Ары мектеп педагогикасы


Оқытудың саналылық пен белсенділік принципі



бет37/123
Дата19.07.2024
өлшемі1,31 Mb.
#203614
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   123
Байланысты:
Жоғары мектеп педагогикасы

Оқытудың саналылық пен белсенділік принципі. Саналылық пен белсенділік дегеніміз білімді саналылықпен белсене қабылдап, оның өмір және практиамен байланысын тереңдету, оқытылатын фактілер мен мәнін түсінуге болады.
Қазіргі оқытуда саналылық, белсенділік, көрнекілік, жүйелілік, бірізділік, беріктік, түсініктілік, ғылымилық теория мен тәжірибе бірлігі сияқты принциптер кең қолданылады. Принциптердің талаптары оқытушының түрлі ережелерді қолдануы арқылы орындалады. Принциптер педагогикалық процесті реттеп отырады. Олардың талаптары ережелер арқылы жүзеге асады.
Оқытудың ғылымилығы. Ғылыми таным дегеніміз - құбылыстық мәніне өту, сырттай суреттеумен шектелмей, оның ішкі құрылымын тану. Мысалы, ағаштың сыртқы түрінен оның ішкі құрылымын, көбеюін, зат алмасуын білу. Ғылымилық принципі студенттерге ғылымда ашылған білімдерді меңгертуді талап етеді, сондықтан оқу жоспарлары мен бағдарламаларына ғылыми білімдер енгізіледі. Оларды меңгерту үшін пәнаралық байланыстарды қолдану керек.
Шарттары:
• педагогиканың, психологияның, озық тәжірибенің жетістіктерін қолданып оқыту. Педагогикалық еңбекті ғылыми түрде ұйымдастыруға берілген нұсқауларды орындау.
• индуктивтік және дедуктивтік тәсілдерді қолдану.
• жаңа ұғымдарды жүйелі түрде қайталау.
• ғылыми таным әдістерін қолдану. Студенттерді іздендіру, шығармашылық жұмыспен айналыстыру.
• жаңа ұғымдарды бір рет түсіндірумен шектелмеу.
• студенттерді көрнекті ғалымдардың өмірі және қызметімен таныстыру.
• жаңа ғылыми терминологияны қолдану.
• студенттерді ғылым жетістіктерімен таныстырып отыру.
• студенттердің зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру.
• тәжірибе жұмыстарын жүргізуге жағдай жасау.
• студенттің оқуында жаңалық ашуына, оған қуануына мүмкіндік беру.
• жалған сөйлемеу.





Оқытудың бірізділігі және жүйелілігі. Бұл принциптің ғылыми ережесі: студенттің білімі берік болуы үшін оның санасында қоршаған дүние жақсы бейнеленуі керек. Ол үшін ғылыми білімдер жүйелі және студенттердің танымдық мүмкіндіктеріне қарай беріледі. Жеке бөліктерден тұратын оқыту процесі студенттердің білімді меңгеруіне көмектеседі. Дағдыларды қалыптастыру үшін жаттығулар, ақыл-ой тәрбиесін беру үшін қисынды ойлау тәсілдерін талап ететін жұмыстар жүргізіледі. Әйтпесе дағды жойылады, студент дұрыс ойлай алмайды, дамуы нашарлайды.
Шарттары:
• студентке білімді меңгерту үшін сызбаларды қолдану. Оқу материалдарын бөліктерге бөліп, оларды рет-ретімен түсіндіру.
• оқыту мазмұнындағы, тәсілдеріндегі жүйені бұзбау.
• пәнаралық байланысты тұрақты түрде қолдану.
• студенттермен бірге тірек-конспектілерін, сызбасын жасап, білімді есте сақтауын жеңілдету.
• бұрынғы оқығандарды жиі қайталаттыру.
• өткен материалдарды сабақтың басында, бекіту кезінде, жеке сұрақтарды түсіндіргеннен кейін қайталаттыру.
• материалға ой-пікірлерді жасанды түрде енгізбеу.
• студенттердің өз ойларын қалай айтатынын қадағалау.
• студентті өздігінен жұмыс істеуге үйрету, көмектесу.
• студенттердің біетіндерін айтқыза бермей, тек сабаққа қатыстыларын айтқызу. Әркімге белгілі әңгімелерді айта бермеу.
• жүйелі білім, қисынды, сезімді талап ету.
• бар күш - жігеріңізбен, шабытпен оқытып, өмірден әдебиеттен айшықты мысалдар келтіру.
• пәнді, бөлімді оқып болғаннан кейін міндетті түрде қорытынды-жүйелеу сабақтарын өткізу.
• студенттердің қателерін әдеппен түзету.
• студентті өз қатесін талдауға үйрету.
• студенттердің даму заңдылықтарын, ақыл-ой белсенділігін көтеру жолдарын білу.
• студенттердің жасы мен қабылдауын ескеріп, тапсырмалар беру.
• жүйелі білім есте жақсы сақталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет