Программалық оқыту әдісі. Прогаммалық оқытуда ақпарат машинасыз немесе машиналық тәсілде ұйымдастырылады. Алғашқы тәсілде оқу материалдары программаланған оқулық кітаптарында беріледі, екнішіден, дисплей экранға шығарылады. Оқу материалдарын программалап оқытудың үш жүйесі бар: бір бағытты материал кішкене порцияларға бөлінеді (доза), содан кейін біртіндеп игеруге бағытталады. Оқушылар қателескен немесе жауап бере алмаған жағдайда тармақталған бағдарламаларға қосымша түсініктемелер беріледі. Аралас бағдарламада тармақталған комбинацияда құрылған.
Программаланған оқытуда тапсырмалар мен жаттығулардың орындалуы өздік ерекшелікте берілген. Бұндай тапсырмалар оқыту материалдарының әр порциясынан игергеннен кейін беріледі. Үш мақсатта тренажды берген білімді қабылдау және бақылау жаттығулар мен тапсырмалардың ұйымдастырылу тәсілі машинамен және машинасыз орындалады. Машиналы тәсілде жаттығулар мен бақылау тапсырмалары дисплей экранында орындалады. Оқушылар өздерінің жауаптарының дұрыстығын бірден көреді. Сондықтан да программалап оқыту тиімді.
Ең кең тараған бақылауды ұйымдастыру әдісі. Программалап оқытуда ұқсас жауаптардан дұрыс жауапты табу. Қазіргі компьютерлер құрылған жауаптарды өздігінен талдап, ұсыныс түрінде, сөз, формула, түрлі бірлікте ендіре алады.
Білімді беруді бақылау. а) Фронтальды және жеке дара жолдармен сұрақ қойып ауызша бақылау, дұрыс жауап мұғаліммен бірге анықталады.
ә) Жазбаша бақылау аз уақыт немесе көп уақыт аралығында орындалып, сонымен қатар кең диагностикалық анықтамасымен ерекшеленеді.
б) Лабораториялық бақылау сабақ барысында пайдаланатын оқушылардың құралдармен жұмыс жасай білу. Бұл іс-тәжірибелер өткізуде, эксперименталды жұмыстың шешімін шығаруда, биологиялық-географиялық және жазба жұмыстарда өтіледі.
в) машиналы бақылау. Барлық оқыту пәндерін кезеңдер бойынша игеру барысында бағдарлама жасалынып, электронды-есептеу машинасы қолданылады.
г) мәтіндік бақылау машинамен немесе машинасыз өтіледі.
е) Өздік бақылау – жіберілген қателерді өз бетімен тауып алу, дұрыс еместігін, оны жою тәсілдерін іздестіру бірлігін қалыптастырады.