Ары мектеп педагогикасы


тарау. Жоғары оқу орындарындағы педагогикалық менеджмент



бет71/123
Дата19.07.2024
өлшемі1,31 Mb.
#203614
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   123
Байланысты:
Жоғары мектеп педагогикасы

5 тарау. Жоғары оқу орындарындағы педагогикалық менеджмент.


5.1. Педагогикалық менеджмент туралы түсінік.

«Менеджмент» ағылшын сөзі, латынның «манус» - қол деген сөзінен шыққан, яғни, басқару көзқарасы, әдісі, құралы мен түрінің жиынтығы.


Профессор Л.И.Евенконвң сөзінше «менеджмент» - бұл еңбекті, басқа адамдар мінез-құлық себептерін пайдалана отырып, қойылған мақсатқа жету іскерлігі.
Менеджмент – орысша «басқару, меңгеру, ұйымдастыру» міндеттері, әр түрлі мекемелеріндегі адамдарды бассқару жөніндегі жұмыс түрі. Менеджмент бұл сондай-ақ адам баласының білім саласы, өз міндетін жүзеге асыруға көмекші. Соңында менеджмент менеджер (басқару) сөзі жинағы ретінде, бұл адамадрдың белгілі дәрежесі, әлеуметтік топ, олар басқару бойынша жұмысты жүзеге асырушылар.
Питер Ф.Друкер өзінің зерттеулерінде былай деп жазады «менеджмент» қимыл және қолдану ісімен байланысты: оның бақылауы нәтижеге жету болады. Бұл оны әдістер жинағына ұқсас жасайды. Бірақ менеджмент сондай-ақ адамдармен де, олардың құндылығымен де өсуімен де, дамуымен де ісі бар және бұл оны қоғамдық ғылымға ұқсатады. Сонымен менеджмент өзіне дәстүрлі деп есептейтіні «еркін мамандық», «еркін» болу себебі, білім негізінде өзін-өзі тану данышпандық және басшылықпен байланысты.
«Мамандық» ол сол бір уақытта тәжірибе және қолданбалы ғылым болады.
Қайта құру кезеңінде жұмыс істейтін отандық ғалымдардың зерттеулерінде орынды мәселелер аз емес. Мысалы, біздің көзқарасымызша Ф.Друкердің пікірін басшылар жұмыстың шығармашылық бақытымен толықтыруға болады.
Бұл жөнінде Т.И.Шамованың ойы назар аударарлық. «Басқару жұмысы шын мәнінде зерттеу жұмысы, егер зерттеуші оны тәжірибеде осындай түсінік деп болса, онда ішкі үлкен қорды ашуға болады, оларды босату мектеп жұмысының түпкі нәтижесін жедел көтереді». Осы жолдар социалистік дәуірде жазылғанына қарамастан, бұл дерек біздерге ақиқат, ол адамдармен жұмыс істеуге басшылар жұмысынан зерттеудің кейбір сапаларын талап етеді, олар басқарушылық мәселелерінен жағдайларды оған тереңірек ұғынуға көмектеседі.
«Әлеуметтік басқару» ұғымын туындыгер былайша сипаттайды: «әлеуметтік басқару, экономикалық (шаруашылық) басқаруды, әлеуметтік-скаяси басқаруды және қоғамның рухани өмірін қосады. Әрине, соңғыға білім беруді басқару да жатады, оның басты міндеті коммунистік тәрбиені және жас ұрпаққа білім беруді қамтамасыз ету. Әлеуметтік басқару партиялық, топтық сипатта болады». «Ғылыми басқару» басқару тәжірибесінің сапасын сипаттайтын кең ұғым, бұл ақиқат өмір сүріп отырған заңдардың талабын іске асыруды қамтамасыз етеді. Білім беру жүйесін ғылыми басқару: социалистік қоғамның табиғи, құрамды бөлігі болғандықтан, басқарушы адам, оның бар бөлігін, жүйелі, жоспарлы, саналы және мақсатқа сай ықпал жасайды.
Білім Министрлігінен мектепте, мектеп және мектепке дейінгі мекмелерде жас өспірімдерді коммунистік тәрбиемен қамтамасыз ету мақсатында, олардың әр жақты таным негізінде үйлесімді дамуына және социализмге тән жалпы заңдылық ретінде, тек оқу-тәрбие жұмысының барысындағы бұлардың дене және психикалық дамуының ақиқат заңдылығын пайдалану.
«Басқарудың ғылыми негізі (оның ішінде білім беруді басқару) – бұл басқару тәжірибесінің ілімдік негізін құрайтын ғылыми білім жүйесі. Қоғамды ғылыми негізде басқаруда орталық бөлімі мен негізі марксизм-ленинизм есептеледі» деп жазды.
О.В.Амуржуевтың басшылығымен шыққан «Словарь делового человека» деген еңбекте берілген менеджмент туралы тұжырым шетелдік тұжырымға жақын келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет