Мәдени-этикалық сипаттағы факторлар. Сыбайлас жемқорлыққа мәдени - этикалық факторлардың ықпал етуіне баға беру жеңіл емес, себебі бұл сала «материалды емес». Алайда қоғамның мәдениеттілігін сыбайлас жемқорлықтың негізгі себебі ретінде қарастыруымыз тиіс. Дін, мәдениеттің ажырамас бөлігі бола тұрып, қоғамда сыбайлас жемқорлықтың дамуының алғышарттары болуы мүмкін. Сондықтан қоғамда бір әрекет норма деп танылса, оны қылмыс деп жариялау қиындық келтіреді. Осы жағдайға орай мынадай мысал келтірейік. Қытайда басты идеология конфуциандық болғанын білеміз, оның қағидаттары бойынша халық жоғары қызметтегі адамдарды «әкеміз» деп қарастырған. Сондықтан қабылдауға келмегеннен гөрі, қабылдауға сыйлықсыз келгені наразылық туғызған. Байқағанымыздай, бір елде кейбір құбылыс сыбайлас жемқорлықтық деп танылса, екінші елде оны сыпайылық танутышылық деп біледі. Мәселен, «керек» адамды мейрамханаға шақыру, «ерекше» бір көмегі үшін біреуге құнды сыйлық беру, жоғары оқу орнына түсуге көмектесу тағы сол сияқты этикаға жатпайтын қылық деп танылмайды.
Мәдени-этикалық сипаттағы факторлар.Сыбайлас жемқорлыққа мәдени - этикалық факторлардың ықпал етуіне баға беру жеңіл емес, себебі бұл сала «материалды емес». Алайда қоғамның мәдениеттілігін сыбайлас жемқорлықтың негізгі себебі ретінде қарастыруымыз тиіс. Дін, мәдениеттің ажырамас бөлігі бола тұрып, қоғамда сыбайлас жемқорлықтың дамуының алғышарттары болуы мүмкін. Сондықтан қоғамда бір әрекет норма деп танылса, оны қылмыс деп жариялау қиындық келтіреді. Осы жағдайға орай мынадай мысал келтірейік. Қытайда басты идеология конфуциандық болғанын білеміз, оның қағидаттары бойынша халық жоғары қызметтегі адамдарды «әкеміз» деп қарастырған. Сондықтан қабылдауға келмегеннен гөрі, қабылдауға сыйлықсыз келгені наразылық туғызған. Байқағанымыздай, бір елде кейбір құбылыс сыбайлас жемқорлықтық деп танылса, екінші елде оны сыпайылық танутышылық деп біледі. Мәселен, «керек» адамды мейрамханаға шақыру, «ерекше» бір көмегі үшін біреуге құнды сыйлық беру, жоғары оқу орнына түсуге көмектесу тағы сол сияқты этикаға жатпайтын қылық деп танылмайды.
Сөйтіп, сыбайлас жемқорлық - бұл, біріншіден, мемлекетке үлкен қаржылық нұқсан келтіреді, екіншіден, мемлекеттік биліктің беделіне залал келтіреді, үшіншіден, қоғам мен мемлекет билігінің өкілеттіктерін моральдік тұрғысынан құлдыратады