Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру әдістемесі, пәні бағдарламасының мазмұны


Бөлім бойынша қалыптастырылатын іскерлік пен дағдылар



бет4/7
Дата16.09.2022
өлшемі174,59 Kb.
#149745
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру әдістемесі

Бөлім бойынша қалыптастырылатын іскерлік пен дағдылар:

  • сан мен санау, есептеу іс-әрекеттерінің даму ерекшеліктерін білу;

  • есептеу іс-әрекеттерінің даму кезеңдері және санау, реттік санауды үйрету әдістерін меңгеру;

  • цифр және белгілер мен таныстыру әдістері және бүтінді тең бөліктерге бөлу әдістерін меңгеру;

  • арифметикалық есептерді құрастыру және шығаруды үйрету кезеңдерін білу.



Мектеп жасына дейінгі балаларды көлеммен таныстыру ерекшеліктері
Көлем және оны өлшеу туралы түсінік. Балабақша балаларының өлшеуді қабылдау ерекшелігі. Өлшей білу туралы үйрету. Заттардың өлшемін қабылдауда сөздің рөлі. Әр топтағы көлем және өлшеуді үйрету жұмыстарының маңызы мен міндеті. Балаларды көлемі жағынан әр түрлі заттарды салыстыра білуге үйрету және көз мөлшерін дамыту. Кеңістікте орналасқан үш (затты) өлшемді көре білу қабілетін дамыту. Шартты өлшеуіштің көмегімен заттардың (ұзындығын, биіктігін, ені) сұйық және сусымалы заттардың көлемін өлшеп үйрену қабілетін қалыптастыру. Сан және көлемді өлшеудің арасындағы функционалды тәуелділік. Жалпы өлшем бірліктері мен таныстыру (ұзындық, көлем, салмақ). Заттардың биіктігі, ені, ұзындығы, жуандығы, жіңішкелігі және жалпақтығы жағынан салыстыра білу.


Тәжірибелік сабақ:

  • Балаларды көлемі жағынан әр түрлі заттарды салыстыра білуге үйрету және көз мөлшерін дамыту.



Бөлім бойынша қалыптастырылатын іскерлік пен дағдылар:

  • «көлем» және «өлшем» ұғымдарының анықтамасын білу;

  • мектеп жасына дейінгі балалардың көлемді қабылдау ерекшеліктерін меңгеру;

  • шартты өлшеуіштің көмегімен заттарды өлшеу әдістерін меңгеру.



Мектеп жасына дейінгі балаларды заттардың пішіні мен таныстыру ерекшеліктері
Әр топтағы балаларды үйретудің міндеті мен әдісі.
Пішін - философиялық категория. Геометриялық фигура заттардың пішінін қабылдауда эталон болып табылады.
Геометриялық фигуралардың және заттардың пішінін қабылдау, заттарды тексеруде геометриялық фигуралардың атқаратын рөлі. Пішінді қабылдаудың физиологиялық механизмі.
Әрбір жас ерекшелігіне орай топқа пішін туралы түсінік қалыптастыру жұмысының мазмұны. Геометриялық фигуралардың пішінін дұрыс тексеріп, атап, атын дұрыс айта білу және айырмашыллығын айыра білуді үйрету. Геометриялық фигураларды белгілеріне қарай топтау. Геометриялық фигураларды салыстыру. Жазық геометриялық фигуралар (үшбұрыш, дөңгелек, квадрат, сопақша т.б.) және геометриялық денелерді куб, шар, цилиндрді ажырата білу.
Әр топтағы геометриялық фигураларды балалардың талдай білуі. Геометриялық фигуралар туралы білімдерді бекітуді дамыту ойындары мен дидактикалық ойындарды және жаттығуларды қолдану. Құрастыру мен байланыстыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет