Ары мектеп педагогикасы


Контексті оқыту технологиясы



бет63/123
Дата19.07.2024
өлшемі1,31 Mb.
#203614
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   123
Байланысты:
Жоғары мектеп педагогикасы

3. Контексті оқыту технологиясы. Мәні оқытудың белсенді әдістерін пайдаланып, келешек және кәсіби әрекеттерінің әлеуметтік және пәндік мазмұнының моделі.Бұл технология сұраным әрекеттерінің және проблемалық оқыту теориясының негізгі заңдылықтарын есепке алумен құралған.Бұл технологияның жүйелі түсінігі «контекст» болып табылады.Яғни мәтіннен үзінділер немесе сөйлемдер, сөздер құрамына кіретін маңыздылығын және ойын анықтауға мүмкіндік беретін жазбаша және ауызша ойлардың қорытындысы.Контексті оқытуда бұл термин әртүрлі деңгейдегі болатын технологиялық үрдістер көмегімен түсіндірілетін психикалық категория ретінде қарастырылады.А.А.Вербицкий бойынша
контекст адамның таным әрекетінің және ойлау, түсіну механизмі, рефлексия және антипация үрдісін біріктіруге болады деген.
Контексті технологияда адамдық тәртібін ұйымдастырудың формаларын көрсететін оқу әдістері пайдаланады.
Дискуссия – талқыланып жатқан сұрақ бойынша студент өз ойын, көзқарасын тыңдай отырып, ол өз көзқарасын айтуы міндетті.Ол көзқарас өзінің құрбылары мен студент көзқарасынан да күшті болуы мүмкін.
Проблемалық семинар – дискуссияға қарағанда жұмысы белсендірек және ол семинардың мазмұнды қозғалысын анықтайтын фактор болып табылады, яғни, семинарға қатысушылар өз жұмыстарын біліммен көрсете алу керек.Проблемалық семинардың міндеті дәстүрліге қарағанда дайын білімнің мәселесін талқыламайды, ол әзірше білмейтін жаңалықты талдау мен анықтаудан тұрады.
Тренинг – негізінен біліктердің қалыптасуына бағытталған.Тренингтің негізгі міндеті қатысушылар қатынастарға байланысты бағытын өзгерте алады,белгілі-бір бірліктер жиынтығын меңгеру үрдісіндегі, өзіндік жұмыстың ұйымдастырылуы.
4. Ойын арқылы оқыту технологиясы. Бұл технология оқу үрдісінде көп пайдаланады және белсенділік жағынан көп орын алады.
5. Кәсіби оқудың белсенді имитациялық әдістерінің кең тараған түрі – ойындар.Іскерлік ойындар 1930ж. Кеңес одағында құрастырылып Москва, Ленинград, Харковтардың жоғарғы оқу орындарында пайдаланып қана қоймай,сонымен қатар елдің өнеркәсіп орындарында жүргізіледі.Ең бірінші пайда болған «Срочная» ойыны.Бұл ойынды студенттердің оқуы үшін С.М.Киров атындағы Ленинград өнеркәсіп академиясының фабрико-завод жұмысшылары 1935ж. жасаған. Ол өнеркәсіп бағдарламаның күрт өзгеруімен байланысты өндірістің қайта құруын 48 сағат уақытта үлгеру: шарты арқылы ойнатылған.
1938 ж. СССР-дегі іскерлік ойындарды кибернетика, селеция, генетика 20 жылға тоқтатып қойды.Кеңестік тәжірбиеге сүйене отырып, 1957 ж. американдық басқару ассоциациясы оқу үрдісіне менеджерлерді дайындауда бірінші іскерлік ойынды енгізді.Кейіннен бұл ойын түрі ФРГ, Франция, Англия, АҚШ және т.б. елдерде кең тараған экономикалық және инженерлік-техникалық кадрларды дайындауда, басқарушыларды аттестациялау және біліктілігін жоғарылату, даярлау элементтерінің ажырамас бөлігі оқу формасының жоғары нәтиежелігі болды.
Іскерлік ойынның негізі – басқару жүйесін және басқару объектісін қосатын модель.Іскерлік ойынның негізгі белгілері:объект моделінің бары; рольдердің бар болуы; шешімді қабылдауда мақсаттардың ажыратылуы; әртүрлі рольдегі қатысушылардың қарым-қатынасы; ойын барысында «шешім тізімінің » жүзеге асырылуы т.б.
Іскерлік ойын әдісі ең алдымен, экономикалық және басқару қызметкерлерін оқыту үшін құрастырылған.Сондықтан, «іскерлік ойын» ұғымының әртүрлі түсініктерінің болуына қарамастан, ол экономика және басқару саласында көбірек пайдаланылады. Іскерлік ойындар тәжірбиеде теоретикалық білімдерді қолданып білік пен шешімдерді қабылдау техникасына үйретуге мүмкіндік береді.Сонымен қатар, оларды пайдалануда тәрбиелік маңыздылығы өте көп: студенттер теоретикалық дайындықтың қажеттілігінде көздері жете отырып, пәндерді зерделеуде мотивациясының жоғарылау нәтиежесіне әкеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет