Ары мектеп педагогикасы


Мәселе әрекеттік оқыту технологиясы



бет60/123
Дата19.07.2024
өлшемі1,31 Mb.
#203614
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   123
Байланысты:
Жоғары мектеп педагогикасы

1. Мәселе әрекеттік оқыту технологиясы.Мәні студенттердің алдына проблема қоя отырып, онышешудегі дағдыларды және кәсіби әрекеттердің, компоненттердің меңгеруі.Бұл технология оқытудағы әрекеттер мен мәселелер талаптарын жүзеге асырады.Ол мынандай кезеңдерден тұрады:
1-кезең – оқытушы тудырған проблемалық жағдайды студенттердің түсінуі мен қабылдауы.
2-кезең – проблемалық жағдаяттарды шешудегі студенттердің, өзіндік әрекеттері моделінің пайда болуы мен негізделуі ( өздері білетін шешу
жолдарын пайдаланып және жаңа шешу жолдарын іздеу).
3-кезең – мәселені шешу жолдарының дұрыстылығын тексеру мен аталған әрекеттерін талдау.
4-кезең – ойлау әрекетіндегі қатып қалған ойлардан бас тарту, дәстүрлі шешімдерден шектен шығу, студенттің ақыл-ой мүмкіндіктерінің дамуына көмектесетін аталған әректтер барысындағы ойлауды талдау.
Бұл технологиялардың авторлары студент тек қана жаңа әдет пен дағдыларды меңгеріп қана қоймай сонымен қатар, әртүрлі шығармашылық кәсіби міндеттерді шешудегі тәжірбие жинайтындығын қосады.Бұл технологиялардыоқу үрдісінің жобалануының негізгі бірлігі – оқу бағдарламасы болып табылады.
2. Модульді оқыту технологиясы. Модульдік оқыту технологиясы – оқытушыны дамыту құралы ретінде (М.М.Жанпеисова).
Мәні оқудың аралық түрін кең пайдалана отырып, қорытынды мазмұнды модуль түріндегіжеке оқу бағдарламасымен студенттердің өзіндік жұмысы.Бұл оқытудың педагогикалық негізі американдық философ Дж.Дьюидің тұлғалық идеясы жатыр, бұл технология бойынша студент педагогикалық жүйенің орталығы, ал өзіндік білім беру және өзіндік басқару алғашқы маңыздылыққа ие болады.Бұл технологияның жақсы жағы оқу үрдісіндегі әр студент талап етілетін материалдарды зерделеу үшін уақытын алатындығында.
Б.Блум бұл болжамның эксперименталды тексеруін өткізе отырып, студенттің материалды меңгеру сапасы оның қабілетіне ғана байланысты және студенттің материалды өзіндік меңгеруіне кеткен уақытына тәуелді екніне көзі жетті.
Эстонияда бұл технологияның көрінісі Э.В.Круль еңбегінде бар.Ал, Ресейдің ғылымы М.В.Кларин өз еңбектерінде қысқаша түсініктеме берген.
Оқыту модулі - өзіндік басқару мен басқару жүйесі және оқудың ұйымдастыру формаларын қоса технологиялық қамтамасыздандыру және мазмұн мен оқу мақсаттары бар, мазмұндық мақсаттылыққа ие оқу үрдісінің әрекетін құрайды.
Модульдік технология даралап оқыту приницпіне негізделген. Бұл технологияның басты құраушысы – төмендегі компоненттерден тұратын оқу модулі:
- логикалық түйінделген (аяқталған) ақпарат блогы;
- оқушы іс-әрекетінің мақсатты бағдарламасы;
- бағдарламаны табыспен меңгеруге қажет мұғалімнің нұсқаулары.
Модульдік технологияның басқа оқу жүйелерінен басты айырмашылықтары мынада:
1) Қойылған мақсатқа сай меңгерілетін білім мазмұны аяқталған жеке дара кешендерден тұрады. Оқу мақсаты меңгерілетін мазмұнның көлемімен қоса оны меңгеру деңгейлерін де көрсетеді. Мұнымен бірге оқушы мұғаліммен қалай тиімді әрекет жасауы керектігі жөнінде жазбаша түрде ақыл-кеңес алады.
2) Мұғалім мен оқушының қатынасы модульдер арқылы жүзеге асатын болғандықтан далап оқыту процесі жүзеге асады.
3) Оқушы көбіне өз бетімен жұмыс істейді, мақсат қоюға, өз бетімен жоспарлауға, өз нәтижесін тексеру арқылы бақылауға, өз іс-әрекетін ұйымдастыра білуге үйренеді. Бұл қасиеті оны бағдарламалап лқытуға жақындатады.
Модульдік бағдарламаны құрастырғанда мұғалім іс-әрекеті төмендегідей қадамдар тізбесінен тұрады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет