өңдеп, қолғапты киіңіз.
3.8 қабатты салфетканы ыстық суға салып сулап, оны сығыңыз.
4.Дененің тиісті учаскесіне ылғалды салфетканы тығыз 5-10 минуттай басыңыз.
5.Салфетканы клеенкамен, сосын үстінен қалың жүннен тоқылған матамен жабыңыз.
6.Бірнеше минуттай компресті қолыңызбен ұстап тұрыңыз, оны салқындаған сайын ауыстырыңыз (бинт салмайды).
7.Терінің ылғалды бетін сүлгімен құрғатып сүртіңіз.
8.Науқасты жылы жабыңыз.
9.Қолғапты шешіп, қолыңызды сабындап жуып, құрғатыңыз. Бір реттік қолданылған заттарды ҚЖАК тастап, көп реттік қолданылатын заттарды зарарсыздандырыңыз.
Мақсаты: емдік, қан тамырларын тарылту әсері, жергілікті салқындату, ауырсынуды басатын әсері.
Қолдану көрсетілімдері: жұмсақ ұлпалардың (ткандердің) сіңірдің (байламы), сүйек қабығының жарақаттануы мен зақымдануының бірінші тәулігінде, мұрыннан қан кетуде, қызбаның 2 кезеңінде.
Қарсы көрсетілімдері: іштің түйіліп ауыруында (іштің спастикалық ауруларында), талықсу (коллапс), шок.
САЛҚЫН КОМПРЕСС ҚОЮ Дайындаңыз: Қолыңызды сабындап жуыңыз
1.Салқын суы бар ыдыс
2.Бірнеше рет қабатталған 2 салфетка
Іс-әрекет алгоритмі:
1.Науқаспен қарым-қатынас жасаңыз: өзіңізді таныстырыңыз, науқастан атын-жөнін содан кейін қал-жағдайын сұраңыз.Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.Дайындаған қажеттіліктеріңізді науқасқа алып келіңіз.
2.Қолыңызды антисептикпен өңдеп, қолғапты киіңіз.
3.Даярлаған салфетканы салқын суға салып сулап, оны сығыңыз.
4.Салфетканы бірнеше қабатпен бүктеңіз.
5.Дененің тиісті учаскесіне салфетканы салыңыз.
6.Әрбір 2-3 минут сайын салфетканы ауыстырып тұрыңыз, өйткені салфетка қызу дене қызумен тез теңесіп кетеді.
7.Бірінші салфетканы екіншісімен ауыстырып отырыңыз.
8.Қолғапты шешіп, қолыңызды сабындап жуып, құрғатыңыз. Бір реттік қолданылған заттарды ҚЖАК тастап, көп реттік қолданылатын заттарды зарарсыздандырыңыз.