Ары мектеп педагогикасы


Толық меңгерту технологиялары. Әр деңгейлі оқыту технологиясы (В.Фирсов)



бет67/123
Дата19.07.2024
өлшемі1,31 Mb.
#203614
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   123
Байланысты:
Жоғары мектеп педагогикасы

10. Толық меңгерту технологиялары. Әр деңгейлі оқыту технологиясы (В.Фирсов).
Бұл технологиялардың авторлары американдық ғалымдар Б.Блум мен Дж.Кэрролл. Аталмыш технологияның дәстүрі класс-сабақ жүйесінен басты айырмашылығы – оның міндетті түрде көзделген нәтижеге жеткізуінде. Толық меңгерту технологиясында барлық оқушылардыңбірдей деңгейдегі білім, білік, дағды қалыптастыру көзделсе де, әр оқушыға жұмсалатын уақыттың, оқыту әдістері мен формаларының олардың жекек бас ерекшеліктеріне сәйкес болуы қарастырылған.
Бұл технологияны ерекшелейтін басты анықтауыш – толық меңгертудің эталоны (критерийі) саналатын барлық оқушылар меңгеруге тиісті оқытудың жоспарланған нәтижелері болып табылады. Толық меңгерту эталоны мақсаттар таксономиясы арқылы беріледі. Таксономия дегеніміз иерархиялық түрде өзара байланысқан педагогикалық мақсаттар жүйесі.
Мұғалім оқу материалын толық меңгерудің жоспарланған көрсеткіштерін әр оқушының санасына жеткізе білуі тиіс. Ол оқушы эталонға жету үшін орындауы қажет нақты әрекеттер мен операциялардың, іске асырылуға тиіс танымдық қызметтің мақсаттарын анықтайды.
Танымдық қызметтің мақсаттарына мыналар жатады:
- білу (оқушы есте сақтады, білді, қайталады);
- түсіну (оқушы түсіндіреді, интерпретация жасады, иллюстрация жасады);
- қолдану (оқушы өз білімін (меңгерілген материал бойынша) нақты жағдаяттарда және жаңа жағдаяттарда қолдана білді);
- жалпылау және жүйелеу (оқушы бүтіннен бөлігін бөліп шығарды, жаңа бүтінді құрастырды);
- бағалау (оқушы меңгерілген объектінің мәні мен құндылығын анықтады).
Толық меңгерту технологиясы оқу материалының мазмұнын оқу бірліктеріне (модульдерге) бөліп қарастыруды талап етеді.
Оқу бірлігі дегенімізі көлемі шағын (3-6 сабақ) және мазмұны бойынша тұтас материалы мазмұнының бөлігі. Әрбір оқу бірлігі бойынша екі баллды (сынақ, сынақ емес) шкала бойынша тест (бақылау тапсырмалары) дайындалады. Оқу бірліктері бойынша түзету енгізу (коррекция) мақсатында дидактикалық материал дайындалады. Ол материалды жете игермеген оқушыларға алғашқы қолдынылған тәсілден басқа оның қабылдауына лайық тәсілмен түсіндіруге, ойлануға және есте сақтауға мүмкіндік беретін қосымша дидактикалық материал арқылы жүзеге асады. Барлық тақырыптар бойынша толық меңгерту эталоны анықталады.
Сабақтың бағдарлық-нұсқаулық бөлімі меңгерудің тәсілін түсіндіруге және оқушылардың белсенділігін, ынтасын туғызу үшін ұйымдастырылады. Сабақты меңгергені жөніндегі баға оқушыға алдын-ала берілген эталон бойынша тексеруден соң ғана қойылады. Жұмыс үстінде әр оқушы қажетті көмек, нұсқау, жәрдем ала алады.
Мұғалімнің бұл технология бойынша қызметі төмендегідей компоненттерден тұрады:
- оқу мақсаттарымен таныстыру;
- оқудың жалпы жоспарын түсіндіру;
- жаңа материалды түсіндіру;
- ағымдағы тексеруді ұйымдастыру;
- ағымдағы нәтижелерді бағалау;
- оқу материалын меңгере алмаған оқушыларға түзету жұмыстарын жүргізу;
- өзара көмек топтарын ұйымдастыру;
- көмек көрсетілген оқушыларды қайта тестілеу.
Мұндай жұмыс барлық оқу бірліктері бойынша жүргізіледі, ол қорытынды тестілеумен және әр оқушының материалды меңгеруін бағалаумен аяқталады.
Бұл технология әрбір оқушының өзінің «жақын даму аймағында» танымдық қызмет жасауына негізделге. Ол дәстүрлі класс-сабақ жүйесіндегі орта қабілеті бар оқушыға ғана арналған оқу процесінің кемшілігін жоюға бағытталып құрылған.
Оқушылардың сабаққа ынтасы, сұранымы, қарқыны (темпі), темпераменттерінің және ойлау мен еске сақтау қабілеттеріінің әр түрлі деңгейде болатынын ескеріп, технология авторлары оларды аталған көрсеткіштеріне сәйкес топтарға (жоғарығ орташа, төмен) бөлуді ұсынады.
Оқушыларды саралау төмендегідей 3 түрде жүргізіледі:
а) оқушылар оқу жылының басында білім, білік деңгейлері мен жеке тұлғалық қасиеттерінің көрсеткіштерін анықтайтын диагностика негізінде әр түрлі деңгейде (дәстүрлі немесе тереңдетілген) оқытылатын кластарға бөлінеді;
ә) сынып ішіндегі саралау мектептің орта буынында жүргізіледі, мұнда оқушылардың қабілетіне сәйкес және олардың ұйғарымдары ескеріле отырып, жекеленген пәндерді тереңдетіп оқыту топтары құрылады;
б) оқушылардың өз ұйғарымы, ата-аналар мен мұғалімдердің ұсынысы, эксперттік бағалау, психодиагностикалық диагностика негізінде ұйымдастырылған негізі және жоғарғы сыныптардағы бейінді оқыту арқылы саралау.
Сараланған әр деңгейлі оқыту мыналарды қрастырады:
- оқушылардың танымдық мотивациясын қалыптастыру және танымдық қызметке жетелеу;
- оқу материалының мемлекеттік стандарт талабынан кем емес білім, білік деңгейін оқушының өзінің таңдауы;
- оқушының әр деңгейдегі өз бетімен танымдық қызметін ұйымдастыруы;
- жұптық, топтық және ұжымдық формалардағы оқу процесін ұйымдастыруы;
- оқу материалы меңгерілуінің ағымдағы тескерілуі;
- оқу материалын әр модуль бойынша кіріспе және қорытынды тескеру (басты тапсырмаларды орындай алмаған оқушылар үшін толық меңгергенге дейін түзету жұмысы жүргізіледі);
- жеке жоспар бойынша оқушыларды өзара оқыту.
Деңгейлеп оқыту технологиясын пайдалану берліген модульдерді толық оқытып шығаруға қажет уақыт болуын талап етеді.
Оқытылу мерзіміне сондай-ақ оқытылатын пәннің ерекшеліктерінен туындайтын сабақтардың құрылымдық, мазмұндық ерекшеліктері де әсер етеді.
Оқушылардың танымдық қызметін іске асыруға дайындық кезеңі оқу мақсатын айқындауды талап етеді. Бұдан соң негізгі анықтамаларды, ережелерді, алгоритмдерді оқушылардың меңгеру деңгейін байқау мақсатында тест, диктант түрінде кіріспе (бастапқы) бақылау жұмысы жүргізіледі. Бұл жұмыс анықталған кемшіліктердің түзетілуімен аяқталады. Танымдық қызметтің бағдарлық негізін толық қамтамасыз ету үшін оқушыларға міндетті және нормадан тыс жұмыс көлемі, бағалау критерийлері және үй тапсырмалары туралы мәлімет беріледі. Жаңа материалды меңгеру кезеңі оны оқушылардың басым көпшілігінің өз бетімен игеруіне бағытталып, ықшам түрде өтіледі. Әр оқушы оқу материалын меңгерген сайын пікір-сайысқа қосылады, жолдастарының сұрақтарына жауап береді, өз сұрақтарын қояды. Бұл жұмыс жұппен де, топпен де жүргізіледі. Алған білімді бекіту кезеңі тапсырмалардың міндетті бөлігінің меңгерілуін оқушының өз бетімен және өзара тексеру түріндегі бақылау жұмысын қажет етеді.
Танымдық қызметтің нормадағы тас бөлігінің нәтижесін мұғалім бағалайды, оның маңызды бөліктері қалған оқушыларға баяндалады. Сабақтар қорытынды тестілік бағалаумен аяқталады. Өзін-өзі тексеру және өзара тексеруден соң оқушылар сабақтағы өз жұмысын бағалайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет