Таза ағымдық трансферттер - жеке және мемлекеттік қаржының шетелге аударылуы (зейнет ақы, сыйлық, ақшалай аударым, қайтарымсыз гуманитарлық көмек). Бұл дебет бөлігінде « - » таңбамен «біржақты трансферттер» деп жазылады, өйткені бұл елдегі шетел валютасының қорын азайтады.

Ағымдық операциялар бойынша баланс сальдосы:

EХ – ІМ = NХ
У= С + І + G+ NХ
NХ = У – (С + І + G)
Ағымдағы операциялар балансы =
= ЖІӨ — ішкі сұраныс.
Егер ЖІӨ мөлшері ішкі сұраныстан асып кетсе, онда ел артық өнімді экспорттайды: ағымдағы шоттың сальдосы оң болады.

Егер ЖІӨ мөлшері ішкі сұранысты қанағаттандырмайтындай шамаға дейін төмендесе, онда ел жетпеген өнімді импорттайды: ағымдағы шоттың импорты теріс болады.
Ағымдағы операциялар балансында тапшылық болса, онда ел осы тапшылықты жабуы тиіс.
Абсорбция – ішкі нарыққа (отандық үй шаруашылығына, фирмаларға, үкіметке) сатылатын ЖІӨ бөлігі. Егер импорт > экспорт бойынша, ағымдық операциялар бойынша баланс тапшылығы болады. Қаржыландыру көзі: шетелден қарыз алу немесе шетелге актив бөлігін сату. Бұл капитал қозғалысы есебінде көрсетеді. Бұл мәміле таза шетел активтерін азайтады.

Таза шетел активтері = осы ел резидентінің қолындағы шетел активтері – шетелдіктер қолындағы ұлттық активтер.
Макроэкономикалық түзету – экспорттық табысты арттыру немесе импорттық шығындарды азайту.