7. Кредиттік технологияның негізгі ерекшелігі – студенттің жекелей оқу жоспарын құруында болып табылады. Студенттің жекелей оқу жоспары дегеніміз эдвайзердің көмегімен әр оқу жылына берілген форма бойынша әрбір жеке студенттің білім траекториясын айқындауы.
Тьютор дегеніміз – оқу пәндерін жүргізетін және нақты пәнді меңгеру бойынша студенттің акдемиялық кеңесшісі рөлінде танылатын кафедра оқытушысы.Тьюторлар қызметі мамандандырылған кафедрада құрылады.
Қазіргі кезеңдегі жаңа оқыту әдістерінің бірі – интерактивті оқыту, студенттің оқу- танымдық қызмет тәсілдерін белсенді игеруін, жеке тұлғаның қабілетін дамытуды және олардың танымдық мүмкіндіктерін ашып, оны жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
8. Қазіргі кезеңде «RWCT» жобасы (Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту) жоғарғы оқу орнында қолданыла бастады.Оны педагогикалық процесте пайдаланудың жағымды ықпалы орасан.
Сын тұрғысынан ойлау деген не? Дэвид Клустер бойынша сын тұрғысынан ойлау әдісінің мәні: өздігінен оқу, мәтінді саналы игеру, білім-білікті терең түсініп дәлелдеу, терия мен тәжірбиенің бірлігі, жеке, дар, жұптық және топтық жұмыс жасауды іске асыру.
«RWCT» жобасымен жұмыс жасау үшін продуктивті оқу ситуациясын жасап, танымдық қызмет пен қарым-қатынасты жүзеге асыру көзделеді.Өзара әрекеттесттік субъект-субъект деңгейінде жүргізіледі, ал оқу материалын топтастыруда шығармашылық міндеттерді пайдалану арқылы өзара қызмет формасын ( студент-студент, студент кішігірім топ, студент оқытушы) таңдауға болады.Оқу процесінің негізіне ұжымдық қызметтегі студенттің жеке қызметі алынады.Студент дәстүрлі оқытудағы сияқты түсінігін айтып қана қоймайды, ол жаңа түсінік пен мақсатты ашуға мүмкіндік алып, өзінің танымдық іс-әрекетін белсендіреді.
9. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы (Ж.А.Қараев). Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы В.П.Беспалько ұсынған педагогикалық технология ұғымына, оған негіз болатын концептуалдық көзқарасқа сәйкес және Б.Блумның «толық меңгерту» технологиясының басты идеяларына сүйеніп жасалынған.
Бұл технология да басқа технологиялар тәрізді оқу процесінің құрылымына, дидактикалық құралдарға қойылатын жалпы технологиялық талаптардың орындалуын қажет етеді.
Дегенмен, аталмыш технологияның басқа технологиялардан, әсіресе, атаулары ұқ сас «Әр деңгейде оқыту» технологиясынан көптеген айырмашылықтары бар:
1. Оқушылар алдын-ала жүргізілетін диагностика негізінде шағын топтарға бөлінбейді. Оның себебі:
а) ізгілендіру принципіне сәйкес әр оқушының танымдық қызмет субъектісі, жеке тұлға деп қарай отыра және олардың өзінің «жақын даму аймағында» жұмыс істеуән қамтамасыз ете отырып, оқушыларды алдын-ала қабілет деңгейлеріне қарай топқа бөлу қажет емес деп саналады. Оның үстіне деңгейлік тапсырмалар орындау үстінде оқушылардың өздері-ақ сараланады, бірақ тәжірибе көрсеткендей белгілі бір мерзімнен кейін, технологиялардың басты компонеттері – оң мотивация қалыптастыру және табысқа жетелейтін бағалау тәсілін пайдалану негізінде оқушылар төменгі деңгейден жоғары дөңгейге ауыса алады. Алғыр топтың оқушылары сабақ үстінде жетекшілік роль атқарып, мұғалімнің көмекшілеріне айналады.
ә) тәжірибе сондай-ақ оқушыларды алдын-ала әлсіз, орташа, жоғарғы топтарға бөлудің зиянды жақтары да бар екенін көрсетіп отыр. Өйткені, бұл оқу мақсатының диагностикалық түрде анықталып, бір-бірімен өзара тығыз байланыстағы иерархиялық жүйе құрайтын болмысына қайшы. Базалық білім қалыптастыратын (ұғым, ереже, айғақ, заңдылықтар), репродуктивті таным қызметін қажет ететін, күрделілігі төмен тапсырмаларды орындамай, бірден күрделілігі орташа немесе жоғары тапсырмаларды орындау оқушылардың тіректік, базалық білім алуына нұсқан келтіретіні дәлелденген айғақ.
в) оқушылары аз ауыл мектебі, әсіресе, шағын комплектілі мектептер жағдайында саралап оқыту, тіпті тереңдетіліп оқылатын пәндері бар сыныптар құру мүмкін емес. Бұл жағдайда деңгейлік саралап оқыту технологиясын пайдалану тиімді.