Ары мектеп педагогикасы



бет66/123
Дата19.07.2024
өлшемі1,31 Mb.
#203614
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   123
Байланысты:
Жоғары мектеп педагогикасы

Ескерту. Деңгейлік саралап оқыту технологиясы оқу жоспарының жылжымалы бөлігі (вариативная часть) арқылы оқытылатын таңдау, факультативтік курстардың болуын, жоғары сыныптарға енгізгілгелі отырған бейінді (профилді) оқытуды, жаңа типтер – лицей, гимназиялардың болуын құптайды. Бұл жердегі шешімін таппай жүрген мәселе – оқытудың мұндай сыртқы саралауы мен ішкі саралаудың (мақсаттар деңгейінен туындайтын) үйлесімді жұмыс істеуі.
2. В.П.Беспалько ұсынған оқытуды технологиялық негізде ұйымдастыруға қойылатын 4 басты шарттар оқытудың әдістемелік жүйесін (мақсат, мазмұн, әдіс, түр, құрал) және дидактикалық процесті (мотив+танымдық қызмет+басқару), яғни, педагогикалық жүйені тұтас осы шарттар талабы тұрғысынан жетілдіруді талап етеді. Педагогикалық жүйені мұндай түрлендірусіз технология құрып, пайдалану мүмкін емес. Әсіресе, мақсаттар таксономиясын пайдалану, оқу мақсатын иерархиялық жүйе тұрғысында анықтау әдістемелік жүйенің қалған элементтеріне де сәйкесті өзгерістер енгізуді талап етеді. Осы себепті деңгейлік саралап оқыту технологиясының авторы оқу процесін осы технологиялық негізде жобалаудан бұрын әдістемелік жүйе мен дидактикалық процестерді аталған талаптар тұрғысынан қайта қарауды ұсынады. Мысалы, дидактикалық процестің толықтығын талап ететін шарт өз кезегінде: а) оқу процесіне мотив қалыптастыру тәсілдерін, оқытудың белсенді әдістерін сұрыптап пайдалануды; ә) Тқ = ӘБН + Оә + Бә + Түзә формуласымен анықталатын танымдық қыземттің (мұндағы Тқ – танымдық қызмет; ӘБН - әрекеттердің бағдарлық негізі; Оә - орындау әрекеті; Бә - бақылау әрекеті; Түзә - түзету әрекеті) оқушының өз бетімен әрекет жасайтын өздік танымдық қызметке айналуын; б) дәстүрлі жағдайда мұғалімнің ғана басқаруымен жүретін оқу-танымдық процестің оқушының өзін-өзі басқаруы (рефлексивті басқару) нәтижесінде жүзеге асатын таным процесіне айналдыруды талап етеді.
Оқушылардың оқу жетістігін объективті бағалау талабы – мүлдем жаңа педагогикалық квалиметрия (білім сапасын өлшеу мен бағалау жөніндегі теория) негізіндегі білім сапасының құрылымы мен түрлерін анықтап, пайдалануды, бағалаудың 5 балдық жүйесі емес, жетілген 12-баллдық жүйесін енгізуді талап етеді. Дәстүрлі бағалаудағы жіберген қателігі үшін «жазалау» тәсілінен нәтижелі әрекетке жетелейтін тәсілдерге көшуді, соның негізінде оқу жетістігін үздіксіз қадағалайтын жүйе енгізуді қажет етеді.
«Педагогикалық технология оқушының өз бетімен жасайтын оқу-танымдық қызметінің құрылымы мен мазмұнын анықтайтын оқу-тәрбие процесінің жобасына негізделуі қажет» делінген шарт білім мазмұнын (оқу материалын) тек орта қабілеті бар оқушыға арналған ақпарат көзі болудан оқушының өз бетімен белсенді жұмыс жасап, дамуына жол ашатын оқу құралына айналуын қажет етеді. Бұл талап орындалу үшін қажет арнайы шарттардың жүйесі анықталған. Мұның үстіне білім мазмұны И.Я.Лернер ұсынғандай 4 элементтік негізде анықталуы тиіс.
Оқу әдістері оң мотив пен танымдық белсенділікті қажет ететін және оқушыларда ізденіс-зерттеу дағдыларын қалыптастыратын әдістер мен тәсілдердің жиынынан тұруы қажет.
Оқу мақсатының диагностикалық (иерархиялық) түрде берілуі - білім мазмұнының сәйкестігі деңгейленіп берілуін, білім сапасының түрлерін (дұрыстығы, толықтығы, жүйелілігі, тереңдігі т.б.) қамтуын талап етеді. Сөйтіп, білім мазмұнының дәстүрлі жағдайда кенжелеп қалған дамытушылық және процессуалдық аспектілері іске қосылады. Оқу мақсатының диагностикалық түрде қойылуы сондай-ақ, оқыту әдістерінің өлшемді моделін енгізуді талап етеді.
Бұл технологияны пайдалану – мақсаттар таксаномиясы мен меңгеру деңгейлерінен туындайтын жаңа сападағы әдістемелік жүйеден туған дидактикалық материалдар: әр тақырып бойынша деңгейлік өздік жұмыстар, деңгейлік бақылау жұмыстарынан тұратын модульдерден құралған оқушының өздік жұмыс дәптерін (немесе оқулық – силлабус) қажет етеді. Мұны екінші жағынан, жоғарыда аталған (технологияның оқушының өз бетімен жасайтын танымдық қызметінің құрылымы мен мазмұнын анықтайтын оқу процесінің жобасына негізделуі қажет делінген) талабы да құптайды.
Жүргізілген эксперимент жұмыстары бұл технологияның «оқушы денсаулығын қорғайтын» технологиялар талаптарын да қанағаттандыратынын дәлелдеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет