Капитал қозғалысы және қаржылық операциялар есебінде активтермен болатын халықаралық мәмілелер: акция, облигация, жылжымайтын мүлік сатудан түскен табыс және сатып алу шығындары көрсетіледі
Капитал қозғалысы және қаржылық операциялар есебінде активтермен болатын халықаралық мәмілелер: акция, облигация, жылжымайтын мүлік сатудан түскен табыс және сатып алу шығындары көрсетіледі.
Капитал қозғалысы және қаржылық операциялар есебінде активтермен болатын халықаралық мәмілелер: акция, облигация, жылжымайтын мүлік сатудан түскен табыс және сатып алу шығындары көрсетіледі.
Егер капитал қозғалысы сальдосы “+” болса, таза капитал келуі болды, “-” болса, таза капитал кетуі болады.
Ел активімен жасалатын барлық халықаралық мәмілелер капитал қозғалысы және қаржылық операциялар есебінде көрсетіледі. Капиталмен және қаржы құралдарымен жасалатын операциялардың шотына, сондай-ақ таза капиталдық трансферттер де кіреді.

Капиталдық трансферттерге жол, емхана, мектеп, университет, әуежай т.б. салуға берілген инвестициялық гранттар жатады.
Ресми резервтер өзгерісі.
Түсім мен шығындар балансы болу үшін ағымдық операциялар есебі тапшылығы қаржылық есеп артықшылығына сәйкес келуі керек немесе, керісінше. Есептердің бұлайша өзгеруі Ұлттық Банктің валюталық интервенция және ресми валюта резервіне өзгеріс енгізгенге дейін болады.
Бірақ ҰБ ресми валюта резервінен шетел валютасын сатып алып, сата отырып валюта курсының еркін ауытқуының алдын алады.
Төлем балансының оң сальдосы (артықшылығы) ресми валюта резервінің өсуімен сәйкес келеді.
Капитал қозғалысы есебінің сальдосы (I-S) + ағымдық операциялар есебі сальдосы (NX) = 0 болуы керек.
Капитал қозғалысы есебінің сальдосы (I-S) + ағымдық операциялар есебі сальдосы (NX) = 0 болуы керек.
Егер I–S>0, ал NX<0 болса, онда капитал қозғалысының оң сальдосын, ал төлем балансының ағымдағы есебінің теріс сальдосын аламыз. Бұл елдің әлемдік қаржы нарықтарынан қарыз алатынын, экспортына қарағанда импортының көп екендігін көрсетеді.
егер жағдай керісінше болса, онда біз шетелге қарыз беруші болып табылар едік.