Қарапайым физиотерапия әдістері



бет5/5
Дата21.12.2022
өлшемі1,11 Mb.
#163685
1   2   3   4   5
Байланысты:
DOC-20221218-WA0001.

ЫЛҒАЛДЫ ҚЫЗДЫРУ
Мақсаты: қан тамырларын ұзақ және біркелкі кеңейту, ұлпадағы қан айналуын жақсарту, ауыруын азайту және сіңіру әсерін жасау.
Қолдану көрсетілімдері: инъекциядан кейінгі инфильтратта (жергілікті түйінде) бұлшық еттердегі және буындардағы қабыну процестері, мұрын, құлақ аурулары, соғып алғаннан кейінгі 2 тәулікте.
Қарсы көрсетілімдері: қызба, қан құйылу, терідегі іріңді және аллергиялық бөртпелер, тері жамылғысы бүтіндігінің бұзылуы, әртүрлі этиологиядағы ісіктер, жарақат пен соғып алудың бірінші тәулігінде.
Асқынулар: терінің тітіркенуі, күю
Дайындаңыз: Қолыңызды сабындап жуыңыз
Компрестік мата немесе 8-10 қабаттап бүктелген дәке салфеткасы
Компрестік қағаз
Мақта
Бинт
40% этил спирті немесе дәрілік ерітінділерді, 20-25°С суды,
Қайшы
Қолғап
Іс-әрекет алгоритмі:
1.Науқас пен қарым-қатынас жасаңыз: өзіңізді таныстырыңыз, науқастан атын-жөнін содан кейін қал-жағдайын сұраңыз.Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.
Дайындаған қажеттіліктеріңізді науқасқа алып келіңіз.
2.Қолыңызды антисептикпен өңдеп, қолғапты киіңіз.
3.Науқастың компресс қоятын жерінің терісін қараңыз.
4.Даярланған ерітіндінің (20-25 С) біреуіне компрестік матаны немесе дәке салфеткасын ылғалдап, оны аздап қана сығыңыз.
5.Дененің қажетті учаскесіне компрестік матаны немесе дәке салфеткасын қойыңыз
6.Әсерін тигізетін аймақтан оның көлемі 2 см артық болуы керек.
7.Компрестік матаның немесе дәке салфеткасының үстіне компрестік қағазды салыңыз. Ол алдыңғы қабаттан 2 см-ге енді болуы қажет.
8.Компрестік қағаздың үстіне мақтаны қойыңыз (компрестің алдыңғы қабатынан көлемі 2 см артық болуы тиіс).
9.Қойған компрес денеге тығыз қабыса жататындай керек, бірақ қозғалысты шектемейтіндей етіп, бинтпен байлаңыз.
10.Компресті 6-12 сағатқа қалдырыңыз (дұрысы түнге қарай қою).
11.Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз
Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет