Қарапайым математикалық ТҮсініктерді қалыптастыру пәнінің мақсаты, міндеттері, мазмұНЫ



Pdf көрінісі
бет5/44
Дата29.03.2022
өлшемі0,59 Mb.
#137183
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
Байланысты:
Математика

-
 
танымдық қабілет, ақыл-ой процесі мен қабілеті, баланың 
жеке тұлғасының жалпы дамуының негізгі заңдылықтары; 
-
 
білімді және соған байланысты дағдылар мен іскерліктерді 
меңгерудегі баланың жас ерекшелігіне сай мүмкіндіктері; 
-
 
мектеп және мектепке даярлау шаралары арасындағы 
сабақтастық. 
Математикаға дейінгі даярлықта білімділік, тәрбиелілік және 
дамытушылық міндеттер тығыз бірлікте қарастырылып, жүзеге 
асырылады. 
Математикаға дейінгі даярлықтың басты міндетеріне мына-
лар жатады: 
1.Балаларда қарапайым математикалық ұғымдар жүйе-
сін қалыптастыру. 
2. Мектептегі математика пәнін игерудің және ақыл-ой 
дамуының алғышарты болатын – математикалық ойлау және 
жекелеген логикалық құрылымдардың қарапайым түрлерін 
қалыптастыру. 
3.Сенсорлық процестер мен қабілеттерін дамыту. 
4.Балалардың байланыстыра сөйлеуі мен сөздік қорла-
рын дамыту. 
5.Оқу әрекетінің бастапқы формаларын қалыптастыру. 
Бұл міндеттер үйлесімді, өзара тығыз байланыста жүргізілсе 
ғана нәтиже береді және міндеттері математикаға дейінгі 
даярлықтың мазмұнын анықтайды. 
Соңғы уақытта жүргізілген педагогикалық және психоло-
гиялық зерттеулер нәтижесінде балалардағы ойлау қабілетінің 
деңгей қоры ауқымды екендігі анықталды. Н.Н.Поддъяковтың 
зерттеулерінде баладағы көрнекі-әрекеттік және көрнекі-бейнелі 
ойлаудың нәтижесінде заттармен құбылыстардың қасиеті және 
жеке бөліктері туралы балалардың ұғымдары жинақтала келе тұтас 
жүйелі білімге ұласады. 
Математика ұғымдарының дамуына арнаулы бағыттағы 
әрекеттердің де әсері бар. Оларды екі топқа бөліп қарастыруға 
болады. Алғашқысына математикалық сипаттағы әрекеттер: санау, 
өлшеу, қарапайым есептеу, арифметикалық әрекеттерді орындау 
жатады. Екінші топқа – дидактикалық мақсатқа құрылған, мате-
матикаға дйінгі әрекеттер, заттарды бір-бірімен беттестіре отырып 



салыстыру (А.М.Леушина) талдау және жинақтау (В.В.Давыдов) 
теңестіру және салыстыру (Н.И.Непомнящая). 
Екінші топқа жататын әрекет түрлері нақты, заттық-сезімдік 
негізді арқау етеді. Ал, бірінші топ күрделі болғанымен, мазмұн-
ды, баладағы жиын, кеңістік, уақыт ұғымдары нақтыланады. 
Бұл бағытта көптеген әдістер қолданылады: сөздік, прак-
тикалық, көрнекілік, ойын. Әдістер мен тәсілдерді таңдауда еске-
рілуге тиіс мақсаты, міндетері, мазмұны, балалардың жеке және 
жас шамасы ерекшеліктері, дидактикалық құралдардың болуы, 
нақты жағдайлар т.б. Олардың ішіндегі ең бастысы бағдарлама 
бойынша оқу-әрекетін жан-жақты ұйымдастыру болып табылады. 
П.Я.Гальперин теориясы бойынша практикалық және сырт-
қы материалдармен әрекеттер ауызша сөйлеу арқылы бекітіліп, 
тұжырымдалып, ішкі жоспарға айналады, ой әрекеті ретінде 
көрініс береді. Ой бірнеше даму этаптарынан өтеді. 
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру пәні-
нің практикалық әдістеріне тән сипатты ерекшеліктері: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет