Ареал туралы негізгі ұғымдар Ареалды картаға түсіру әдісі. Ареалдың типтері және шекарасы. Ареал туралы негізгі ұғымдар



бет6/9
Дата07.02.2022
өлшемі84,97 Kb.
#83270
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
ареал 6 апта
ҚУАНҒАЛИ Н.Қ. СЕМИНАР.Экологиялық мәдениетті қалыптастыру, Мәдениет №9 Жанахметова Мадина, тест 9 с, kasiptik oku, Все времена, doc7608079 607043726, сөж 3 куратор, экг
Эндемиктік ареалдар. Эндемиктік ареалдар алатын территориялары бойынша шектеулі. Олардың ауданы алуан түрлі болып келеді. Туыстар, тұқымдастар мен отрядтар үшін бұндай аудан салыстырамалы түрде ауқымды. Австралия, Тасмания, Жаңа Гвинея бірігіп алғашқы аңдар немесе қалталы сүтқоректілер отрядының ехидна және үйректұмсық тұқымдастарының ареалын құрайды. Түрге несеме түр тармағына эндемиктік ареал ауданы тіпті бірнеше квадрат километрмен немесе метрмен ғана шектелуі мүмкін. Мысалы, үңгір өрмкшілері тек бір үңгірдің көлемінде ғана тіршілік етсе, Lisimachia minoricensis тұқымдасына жататын өсімдіктің ареалы Жерорта теңізінің батыс жағында орналасқан Менорка аралында бірнеше квадрат метрді ғана алып жатыр.
Эволюциялық тұрғыдан қарағанда эндемизм екі бір-біріне байланыссыз үрдістердің нәтижесі болуы мүмкін.
Палеоэндемиктік (реликт немесе консервативті эндемиктер) ареалдар. Палеоэндемиктер ежелгі формалар, олардың ареалдары алғашында өте үлкен болады, климат жағдайларының өзгеруі немесе бейімделушіліктері жоғары түрлермен бәсекелесу нәтижесінде ареалдары қысқарып қалады. Бұндай түрлер архаикалық сипаттарға ие болады, жануарлар жүйесінде ерекше орын алады және бәсекелестік төмен ортаға ығыстырылып шығарылып тасталынады. Олардың тіршілік ету жағдайлары сенімді емес және адам әрекеті мен интродукцияланған түрлердің әсерінен құрып кету жағдайына жеткен.
Ұзақ уақыт бойында оқшаулану жағдайында болған материктік аралдар консервативтік эндемизм территорияларын қалыптастырады. Бұның жақсы мысалы болып Австралия, Жаңа Зеландия, Гавай, Мадагаскар, Канар аралдары табылады. Крісінше, жаңадан пайда болған және құрылықпен ешқашан байланыспаған мұхиттық аралдар үшін эндемизм тән емес, мысалы, Полинезия, Мальдив аралдары. Ал, Британ аралдарына бірқатар неоэндемиктер тіршік етуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет