11. Қарқынды дамыту технологиялары Жоғары мектеп педагогикасының күрделі де маңызды бір мәселесі – студентті келешек мамандығына жақындату, іскер маман даярлау, оның өзіндік және шығармашылық қабілетін дамыту, қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру. Ондай жан-жақты жетілген маман даярлау үшін оқыту, білім беру үрдісін белсендіру, оқытудың жаңа формалары мен әдіс-тәсілдерін енгізу керек. Сонымен бірге, оқу үрдісін қарқындату, белсендіру, компьютерлендіру де көзделеді.
Осылардың ішіндегі қарқынды оқыту технологиясы жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға, оның өзіндік және шығармашылық қабілетін арттыруға, қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптас тыруға бағытталған. Сондай-ақ бұл оқыту технологиясы алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін, нәтижелілігін қамтамасыз етуді көздейді. Яғни, қарқынды оқыту технологиясы – берілген уақыт мөлшерінде үлкен табыстарға қол жеткізе отырып, студенттердің шығармашылық қабілетін жетілдіруге, кәсіби шеберлігін шыңдауға негіізделген оқыту технологиясының бірі.
Қарқынды оқыту технологиясы өзіне ғана тән оқыту жүйесіне негізделіп, оқу материалдарын ұйымдастырудың жаңа ұстанымын құрайды және белгілі бір психологиялық, педагогикалық және әдістемелік ұстанымдарға негізделген дидактикалық жүйе.
Қарқынды оқыту технологиясы төмендегідей 4 түрлі ерекшеліктерді ескеруді талап етеді:
1) меңгерілетін материалдардың көлемі;
2) қолданылатын әдіс-тәсілдердің;
3) үйретілетін тілдік қатынастың үнемі жүргізілу ұстанымы;
4) жеке тұлғаның психологиялық жай-күйі.
Осы жерде қарқынды оқыту технологиясының өзге оқыту технологияларынан айырмашылығын көрсететін негізгі белгілерін де атап өткен жөн. Бірінші белгісі – студенттер мүмкіндіктері мен мамандықтарының ескеру белгісі. Осыған сәйкес, оқытудың негізгі ұйымдастыру түрлері де, өткізу тәсілдері де өзгереді.
Екінші белгісі оның мерзімімен байланысты. Бұл жерде қарқынды оқыту технологиясын қысқа мерзімді жеделдетіп оқытумен шатастырмау керек. Өйткені, қысқа мерзімді жеделдетіп оқытуда, көбіне сандық көрсеткішпен бірге сапа, мазмұн сияқты көрсеткіштер қатар жүреді. Яғни, бұл жерде негізгі көтерілетін мақсат – берілген уақыт көлемінде игеруге тиісті материалды сапалы меңгерумен ғана шектелмей, пәндік білімін тереңдету, белсендендіру, жан-жақты білім беру.
Қарқынды оқыту технологиясының негізін ашу үшін «оқуды белсендендіру» ұғымын енгізуге тура келеді. Педагогиканың маңызды мәселелерінің бірі: студенттердің оқу іс-әрекетін белсендендіру және оқу үрдісін белсендендіретін әдістерді қолдану болса, «оқуды белсендіру» ұғымы осы мәселелрді шешудің негізі болып табылады. Бұл ұғым қарқынды оқыту технологиясын, біріншіден, белгілі бір бағыт ретінде көрсетсе, екіншіден, ол оқу-тәрбие үрдісін жетілдірудің көзі болып табылады.
Белсендіру әдісінің ерекшелігі, ең алдымен, жұмысты бірігіп атқаратын оқу, тобын уақытша ұжым ретінде құру арқылы студенттердің резервті мүмкіндіктерін ояту.
Оқу іс-әрекетінің негізгі түрлері – тыңдау, айту немесе оқу емес, керісінше, оқытушы мен студенттің, студент пен студенттің өзара белсенділігін қалыптастыру қолайлы. Ұжымдық жұмыс құрамы: өзгермелі жұптық жұмыс, жұптық жұмыс, үштік жұмыс түрінде болуы мүмкін.
Қарқынды оқыту технологиясы студент әрекетін белсендіру оқыту нәтижелігі, оқу материалын, оқыту әдістері мен тәсілдерін жетілдіру сияқты негізгі педагогикалық мәселелерді іске аырады.
Қарқынды оқыту дегеніміз ұжымдық іс-әрекет жүйесі арқылы жеке тұлға белсенділігін арттыруға негізделген, берілген материалды жылдам әрі сапалы меңгертуге бағытталған, ерекше үлгіде ұйымдастырылған.