1-қадам. Оқу курсын жүйе түрінде беру, яғни, білім мазмұнын алғашқы құрылымдау.
Бұл үшін: а) мұғалім әдістемелік бірлестікпен бірге пәннің өзекті тінін (стержневая линия) бөіп шығарады;
ә) әр сынып үшін өзек тіні бойынша білім мазмұнын таңдап алады;
б) тыңдап алынған материал кестеге толтырылады.
Осылайша, мұғалім өз пәнінің әр сыныптағы мазмұны жөнінде көрнекі мағлұмат алады.
2-қадам. Мұнда әр сынып бойынша технологиялық карталар жасалады. Ол мына формада берілуі мүмкін.
Өзекті тіндер
|
Жетекші білімдер
|
Екінші мәнді білімдер
|
Ілеспеді қайталау
|
Қиын меңгерілетін тақы-рыптар
|
Пәнішілік байланыстар
|
Пәнаралық байланыстар
|
Қиындықты жеңу жолдары
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Мұндай карта толтыру арқылы мұғалім пән мазмұнының ерекшеліктерін және оны игеру қиыншылықтарын. Нақты және тұтас көріп отырады.
3-қадам. Компоненттері дидактикалық мақсат пен модульдік бағдарламалардың модульдер жиынтығынан тұратын модульдік бағдарламалар жасау.
Мұнда бөлім немесе таңдап алынған көлемді тақырыптың мәніне сай модульдік бағдарламаға атау беріледі. Бұдан кейін үш деңгейде кешенді дидактикалық мақсаттар анықталады:
а) бұл білімдердің жеке тұлғаның рухани дамуы, өмірлік практика мен кәсіби қалыптасуындағы маңызы;
ә) білік;
б) дағды деңгейлері.
4-қадам. Әр модуль үшін және логикалық түйінделген ақпараттар блогын құрайтын мазмұнды іріктеу үшін кешенді дидактикалық мақсаттардан интегралдаушы дидактикалық мақсаттар бөлініп шығарылады. Модульдер жүйесі құрылады.
5-қадам. Модуль құрайтын оқу элементтерінің мазмұны анықталады және интегралдаушы дидактикалық мақсаттар дербес дидактикалық мақсаттарға бөлінеді.
Сөйтіп, әрқайсысына сәйкес мазмұны бар үш деңгейдегі мақсаттар тізбегі құрылады: кешенді дидактикалық мақсаттар – интегралды дидактикалық мақсаттар – дербес мақсаттар.
6-қадам. Модульдің өзін тұрғызу.
Модульді тұрғызу интегралдаушы мақсатты анықтаудан басталады (сызбада О – оқу элементі түрінде көрсетілген). Бұдан соң оқушының жұмысқа дайындығын білу мақсатында алғашқы «Ену» бақылау жұмысы жүргізіледі. Барлық дербес дидактикалық шарттар анықталады және мақсаттық бағдар, оқушының іс-әрекет алгоритмі мен білімді меңгеруді бақылауға және түзетуге арналған тапсырмалар жүйесінен тұратын оқу элементтері жасақталады.
Модульдік тапсырмалардың орындалу барысын қорытындылайтын ең соңғы элементінен бұрынғы элементі мазмұнмен толықтырылады.
Модуль мазмұнын меңгеру дәрежесін білу мақсатында «шығу» бақылау жұмысының тапсырмалары жасалады. Бұдан кейін модуль материалын жалпылаудың құрылымдық-логикалық сызбалары және оны құрудағы (тұрғызу) оқушылардың мүмкін болатын қателері ойластырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |