Ары мектеп педагогикасы


Жалпы педагогикалық (дидактикалық) деңгей



бет59/123
Дата19.07.2024
өлшемі1,31 Mb.
#203614
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   123
Байланысты:
Жоғары мектеп педагогикасы

Жалпы педагогикалық (дидактикалық) деңгей. Мұнда педагогикалық технология біртұтас педагогикалық жүйенің жобасы ретінде қарастырылады. Бұл жағдайда оған оқытудың мақсаты, мазмұны, құралдары мен әдістерінің жиынтығы, тіпті процестегі субъектілер мен объектілердің (олардың өздерін алмағанда) іс-әрекеттердің алгоритмі кіреді.
Жеке пәндік - әдістемелік деңгей. Бұл жерде педагогикалық технология көздеген мақсатқа жеткізетін жеке пән әдістемесі ретінде қолданылады. Мұнда ол бір пән, бір сынып, бір мұғалім шеңберінде оқыту мен тәрбиелеудің белгілі бір мазмұнын жүзеге асыру үшін әдістемесі, белгілі бір танымдық қызмет дағдыларын қалыптастыру әдістемесі, мұғалім, тәрбиеші жұмысының әдістемесі ретінде қарастырылады.
Элементтік (бөлімді) модульдік деңгей. Мұнда оқу-тәрбие процесінің жекеленген бөлігінің технологиясы қарастырылады, жеке іс-әрекет түрлерінің технологиясы, ұғымдарды қалыптастыру технологиясы, жеке тұлғалық қасиеттерді тәрбиелеу технологиясы, сабақ технологиясы, жаңа білімді игеру технологиясы, өз бетімен жұмыс технологиясы.
Бұл көзқарастарды талдай келе, педагогикалық технология ұғымының өзегі болып берілген білімді толық игеруге, жалпы білім сапасын көтеруге кепілдік беретін, ғылыми негізделген алгоритмдер, әдістер мен құралдардың жүйесі табылатынын көруге болады. Әрине, мұндағы нәтиже – білім сапасы, оны өз бетімен игерген оқушы болса, алгоритмнің басты бөлігі болып оқушының өз бетімен меңгеруіне бағытталған білім мазмұны қарастырылуы қажет.
Оқыту технологиясы – оқыту мазмұнын жүзеге асыру жолындағы алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін қамтамасыз ететін оқытудың әдіс-құрал және түрлерінің жүйесі болып табылады. Оқыту технологиясында мазмұн, дәіс және құралдардың өзара байланысы мен септілігі жатыр, соған байланысты қажетті мазмұнды, тиімді әдістер мен құралдарды бағдарлама мен қойылған педагогикалық міндетке сәйкес іріктей білу мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне байланысты.
Педагогикалық технология «объектісі» оқушы болғандықтан мұнда ынта (мотив), белсенділік, білім, білік, дағды, өзін-өзі басқару т.б. тәрізді дидактикалық, психологиялық, физиологиялық, кибернетикалық факторларды ескеруге тура келетіні түсінікті.
Осы айтылғандарды ескере отырып, жоғарыда берілген анықтамаларды талдай келе, академик В.П.Беспалько берген «педагогикалық технология деп практикада жүзеге асырылатын педагогикалық жүйенің жобасын атайды» деген анықтаманы мейлінше толық деп есептеуге болады. Педагогикалық жүйе деп В.П.Беспалько әдістемелік жүйемен сәйкесті дидактикалық процестердің жиынтығын айтады. Мұндағы әдістемелік жүйе дегеніміз өзара байланысқан оқытудың мақсаты, мазмұны, әдістері, түрлері (формалары) мен құралдардың жиыны.
Дидактикалық процесті В.П.Беспалько мотив, танымдық қызмет және басқару компоненттерінің бірлігінен тұратын жүйе ретінде қарастырады.
В.П.Беспалько ұсынған педагогикалық технологияның анықтамасын толықтырып тұрған педагогикалық жүйені жобалауға қойылатын мына шарттардың жиынтығы:
а) педагогикалық технология оқытудағы педагогикалық экспромттарды жоюы қажет. Оқу процесінің нәтижелі болуына 100 % кепілдік беруі қажет;
ә) ол оқушының өз бетімен жасайтын оқу танымдық қызметінің құрылымы мен мазмұнын анықтайтын оқу-тәрбие процесінің жобасына негізделуі қажет;
б) оқу мақсатын диагностикалық түрде нәтиже беретін жолмен анықтап, оның меңгерілу сапасын дәл тексеріп объективтік түрде бағалау қажет;
в) дидактикалық процестің толықтығын қамтамасыз етілуі тиіс.
Оқу процесі оқушылардың денсаулығына зиян келтірмеуі үшін ресей ғалымдары М.М.Поташник, А.М.Моисеев, т.б.оқушының денсаулығын қорғайтын оқыту технологияларын енгізуді ұсынды. Мұндай технологиялар жоғарыда келтірілген дидактикалық талаптарға қосымша мынадай 4 шартты қанағаттандыруы тиіс:
1) Оқушының жеке бас ерекшеліктері (ақыл-ой, мотивациялық, эмоциялық, т.б. ескерілу, оқу материалын қабылдау сипатының, темпераментінің, еске сақтау қабілетінің) ескерілуі.
2) Оқу материалын меңгеру кезінде жүйкеге күш түсіретін интеллектуалдық, эмоциялық әсерлерден аулақ болу, оқушының уақытты аз жұмсап, тиімді нәтижелер алуына жағдай жасау.
3) Сабақтың сынып ұжымына жайлы моральдық-психологиялық климат жағдайында өтуін қамтамасыз етіп, дөрекі қатынастарға жол бермеу.
4) Оқу процесінде оқушы денсаулығына зиян келтірмейтін тәсілдерді қолданумен қатар оларды өзін-өзі психологиялық қорғауға үйрету.
Жоғарғы оқу орнындарында пайдаланатын білім беру технологиялары:
Мәселе әрекеттік оқыту.
Модульдік оқыту.
Контексті оқыту.( тығыз байланысты)
Ойын арқылы оқыту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет