В.В.Воронов – педагогикалық технология – тиімді оқыту жүйесін құрумен айналысатын жаңа бағыт.
В.М.Шепель – педагогикалық технология - өнер, шеберлік, ептілік, іскерлік, әдістерінің жиынтығы.
М.Чошанов – педагогикалық технология – дидактикалық жүйенің құрамды бөлігі.
М.В.Кларин – педагогикалық технология – педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы жүйелі жиынтық және жұмыс істеу реті.
Қазіргі таңда белгілі білім беру технологияларын атап кетер болсақ: В.В.Давыдов, Л.В.Занков, Д.Б.Элькониннің дамыта оқыту технологиясы, И.Я.Лернер, А.М.Матюшкин, М.И.Махмұтовтың проблемалық оқыту технологиясы, А.С.Границкаяның оқудың бейімделу жүйесінің технологиясы, Б.Блум, Дж.Кэролдың толық меңгеру технологиясы.
Оқыту процесі – оқытушы мен студенттің мақсатқа бағытталған өзара әркетесуінің барысында шәкірттерге білім беру міндеттерін шешу. Оқыту процесі –тұтас педагогикалық процестің бір бөлігі.
Оқыту – мақсатты процесс.Оқытудың басты мақсаты, әдіс тәсілдері мазмұны мен міндеттері қоғам талабынан туындап, ұдайы өсіп, жаңарады.
Оқыту – таным процесі.Танымның ерекшелігі студентте білімге деген қызығушылығы ұдайы өсіп арта түседі.
Оқытудың міндеті – студентті айнала ортамен және дамуының негізгі заңдылықтарымен қаруландыру.Студент дүниетануда бұрын ғылымда белгілі болған, зерттеліп дәлелденген жаңалықтарды, заңдылықтар мен тұжырымдарды әрі қарй дамыта түседі.
Оқыту – даму негізі. Педагогикалық өзіне тән негізгі екі белгіні: организмнің өзіндік дамуына жүйелі түрдегі көмек және жеке бастың жан-жақты жетілуін түйістіреді.
Студенттің өзіндік дамуына әсер ететін негізгі факторлардың бірі өзара қарым-қатынас жасау іс-әрекеті.Сөйтіп, оқыту процесі оқытушының студентпен үнемі рухани қарым-қатынаста, ынтымақтастық жағдайда болуын қажет етеді.Оқыту процесінде студент тек оқытушының әсерін қабылдаушы ғана емес, оның оқу іс-қимылы мен өзінің психикалық процестерін басқару,ұйымдастыра білуі ( іс-әрекетін білуі, бағалауы, өзін-өзі басқаруы) оқытудағы субъекті екенін айқындайды.
Оқыту екі жақты процесс.Оқыту студент пен оқытушының өзара бірлесіп жасайтын әрекетінен тұратын күрделі процесс.Өйткені, оқыту – оқытушының білім берудегі негізгі іс-әрекеті болса, оқу – студенттің өзінің танымдық, практикалық іс-әрекеті.Сөйтіп, студентің таным әрекеті оқытушының басшылығы арқасында жүзеге асады.
Оқыту жоспарлы процесс. Оқытушы студенттердің жалпы рухани дамуын жүйелі қамтамасыз етуі үшін оқыту процесін жоспарланған, ұйымдастырылған түрде жүзеге асырады. Студент білімді қысқартылған, педагогикалық тұрғыдан өзгертілген жолмен оқытушының және арнайы жазылған оқу құралдарының көмегіне сүйене отыра меңгереді.
Оқыту – бұл күрделі процесс. Ол тұлғаға білім беру, тәрбиелеу және ақыл-ойы мен шығармашылық қабілетін, демек біліктілігі мен дағдысын дамыту негізінде жүзеге асырылады.Мұның мәнісі, жеке тұлғаға біртұтас (комплексті) ықпал жасауды көздейді.Осы негізде, оқыту процесінің бірінші қызметі – студенттерге білім беру.
Білім беру, біріншіден, ғылым негіздеріне сай студенттерді нақты фактілермен, қағида және түсініктермен, заңдылықтармен қаруландыруды қамтамасыз етсе, екіншіден солардың негізінде, айналасындағы әр-түрлі құбылыстарға олардың ғылыми көзқарасын қалыптастыру.