Ары мектеп педагогикасы



бет52/123
Дата19.07.2024
өлшемі1,31 Mb.
#203614
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   123
Байланысты:
Жоғары мектеп педагогикасы

Кредиттік оқыту жүйесі – бірізді емес оқыту жүйесіне жатады. Бірізді емес оқыту жүйесіне- оқу процесін жекелей жоспарлау арқылы жүйелі түрде ұйымдастыру тәсілі жатады.
Кредиттік оқыту жүйесіне өтуге оқыту түрі бірізді оқыту жүйесі деп аталады.
Бірізді оқыту жүйесі – оқытудың логикасына сәйкес білім алушы кәсіптік білім бағдарламасындағы пәндерді жүйелі түрде берілген сағаттық көлем негізінде белгілі уақытта оқытуды айтады.
Кредиттік оқыту жүйесінің мақсаты:
Кредиттік жүйе - қандай көлемде және қай салада жоғары білім алғанынкөрсететін жүйе. Міндетті кредит саны, бөлінетін міндетті курстар бар екендігіне сөз жоқ, бұл ең біріншіден, мамандық саласындағы пәндер. Қай бір курстар мемлекеттік стандарт бойынша және кредиттің қандай да бір белгілі саны университеттің немесе институттың өзінің қарастыруына берілген.сонымен, кредиттік оқыту жүйесінің мақсаты:

  1. ұлттық білім бағдарламасының халықаралық дәрежеде танылуын қамтамасыз ету;

  2. білім сапасын әлемдік дәрежеге көтеру;

  3. студенттің өз іс-әрекетін ұйымдастыра лау және білімін жетілдіру қабілетін дамыту.

Бірізді емес оқу жүйесінің бірізді жүйеден негізгі айырмашылықтары:

  • студенттре оқу жоспарында қамтылған пәндерді еркін таңдай алады;

  • студент жеке оқу жоспарын жасауға тікелей қатыса алады;

  • бірізді емес оқу жүйесінде білім алушы кейбір қосымша кредитті өздерінің қалаған уақыттарында алуға құқығы бар. Білім алушы өзі қалаған ғалымдардан дәріс алады;

  • кредиттік технология бойынша оқытуда әр оқытушының оқу жүктемесін есептеу өткізілген материалдар көлеміне, яғни кредитке байланысты болады.

Кредиттік технологияның негізгі ерекшелігі- студенттің жекелей оқу жоспарын құруында болып табылады. Студенттің жекелей оқу жоспары дегеніміз эдвайзердің көмегімен әр оқу жылына берілген форма бойынша әрбір жеке оқушының білім траекториясын айқындауы. Студенттің жекелей оқу жоспары факультет деканының қолымен бекітіледі, біреуі оқу жоспарын орындауы туралы деканатта сақталады, ал, екіншісі студенттің қолында болады.
Кредиттік оқу жүйесі бойынша жоғары оқу орындарында қызмет атқаратын оқытушы-профессордың атқаратын қызметтері- ассистент,доцент,профессор деп аталады.
Жоғары және жоғары кәсіптік білім беру білімдік кәсіптік бағдарламаның негізгі мазмұны - Мемлекеттік білім стандарты және оқу жоспарлары негізінде іске асады.
Оқу жоспары үш түрлі формада қамтылады:

  • типтік оқу жоспары;

  • жұмыс оқу жоспары;

  • жекелей оқу жоспары-әрбір жеке студентің білім траекториясын анықтайды.

Типтік оқу жоспарын Қазақстан республикасы Білім және Ғылым министрлігіне қарасты оқу-әдістемелік бірлестіктер жасайды.
Жұмыс оқу жоспары - Қазақстан Республикасы Білім стандартты және типтік оқу жоспары негізінде жасалады.
Кредиттік оқу жоспары білім бағдарламасының мазмұнын меңгеруге байланысты пәндердің үш тобын қамтиды:

  • А тобына – міндетті және жүйелі түрде енетін пәндер жатады;

  • В тобына - міндетті түрде оқылатын пәндер кіреді, бірақ жүйелілік сақталмайды;

  • С тобына- кез-келген академиялық кезең барысында студенттің қалауы бойынша өтілетін пәндер кіреді.

Жұмыс оқу жоспарына:

  • жалпы білм беретін циклға кредиттің 25 пайызы беріледі.

Жұмыс оқу жоспарына енетін міндеттінегізгі пәндер: Қазақстан тарихы, философия, қазақ (орыс) тілі,шет тілі, математика (мәдениет және гуманитарлық мамандықтардан басқа), информатика, өмірқауіпсіздігі негіздері, экология, дене тәрбиесі. Дене тәрбиесі пәні оқытудың қосымша түрі негізінде іске асады, оған типтік оқу жоспарында кредит берілмейді.
Жалпы білім беретін цикл бойынша таңдау пәндерге әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану, құқық негіздері, экономикалық теорияның негіздері, психология, педагогика пәндері жатады.
Базалық пәндерге жалпы кредиттің 50 пайызы, яғни, 64 кредит беріледі. Оның 50 пайызы студенттің таңдауы бойынша өтілетін пәндерге беріледі.
Кәсіптік пәндерге – жалпы кредиттің 25 пайызы беріледі. Оның 30 пайызы студенттің таңдауы бойынша өтілетін пәндерге беріледі.
Міндетті өтілетін пәндер типтік оқу жоспарында берілген пәндер негізінде жүргізеледі, ал, таңдау пәндерін институт ғылым кеңесі шеше алады. Кредиттік оқыту жүйесі бойынша кредиттер арнайы және кәсіби пәндерге толығымен беріледі.
Кредиттік оқыту жүйесінің негізі – студенттің өз бетімен дамуына мүмкіндік туғызу. Студенттің іс-әрекетін ұйымдастыра алуы және білімін жетілдіруге қабілетін дамыту мақсатын іске асыру үшін оқытушы мен студент арасында типтік цикл іске асады. Ол :

  • оқытушының студентпен жұмысы;

  • студенттің оқытушы басшылығымен атқаратын өз бетінше жұмысы;

  • студенттің өз бетінше жұмысы.

Оқытушының студентпен жұмысының негізгі атқаратын функциялары:

  • тұрақты (тақырып, тақырыпқа кіріспе, мақсат пен міндет, практикалық маңыздылығы, материалдың негізгі бөлімдерімен өзара байланысы, оқу-әдістемелік құралдармен жұмыс істеуге ұсыныстар қамтылады);

  • бақылау (жекелей кеңес беру арқылы студенттің өз бетінше жұмыс істеудегі оқу іс-әрекетін іске асыруды қамтамасыз ету);

  • бағалау (студенттің білімі мен біліктілігін бағалау, сабақ процесінде кездескен қиындықтан шығу жолдары, ақыл-кеңес беру).

Оқытушының студентпен жұмысы студенттің өз бетінше жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызатын бірден-бір жол.
Студенттің оқытушы басшылығымен жүргізілетін өз бетімен жұмысы (СОӨЖ):

  • материалды қосымша оқуға бағытталған;

  • СОӨЖ оқу кестесіне және студенттің апталық жүктемесіне енеді;

СОӨЖ студенттермен кеңес беру, интерактивті формадағы сабақтар өткізу, үй тапсырмасын, бақылау жұмыстарын тексеру, қосымша кеңес алу, рейтинг көрсеткіші төмен және берілген тапсырманы орындауға қиналатын студенттер үшін ақыл-кеңес беру, курстық, бақылау жұмыстарын орындау кіреді.

  • СОӨЖ оқытушының оқу жүктемесіне енеді.

Жұмыс оқу жоспарында қамтылған пәндердің 70 пайызы студенттің өз бетінше жұмысына беріледі, оның 50 пайызы СОӨЖ-ге берілсе, ал, 20 пайызы студенттердің өз бетінше жұмысына беріледі.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік жоғары базалық білім стандартында (бакалавриат) кредиттік оқыту жүйесі бойынша студенттің оқытушы басшылығымен жүргізілетін өз бетінше жұмысы – аудиторияда және аудиториядан тыс жүргізілетін оқытудың түрі деп атап көрсетілген. Сабақтың түріне және мазмұнына байланысты бакалвр кітапханада, үй жағдайында, мекемелерде, т.б. білім беру мекемелерінде білім алады.
Жеке оқу жоспары – жұмыс жоспары негізінде студенттің бір жылға жасайтын жеке оқу жоспары. Жеке оқу жоспары оқу пәндері, кредит саны және студент қалаған профессор, доцент, ассистенттердің аты-жөні жазылады.
Студенттің аудиториялық және оқытушының басшылығымен жүргізілетін өз бетінше жұмысы дәріс беретін доцент пен профессорларды таңдауы бойынша жүргізіледі. Жылдың басында әр ғалым туралы түйін дайындалады, сол түйін негізінде 1 курс студенті эдвайзердің көмегімен ассистент, доцент, профессорларды таңдайды, оқытушылардың аты-жөні студенттің жеке жұмыс жоспарына жазылады. Ал, 2 курстан бастап студент өзіне сабақ беретін ғалымдарды еркін таңдай алады.
Кредиттік оқыту жүйесі бойынша академиялық кеңесшілер-эдвайзерлер қызметі енгізілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет