Ары мектеп педагогикасы


Дәрісте студенттердің жетістіктерін басқару ережелері



бет48/123
Дата19.07.2024
өлшемі1,31 Mb.
#203614
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   123
Байланысты:
Жоғары мектеп педагогикасы

Дәрісте студенттердің жетістіктерін басқару ережелері
1. Егер де дәрістен кейін студенттердің сұрағы жоқ болса, онда олардың сабаққа деген қызығушылығының болмағандығы.
2. Себепсіз мадақтау, қажетсіз комплимент, селқос баға жетістік сезімін жояды. Студенттің жетістікке жеткендігін байқап қолдау қажет.
3. Студент алдында білімді оқытушы беделді болып саналады. Соны байқаған студент – сіздің білім беруге құқығыңыз бар екендігін білдіреді де, сізден қажетті білім алатынына сенеді.
4. Сенім – маңызды тәрбие әдісі: оны тиімді пайдалану керек.
5. Студент сізден дәрісті ерекше оқу әдісін күтеді.
6. Дәрісте әр түрлі, тиімді құрастырылған әдістерді пайдаланған жөн болады.
7. Дәріс беруге психологиялық ахуалдың әсері зор. Студенттер өз өздерінен еркін, бірқалыпты сезініп отыру керек.
8. Студенттер қарым-қатынас мәдениетінің жоғарғы деңгейін оқытушының дәріс беруінен байқайды: жалпы амандасуынан бастап жеке сұхбаттасуына дейін.
9. Оқытушы студенттердің жас жіне дара ерекшеліктерін есепке алып отыруға тиіс.
10. Студенттердің топтары тиісті және жеке жағдайлары туралы оқытушының көп ақапаратты болғаны – жетістікке барудың бір жолы сияқты.
11. Дәрістің басталуы – ең маңызды кезеңнің бірі. Егер де сіз сабағыңызды студенттің қызығушылығын оятудан бастасаңыз – сабақтың әрі қарай дамуы осыған байланысты болады.
12. 80 % оқытушының іс-әрекетте жетістікке жетуі студенттерге өз бетінше дайындалудың тапсырмаларын ұйымдастыруда.
13. СӨЖ – қызықтығын шығармашылықпен орындалатындай болу керек.
14. Баға және бағалау әдістерін қалай ұйымдастырасыз? Міне, осыған да сіхдің жетістікке жетуіңіз байланысты.
15. Студенттерді ұжымдық іс-әрекетке енуін үйретіңіз. Бұл нәтиже беретін шарт.
16. Егер де сіздің тәжірибеңіз аз болса өз бетіңізше талпынғаныңыз да көмектеспесе – уайымдамаңыз, институтта білім жетілдіру бөлімі бар, соған өтініш айтыңыз және кафедрада аға оқытушы әріптестеріңізден де кеңес сұрауыңызға болады.
Семинар сабақтар өз атауын «көшет өсіретін ыдыс» деген мағына білдіретін латынның «seminaries» деген сөзінен алынған. Олар ежелгі Грек, Рим мектептерінде пікірталастардың сабақтастығы, студенттердің хабарламасы, түсіндірмесі, оқытушының қорытындысы ретінде өткізіледі.
Қазіргі жоғары мектептерде семинар – гуманитарлық және жаратылыстану пәндері бойынша практикалық сабақтардың негізгі түрлерінің бірі. Семинар белгілібір пәнді тереңдетіп оқуға арналған. Семинар сабақтардың мамандар даярлаудағы мүмкііндіктері зор, сондықтан кафедралар оны әр алуан және күрделі талаптарды табысты шешуге мүмкіндік жасайтын, оқу-тәрбие жұмыстарының негізгі формасы ретінде көрінеді. Семинар студенттердің шығармашылық дербестігін дамытады, ғылымға және ғылыми жұмыстарға қызығушылығын күшейтеді, ғылыми ақпарттарды иемденеді,материалды ауызша және жазбаша баяндау өнерін, дамушы ғылыми қағидалар мен қорытындыларды игереді.
Жоғары мектептерде 3 түрлі семинар сабақтары белгіленген: алдын-ала өтетін, арнайы және жеке семинарлар.
Семинар сапасын бағалауда, оларға дайындықты жоспарлауда төмендегі критерийлер пайда болады: мақсаттылық – мәселелер қою, теориялық материалдарды, оларды болашақ кәсіби қызметіне пайдалана отырып, практикалық материалдармен байланыстыруға ұмтылыс; жоспарлау – негізгі пәндерге қатысты басты мәселелерді бөліп қарау, әдебиеттер тізімінде жаңалықтың болуы; семинарды ұйымдастыру – пікірталас туғызу және қолдай білу, студенттердің барлық жауабы мен шығып сөйлеген сөздерін сындарлы талдау, оқу уақтыны мәселелерді талқылаумен толықтыру, студенттің өзінің әрекеттері; семинарды өткізу стилі – пікірталастан туындаған, өткір мәселелерді талқылап, қызу өткізетін немесе ойға қозғау салмай, сылбыр өтетін; оқушының студентке қарым-қатынасы – сыйластық ретіне қарай талап қоя білу немесе кең пейілділік; студенттердің оқытушыға қарым-қатынасы – сыйластық немесе немқұрайлы, сынаушылық; топты басқару – оқытушы семинарға қатысушылармен тез байланыс орнатады, топта өзін сенімді, еркін ұстайды, барлық студенттермен әділ, байсалды әрекет жасайды немесе керісінше, көптеген ескертулер жасайды, дауысын көтереді, басқаларын елеусіз қалдырып, аз ғана студенттің жұмысына сүйенеді; оқытушының қорытындысы – білікті, сенімді немесе студенттердің білімін байыптайтын, теориялық тұжырым жоқ; студенттер семинарларда жазу жұмыстарын жүргізеді – үнемі жүргізеді, сирек немес тіпті жүргізбейді.
Қазіргі кезеңде республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңында жаңа ақпарат хабарларды жастар өздігінен дұрыс қабылдау және бағалай білуді, кез-келген теориялық және нақтыы жағдайды өз бетінше талдай білуді, нарықтық қатынастар жағдайды өз бетінше талдай білуді, нарықтық қатынастар жағдайындағы өмірдің түрлі салаларында өз бетінше еңбек етуге даярлықты іске асыруда алға міндет етіп қойған.
Маман өзінің кәсіби білімі мен шеберлігін өмір бойы толықтырып отырады. Ал, студенттік кезеңде кәсіби білімнің теориялық негізі қаланады. Студент өз бетімен білімін толықтырудың әдістемесін меңгеруге, кәсіби мақсаттарды шешудің жаңа әдіс-тәсілдерін табудың жолын үйренуге тиіс. Бұлар студенттердің өз бетімен орындайтын өзіндік жұмыстар арқылы қалыптасады.
Өзіндік жұмыс – тек жекелеген пәндерді меңгеруге ғана емес, сонымен бірге, оқу, ғылыми, кәсіби іскерлік, өзіндегі жауапкершілікті сезіне білу, дербес жұмыс істеуге үйрену. Сондықтан да, өзіндік жұмыс білікті маман даярлаудың негізгі бір тиімді жолы болып табылады. Дұрыс ұйымдастырылған өзіндік жұмыс білімді тереңдетуге, толықтыруға дағды мен іскерліікті қалыптастыруға, танымдық әрекетке қызуғуға, танымдық қабілетінің дамуына, адамның дербес жұмыс істеу мәдениетін көтеруге, шығармашылықпен жұмыс істеуге және ғылыми жұмыстармен айналысуға мүмкіндік жасайды.
Өзіндік жұмыспен бекітілмеген білім адамның рухани байлығына айналмайды. Сол себепті де жоғары оқу орындарында оған үлкен мән беріледі. Өзіндік жұмыстың тәрбиелік жағы да басым. Ол адамның жеке басының қасиеттерінің (мақсат қоюшылық, ізденушілік, қызығушылық, т.б.) қалыптасуына әсер етеді. Өзіндік жұмыстың мақсаты мен мәнін, маңызы мен қажеттілігін саналы түрде, бар ынта-ықыласымен түсінген студент оны қызыға орындайды.
Өзіндік жұмыстар студенттің ақыл-ой еңбегінің жоғары сатыда болуын қамтамасыз етіп, біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру нәтижесінде оқу үрдісінде жоғары нәтижелерге жетуге көмектеседі. Өзіндік еңбек студенттің бойында ұйымдасушылық, тәртіптілік, еріктілік, мақсаткерлік, құбылысты талдау белгісі, ізденімпаздық, белсенділік сияқты қасиеттерді дамытады.
Студенттердің өзіндік жұмыстары әрі күрделі, әрі жан-жақты. Ол танымдық іс-әрекетінің барлық жағдайын қамтиды. Мәселен, жүйелі түрде оқылатын дәріс курсын тыңдау және дәріс материалын жетілдіру, дипломдық жұмысты дайындап, оны қорғауға керекті әдебиеттерді іздеу, өз бетімен оқылатын сұрақтарды түсіне білу, проблемаларды қоя білу және оларды шығармашылық түрде шеше білу. Бұл студенттердің әртүрлі жағдайларда аудитория, кітапханада, зертханада, мұрағаттар мен мұражайларда, т.б. орындайтын жеке жұмыстары.
Жоғары оқу орындарындағы оқу-танымдық жұмыстарды педагогикалық шарттары мен ерекшеліктеріне қарай 5 топқа жіктеуге болады:
1. Жаңа теориялық білімді игеруге арналған өзіндік жұмыстар;
2. Жаңа эмпирикалық және практикалық білім алуға арналған өзіндік жұмыстар;
3. Білік пен дағдыны қалыптастыруға арналған өзіндік жұмыстар;
4. Шығармашылық бағыттағы өзіндік жұмыстар;
5. Алған білімдерін бекітуге және жүйелеуге арналған өзіндік жұмыстар.
Кәсіптік түрде бағытталған және педагогикалық тұрғыда ұйымдастырылған өзіндік жұмыстар студенттердің кәсіби даярлығын дамытуға тиімді жағдайлар жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет