Ары мектеп педагогикасы


Студенттердің ортаға бейімделу проблемалары



бет69/123
Дата19.07.2024
өлшемі1,31 Mb.
#203614
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   123
Байланысты:
Жоғары мектеп педагогикасы

4.3. Студенттердің ортаға бейімделу проблемалары.

ХХІ ғасырға лайық, жан-жақты жетілген, білімді, дарынды, тәрбиелі ертеңгі қоғам иесі жоғары оқу орындарында білім алып тәрбиеленетіні дайсыз. Сондықтан да, бүгінгі студентке ертеңгі маман ретінде қарайтынымыз даусыз.


«Студент» деген сөздің өзі латын сөзінен шыққан. Сонымен «студент» дегеніміз талмай еңбек ететін, дайындалатын, ізденетін білімді адам және кәсіптік еңбекке дайын арнайы әлеуметтік категориялардағы адамдардың өкілі. Сондай-ақ, ол зиялылар қатарын толыықтыратын маңызды әлеуметтік топқа жатады. Олардың өміріндегі бастыбағыт – оқу, іздену интеллектін дамыту, рухани өнегелі, дене бітімі және эстетикалық жағынан өсу, кәсіпті меңгерту.
Қазіргі кездегі студенттердің жоғары оқу орындарындағы орта жас мөлшерлері 17-23 жас аралығында. Жоғары оқу орындарындағы оқу барысындағы көптеген сұрақтарды шешуге мынадай аз өмірлік тәжірибе қиындық туғызады. Тіпті орта мектепті жақсы бітіріп келген әрбір талапкер жоғары оқу орындарында жақсы ойдағыдай оқуы жиі кездесерлік жайт. Бұл үшін әрбір студент психологиялық өсуі қажет, белсенді өзіндік жұмысқа саналы түрде дайын болуы өте маңызды.
Адамның психикалық өмірінің жан-жақтыдамуы белгілі әрекетпен айналысуына байланыстыболады. Адам өмір сүру барысында өз психикасын түрлі жолмен жарыққа шығарады. Әрекет – түрлі қажеттерді өтеуге байланысты белгілі мақсатқа жетугебағытталған процесс. Ғұлама әл-Фараби «Әрекетіміз дұрысболуы үшінбіздің соған баратын жолымыз қандай болуы керек екенін ... анықтап алуға тиіспіз» деп бекер айтпаған. Демек, адам іс-әрекеті – күрделі процесс. Оның құрамына жеке амалдар мен қозғалыстардың және әрекеттердің жүйесі кіреді. «Іс-әрекет»ұғымынан «әрекет» ұғымын ажырата білу керек.
Адам іс-әрекетінің қашанда қоғамдық әлеуметтік мәні зор. Іс-әрекеттің саналылығы, мақсаттылығы, жоспарлығы, жүйелігі оның ең бастыбелгісі болса, алда тұрған міндеттішешу, ойлаған істен бір нәтиже шығару, оның екінші бір басты белгісі болып табылады. Адамның сана-сезімі өскен сайыноның әрекеті де жаңа мазмұнға ие болып отырады. Адам психикасының дамуында іс-әрекеттің шешуші орнымен қатар біз сананыңда күрделене түсуіне ықпал жасайтынын есте ұстауымыз қажет. Өйткені, адам әрекеті сан алуан. Олардың барлығына тән ортақ қасиет: белгілі қажетке байланысты туып оытратындығы және жас мөлшерінің әр кезеңінде түрліше көрінетіндігінде.
Сонымен қатар, ортақ мақсат үшін біріккен және белгілібір қоғамдық міндетті атқаратын әрекеттер жиынтығы іс-әрекет деп аталады. Іс-әрекет - әлеуметтік категория.
Ал, студент іс-әрекеті өзіндік мақсаты және міндетімен, сыртқы және ішкі жағдайлардың мазмұнымен, құрылымының күрделілігімен, психикалық процестердің өтуі ерекшеліктерімен, мотивацияның пайда болуымен, ұжымдық және тұлғалық жағдайларымен және басқару, ұйымдастыру әрекеттері жағынан өзгеше болып келеді.
Студент іс-әрекетінің психологиялық мазмұны мен құрылымының өзіндік айырықша ерекшелігі бар. Жоғары мектеп психологиясының маңызды бір міндеті. Студент іс-әректі үлкен әлеуметтік мағынаға ие, оның басты бағыты – халық шаруашылығының аса маңызды салаларында қоғамға қажетті жоғары білімді тәрбиелі мамандар даярлау, қоғам қажеттілігін қанағаттандыру.
Студент іс-әрекетіндегі басты бағыт – оқу, ізденіп оқу, тәрбие мақсатында ұйымдастырылғанәртүрлі іс-шараларға ат салысу, қоғамдық ғылыми іс-шараларға қатысу. Студентіс-әрекетінің ерекшеліктері қатарына мыналар жатады:
- мақсаттың және нәтиженің өзгешілігі (өзіндік еңбекке даярлау, білім, дағды, іскерлікті меңгеру, жеке тұлғалық қасиеттердің дамуы);
- оқу нысанындағы ерекше өзгешіліктер (ғылыми білім, болашақ еңбек туралы, т.б. мәліметтер);
- студенттік іс-әрекеті арнайы ұйымдастырылған жағдайда жүзеге асады (жоспарлар, оқу мерзімі);
-маңызды іс-әрекет құралдары (әдебиеттер, зертханалық құралдар, болашақ кәсіби еңбектерінің табиғи үлгілері);
-студент іс-әрекетіндегі артық күш, яғни, қиындықтар пайда болады (емтихан, сынақ тапсыру,бақылау жұмысын орындау, дипломдық жобаларды қорғау), т.б..
Студенттердің оқуы әр курста өзіндік өзгешеліктерімен ерекшеленеді. Шындығында, орта мектепті оқу жоғароы оқу орындағы оқуға қарағанда ерекшелеу.
Студент іс-әрекетіндегі ерекшелікті бірінші курстан бастап байқауға болады. Оқу материалы, оықтушылар құрамы өзгереді, қоршаған орта ауысады, оқу орны тұратын мекен-жайы, т.б. өзгереді. Бұл барлық өзгерістер студенттің, психикалық жағдайына әсер етеді.
Студенттік жас (18-25 жас) адам өміріндегі ерекше кезең болып табылады, себебі, жалпы мәні бойынша 1-ден 25-ке дейінгі жас, балалық даму кезеңдері қатарындағы ақырғыдан гөрі кемелді жас кезеңдерінің қатарында бастапқы буын болып табылады.
Студент проблкмасын ерекше әлеуметтік-психологиялықжәне жас ерекшелік категориялары ретінде қою еңбегі Б.Г.Ананьевтің психологиялық мектебінікі. Б.Г.Ананьевтің өзінің Н.в.Кузьминнның, Ю.Н.Клютиннің, А.А.реанның, Е.И.Степанованың зерттеулерінде, сондай-ақ, П.А.Просецкий, Е.М.Никиреев, В.А.Сластенин, В.А.Якунин және т.б.еңбектерінде проблема бойынша бақылаулардың үлкен эмпирикалық матьериалдары жинақталған, эксперименттер мен теориялық жалпылаудың нәтижелері келтіріледі. Осы көптеген зерттеулердің мәліметтері студентті әлеуметтік-психологиялық және психологиялық-педагогикалық позициялы оқу іс-әрекетінің ерекше субъектісі ретінде сипаттауға мүмкіндік береді.
Студенттік кез – ерекше әлеуметтік категория, жоғарғы білім беру институтымен ұйымдастырыла біріктірілген адамдардың ерекше қауымдастығы. Бұл әлеуметтік-кәсіби категория ХІ-ХІІ ғ.ғ. алғашқы университеттер пайда болғаннан бері құрылған. Студенттік шақ білімдер мен кәсіби іскерліктерді мақсатты, жүйелі игеруші, ұйғарылғандай табанды оқу еңбегімен айналысатын адамдарды қамтиды. Әлеуметтік топ ретінде кәсіби бағыттылығымен, болашақ мамандыққа тұрақты қатынастың қалыптасқандығымен сипатталады. Бұның өзі кәсіби таңдаудың дұрыстығының, студенттің таңдап алған мамандық жайлы ойының бара-барлығымен толықтылығының мәні болып табылады. Соңғысы мамандыққа қойылатын талаптар мен кәсіби іс-әрекеттерді білуін қамтиды. Зерттеулер нәтижелерінің көрсетуінше, студенттің мамандық жайлы елестетулер деңгейі (біркелкі және біркелкі емес) оқуға деген қатынасының деңгейімен теңестіріледі: студент мамандықжайлы неғұрлым аз білсе, соғұрлым оның оқуға деген ынтасы төмен болады. Сонымен бірге, студенттердің көпшілігі оқуға жағымды қатынаста екені көрсетілген.
Әлеуметтік-психологиялық аспектіде студенттік кезең басқа топтармен салыстырғанда, білімділіктің неғұрлым жоғары деңгейімен және танымдық мотивациясының жоғары деңгейімен еркшелінеді. Сонымен бірге студенттік шақ - әлеуметтік қауым, яғни, ол аса жоғары әлеуметтік белсенділік пен интеллектуалдық, әлеуметтік кемелділіктің жеткілікті үйлесімдіара қатынасымен сипатталады. Студенттік кездің осы ерекшелігін есепке алу – оқытушының әр студентке педагогикалық қарым-қатынас партнері ретінде, оқытушы үшін қызықты тұлға ретіндегі қатынастарының негізінде жатыр. Тұлғалық іс-әрекеттік тұрғыдан студент өзара әрекеттесу субъектісі ретінде қарастырылады. Оған танымдық және коммуникативтік белсенділіктің нақты, кәсіби бағдарланған міндеттерін орындау деген ерекше бағыттылық тән. Студенттік кез үшін оқытудың негізгі формасы таңбалы-контекстік болып табылады (А.А.Вербицкий).
Студенттік кезді әлеуметтік-психологиялқ сипаттау үшін маңыздысы – адам дамуының осы кезеңінң қалыпты экономикалық тұрақтылықтың қалыптасуымен, ата-аналық үйден кетіп, өзінің отбасынқұруменбайланысты болуы. Студенттік кезең – адамның жалпы тұлғаның қалыптасуының сан алуан қызығушылықтардың көрінулерінің орталық кезеңі. Бұл спорт рекордтарын орнату, көркемөнер, техникалық және ғылыми жетістіктерге жету, адамның болашақ «қайраткер», кәсіпкер ретінде қарқынды және белсенді әлеуметтану уақыты. Осыны оқытушы оқу іс-әрекеті мен доғары оқу орнындағы педагогикалық қарым-қатынасты ұйымдастыру мазмұнында, проблематикасында және тәсілдерінде есепке алады.
Б.Г.Ананьев мектебінің зерттеушілері алған мәліметтердің көрсетуінше, студенттік жас - интеллектуалдыққұрылымның күрделі шағы.Осы жастағы адам, бір жағынан, интеллектуалдық мнемологиялықтың «ұйтқысы», екніші жағынан, осы ұйтқыға кіретін функциялармен сипатталады. Оқу тапсырмалары үнемі бір мезгілде меңгеріліп отырған материалдың түсінуінше, ұғынылуынажәне студенттіғңесінде қалуы мен құрылымдануына да, оның сақталуы мен мақсатты өзектілігіне бағытталған. Мәселені осылайша қою бірқатар оқу-әдістемелік зерттеулерде бейнеленуін тапты, мұнда проблемалық міндеттерді орындауда оқу аппаратының студент жадында қалуының, түсінуінің және бекіп қалуының ажырамастығы көрсетіледі. Студенттердің танымдық іс-әрекетін белсендендіру үнеміоқу ақпараттарының есте сақталуы және қайта жаңғыртылуымен қатар жүреді.
Студенттік шақтың көрнекілігі бола отырып, студентеңалдымен оқу іс-әрекетініңсубъектісі ретінде болады, оның өзі, бұрын көрсетілгендей, түрткілермен анықталады.Түрткілердің екі типі, көбінесе, оқу іс-әрекетін сипаттайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет