Ары мектеп педагогикасы



бет49/123
Дата19.07.2024
өлшемі1,31 Mb.
#203614
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   123
Байланысты:
Жоғары мектеп педагогикасы

Өзіндік жұмыс оқу үрдісімен тығыз байланысты болғандықтан оны екіге бөліп қарастырады:
1. Дәрісханалық өзіндік жұмыс.
2. Дәрісханадан тыс орындалатын өзіндік жұмыс.
Дәрісханада орындалатын өзіндік жұмыстарға дәрістік, тәжірибелік және зертханалық жұмыстар кіреді.Ал, дәрісханадан тыс орындалатын өзіндік жұмыстарға дәріс материалдарын толықтыру, семинар сабақтарын дайындау, реферат жазу, курс, диплом жұмыстарын жазу, т.б. жатады.Өзіндік жұмысты былай білу тиімді. Өйткені, өзіндік жұмыстардың өзі дәрісті тыңдау және оны жазу, мәтінмен жұмыс істеу, тезис, конспект жазу, семинар сабақт арына дайындалу, үйірмелерге қатысу, ғылыми жұмыстармен айналысу сияқты бөліктерден тұрады.
Студенттердің өзіндік жұмыстарының ішінде курстық және дипломдық жұмыстардың орны ерекше. Студент алғаш рет зерттеу жұмыстарына, экспериментке жүгініп, жиналған материалдарды жүйелеу, қорытынды жасауға ұмтылыс жасайды. Ғылыми терминдер қолданып, ғылыми бақылау негізінде ой тұжырымын жасауға үйренеді. Сондай-ақ пән бойынша алған білімін тереңдетіп, оны бекітеді, білімін практикалық дағды, біліктермен байланыстырады.
Курстық және дипломдық жұмыстарды орындау барысында студенттердің танымдық ізденімпаздығы арнайы әдебиеттерді таңдау барысында, ғылыми зертханада, тәжірибе өткізу, есептеулер жүргізу, сызба, кесте, модель құрастыру және оларды дайындауда жалпылау, қорытындылау негізінде дами түседі. Әсіресе, дипломдық жұмысты орындаудың маңызды жағы - ғылыми жаңалыққа ұмтылу міндетінің болуы. Студент үлкен ғылыми жаңалық ашпағанымен, салыстырмалы түрде күрделі емес зерттеулерді жүргізу керек. Дипломдық жұмыста соңғы ғылыми жетістіктер мен әрі қарай дамуы туралы түсінік беріліп, қарапайым түрдегі ізденіс жұмыстары жүргізіледі. Сонымен бірге, алдыңғы қатарлы педагогтардың тәжірибелерінің нәтижелерін жалпылау, жүйелеуге арналған жұмыстар да болады. Мұндай жұмыстарда ғылыми жаңалық енгізуге жоғары талап қойылғанымен, студенттің ғылыми талдау білігі, жалпылау, жүйелеу, т.б. міндеттер қойылады.
Жоғары оқу орындарында студенттердің өздігінен білім алу мәселесін С.Архангельский, П.Пидкасистый, И.Лернер, В.Беспалько, т.б. ғалымдар қарастырды. Ғалымдардың зерттеулерінде студенттердің өзіндік жұмысы келешек маманның шығармашылық ойлауын, ғылымға қызығуын, кәсіби қарым-қатынас қажеттілігін туғызатын оқыту әдісі, таным үрдісі, студенттің өз бетінше жасайтын іс-әрекеті, дербес әрекеттің сипаты және оқу үрдісінің негізі, студенттің өз бетімен білім алуға дайындаудың жолы ретінде сипатталады.Жастардың өз бетінше оқып, білім алуы мен дүниетануын жетілдірудің әдіснамалық негіздері М.А.Данилов, Ю.К.Бабанский, М.Н.Скаткин т.б. ғалымдардың еңбектерінде жалпы педагогикалық аспектіде қарастырылған.
Соңғы 10-15 жылда студенттің өздігінен білім алу мәселесі ғылым объектісіне айналып, проблеманың зерттеу шеңбері ұлғайып барады. Мәселен, Ю.П.Бабанский, П.Я.Гальперин, Р.Р.Лемберг, М.И.Махмутов, П.И.Пидкасистый және басқа ғалымдар өз еңбектерінде оқушылардың өздігінен білім алу мәселесіне зерттеулер жасаған. Аталған зерттеулерде өздігінен білім алу мәселесіне зерттеулер жасаған. Аталған зерттеулерде өздігінен білім алудың мәніне, роліне, құрылымына талдау жасалып, оған қызықтыру жолдарын іздестіру, жетілдіру, шығармашылық іс-әрекетті қалыптастыру тәжірибелері қарастырылған.
Жоғарыда аталған ғалымдардың бір тобы студенттердің өздігінен білім алуын сабақ кезіндегі міндетті түрде орындалатын жұмыстар мен сабақтан тыс қосымша тапсырмалар беру арқылы немесе жеклеген тапсырмалар беру арқылы өз бетінше орындаған жұмысын дифференциялау арқылы жүргізу керек десе, екінші тобы бұл жұмысты студенттердің қабілетіне, біліктілігіне байланысты оқулық бойынша ғылыми және қоғамдық жұмыстар деп бөліп негіздеген.
Демек, дидакт-зерттеушілер де, педагог-практиктер де студенттердің өз бетінше білім алуы өте маңызды процесс екенін анықтауға, оны зерттеп, өзіндік мәнін ашуға, өздігінен білім алуды айқындауға өз үлестерін қосты.
П.И.Пидкасистыйдің айқындауынша «Өздігінен білім алу – студенттің өз бетінше жасайтын іс-қимыл, өз іс-әрекетін ұйымдастырушы».
В.П.Беспалько «өзіндік жұмыс» ұғымын адамның өз бетімен ешкімнің көмегінсіз орындауын айтады.
Г.П.Семеновтың пікірінше, өзіндік жұмыс оқытудың ұйымдастыру формасы да, әдіс-тәсілі де емес, өзіндік жұмыс алдын-ала берілген бағдарлама немесе нұсқау арқылы оқытушының қатысуымен орындалатын әрекет.
Ал, В.Б.Бондаревскийдің пікірінше, өзіндік жұмыс болашақ маманның шығармашылық өзіндік ойлауын, ғылыми қызығушылығын және арнайы білім алуын қамтамасыз ететін жоғары оқу орындарындағы оқыту әдісі деп түсіндіреді.
Өзіндік жұмыс істеу шеберлігі мен дағдыларды өзінен-өзі пайда болмайды, ол мақсатты оқу қызметінің нәтижесі және шығармашылық сипаттағы әртүрлі тапсырмаларды орындау үлгісінде қалыптасады. Сондықтан өзіндік жұмыс жоғары оқу орындары оқу үрдісінің құрамына кіріп, педагогикалық пәндер бойынша кәсіптік білім алуының шарты, құралы және нәтижесі түрінде бой көрсетеді.
Студенттердің өзіндік жұмысы – болашақ мамандардың аса маңызды жолдарының бірі, жас тұлғаны жан-жақты жетілдіріп, қалыптастырудың міндетті шарты және құралы болып табылады.
Сонымен студенттің өзіндік жұмысы дегеніміз – олардың интеллектуалыд, жігерлі және кәсіптік қасиеттерін дамытатын, оқу бағдарламасында қарастырылған, оқу материалының мазмұны мен керекті көлемін игерудегі оқу жұмысының жан-жақты түрлері.
Қорыт келе, студенттердің өзіндік жұмысын қарастырған ғалымдардың зерттеулеріне сүйене отырып, өзіндік жұмыс келешек маманның шығармашылық ойлауын, ғылымға қызығуын, кәсіби қарым-қатынас қажеттілігін туғызатын оқыту әдісі, танымдық белсенділігі мен ізденімпаздығын танытудың негізгі көзі және білікті маман даярлаудың тиімді жолы болып табылады. Сондықтан да студенттердің өзіндік жұмысы – кәсіби біліктілік көзі.
Оқу үрдісінің тиімділігі көптеген себептермен анықталады. Солардың ішіндегі ең маңыздысы-студенттердің өз бетінше іздену нәтижесінде жаңа білімді игеруі және бар білімін іс жүзінде пайдалану біліктілігі мен дағдысын жетілдіре беруі. Біліктілік пен дағдының қалыптасуы студенттердің өзіндік жұмыс істеу үрдісінде жүзеге асады. Оқытудың ең мүлтіксіз жетілген түрлері мен әдістемелерінің өзі де студенттердің өзіндік танымдық іс-әрекеттеріне бағытталған болмаса, ойдағыдай нәтижелер бере алмайды.
Бүгінде университет қабырғасында талмай еңбек етіп жүрген әрбір ұстаз оқытудың ең тиімді әдістерін іздестіруде десек, қателеспейміз. Солардың бірі – студенттердің өзіндік жұмыстарын қайткенде де ең жоғары сатыға көтеру. Студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру жөнінде көптеген мақалалар мен әдістемелер жарық көрді. Олармен танысу кезінде студенттердің өзіндік жұмыстары тек аудиториядан тыс жүргізілетін жұмыстар, студенттердің емтихандарға немесе тексеру жұмыстарына дайындалғанда ғана орындайтын іс-әрекеттері деген көзқарастардың жиі кездесетінін байқадық. Сонымен қатар студенттердің өзіндік жұмыстары олардың аудиториядағы сабақтарының бөлінбейтін бөлшегі, студенттердің әлеуметтік белсенділігін, ізденімпаздығын, танымдық іс-әрекетін, шығармашылық қабілетін және жеке тұлға ретінде рухани дамуын сипаттайтын көрсеткіштер екендігін айқындады. Осы тұрғыдан қарағанда студенттердің өзіндік жұмыстары студенттерді оқыту мен тәрбиелеудің сан-салалы түрлерінің айрылмас бөлшегі екендігі сөзсіз.
Әйтсе де, студенттердің өзіндік жұмыстарын жоспарлау, ұйымдастыру және тексеру жұмыстарында әлі де аяқ алып отырған, көптеген кемшіліктер бар екендігін көрнекті ғалым-педагогтердің зерттеулері көрсетіп отыр. Олар:

  • ұстаздардың студенттердің өзіндік жұмыстарын жоспарлауда айқын үйлесімділік көрсете алмауы, атап айтқанда, студенттердің аудиториядан тыс жұмыстарының орнықты уақыт мөлшері жасай алмағаны;

  • аралық тексеру мен студенттер білімін аттестациялауды тиімсіз және сапасыз жүргізуі;

  • студенттердің шығармашылық ойлау қабілетін дамытуға және олардың өзіндік жұмыстарға дағдылануына жеткілікті көңіл бөлмеу;

  • студенттерді оқытуда өзіндік іс-әрекетпен жеткіліксіз қамту;

  • студенттік ұйымдардың өзін-өзі тәрбиелеу қызметтерін жеткіліксіз дамыту;

  • студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарына аз жұмылдыру, оларды ғылыми жұмыстардың әдістемелерімен жеткілікті таныстырмау;

  • студенттердің қабілеттерін байқау және дамыту жұмыстарының қанағаттанарлық болмауы;

  • студенттердің озық тәжірибелерін кеңінен тарата алмау;

  • студенттердің өзіндік жұмыстарында теория мен практиканың үйлеспеуі.

Зерттеулердің авторлары аталған кемшіліктерді көрсете отырып, құнды ұсыныстар да берген:

  • студенттердің өзіндік жұмыстары, әсіресе, бірінші курс студенттерімен жоғары дәрежеде өткізілуі тиіс;

  • обьективтік және субьективтік себептері ескере отырып, студенттермен дұрыс қарым-қатынас түзу керек, студенттердің өзіндік жұмыстарына қажет уақыт көлемін анықтауға және орындауға әсер ететін себептерге көңіл бөлу керек;

  • студенттердің өзіндік жұмыстарын жоспарлауда, ұйымдастыруда және іске асыруда мұғалімдерге қойылатын талаптар мен міндеттер мәні ерекше зор екендігін есте ұстау қажет.

Осыған байланысты ұстаздардың өз алдына қоятын міндеттері мынадай:
1. Студенттердің өзіндік жұмыстары үздіксіз болуын қадағалау, яғни студенттер анда-санда ғана емес, күнделікті өз бетінше тиісті пәндер аумағында ізденімпаздық көрсететін жұмыстар атқаруын ұйымдастыру. Жүйелі ізденімдер арқылы оқу-танымдық біліктілікке қол жеткізуге болатынын студенттер санасына ұялату.
2. Студенттердің өзіндік жұмыстары сан қырлы екенін ескеріп, оның мазмұны студенттерді қызықтандыратын және еліктендіретін болуын ойластыру қажет. Өзіндік жұмыстардың тапсырмалары бірсарынды, студенттерді ойландырмайтын жаттанды түрінде берілсе, оқу-танымдық іс-әрекеттер жүзеге аспай қалады.

  1. Студенттердің өзіндік жұмыстары студенттердің химиялық білімі мен біліктілігін қалыптастыруға бағытталуы тиіс екендігін ескеру.

  2. Студенттердің өзіндік жұмыстарындағы тапсырмалар мазмұнының күрделілігі сатылап өсуі керектігін ұстанып, жүйе түзу арқылы студенттердің ойлау қабілетін дамыту.

  3. Студенттердің өзіндік жұмыстарын дамытып, оған ғылыми-зерттеу сипат беріп, студенттердің дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыру.

6. Дидактикалық құралдар (оқу-әдістемелермен қамтамасыз ету) жүйесін жасау, яғни ақпараттық құралдар арқылы сабақтар кезінде және аудиториядан тыс уақытта студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру және басқару (пәннің құрылымдық – логикалық сұлбасы, пәнді үйренетін мерзімнің түгел бойына тапсырмалар беру және олардың орындалуын тексеру, типтік тапсырмалардың үлгілері және оларды орындаудың әдістері мен амалдары, іскерлік ойындардың қойылымдары, проблемалық есептер, проблемалық күтпеген жағдайлар және де тағы басқалар).

  1. Студенттердің өзіндік жұмыстарын орындау үшін қажет анықтаушы материалдармен, ұсынылатын әдебиеттер тізімімен, танымпаздық іс-әрекетке баулитын химиялық есептер және жаттығулармен, дәріс конспектілерімен, зертханалық жұмыстар жасауға қажет жабдықтармен қамтамасыз ету.

  2. Студенттердің өзіндік жұмыстары аумағында рефераттар жазуға жұмылдыру. Рефераттардың химиялық ғылыми әдебиеттер негізінде жазылуын, таңдап алған тақырыптарға сай патенттік зерттеулермен ұштастырылуын қадағалаған жөн.

  3. Студенттердің өзіндік жұмыстары кезінде химия пәнінің күрделі тақырыптары мен тармақтары бойынша студенттерге тереңдетілген және сараланған, яғни бүтін пәнді түрлі формаға, элементке, бөлшекке мүшелеп бөлу арқылы кеңестер беру.

  4. Студенттердің өзіндік жұмыстарын қабылдағанда және тексергенде, студенттерге мейлінше әділ баға беріп, олардың білімі мен біліктілігіне қойылатын талаптар деңгейін төмендетпей, оларға тілеуші екендігіңізді әрі құрметтік сезіміңіз бар екенін жеткізу. Студенттердің өзіндік жұмыстарын ойдағыдай жүзеге асыруда студенттерге екі түрлі қасиет аса қажет: ізденімпаздық және белсенділік. Соңғы уақытта студенттің белсенділігі мен ізденімпаздығы мәселелері жөнінде бірқатар ірі зерттеулер ындалды. Зерттеулерде ізденімпаздық пен белсенділік ұғымдарының ара жігін ажыратушылық байқалады. Белсенділік – адамның өз бетінше әрекет жасауға дайындығы, алға қойған мақсатқа ұмтылуы және сол мақсатқа жетудің оңтайлы әрі тиімді жолын таңдауға тырысуы. Ізденімпаздық - өмір шындығының белгілі бір жақтарына оқушының тұрақты қатынасымен сипатталған жүйелі білім алуы. Осы екі ұғымға ортақ белгі - өз бетінше әрекет етуге ұмтылушылық. Бір сөзбен айтқанда: белсенділік – “серпінді” ізденімпаздық, ал ізденімпаздық - тұрақты түрдегі белсенділік.

Белсенділік пен ізденімпаздық танымдық қажеттіліктен туындайды. Танымдық қажеттілік – жаңа ақпаратқа қажеттілікпен сипатталады. Жаңа ақпарат ретінде пән туралы жаңа білім, жаңа ынталандыру, дүние тану туралы түсініктің жаңа жүйесі және т.б. алуан түрлі нысандар көрінуі мүмкін.
Соңғы кездерде студенттер ішінде оқуға деген ынтаның төмендігі өзінің қабілетіне сенімсіздік білдіруі, өз күшіне сенбейтіні сияқты құбылыстар пайда болды. Әсіресе жоғары оқу орындарының екінші және үшінші курстары студенттері арасында кең таралған. Осыған байланысты студенттердің өзіндік жұмыстарын белсенді түрде жандандыру, сапалы сипатта жоспарлау, жоғары деңгейде ұйымдастыру, тексеру және бағалау жұмыстарын тиімді әдістермен жүзеге асыру ұстаздарға үлкен сын артады.
Коллоквиум сөзі латын тілінің «collocuium» сөзінен шыққан сөйлеу, әңгіме жүргізу деген мағынаны береді. Бұл білім деңгейін айқындау үшін педагог пен студент арасында әңгіме жүзінде өтетін оқытудың бір түрі. Коллоквиумның қызметі бақылай отырып оқыту. 2-3 семестр өткеннен кейін коллоквиумды өткізген орынды. Сонымен қатар, қорытынды тәжірибе семинарының орнына тағайындаған тиімді. Коллоквиум студенттерді ынталандыру қызметін атқарады.
Педагогикалық бақылаудың үш қызметі бар: диагностикалық, білім беру, тәрбиелеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет