Мұғалімнің модуль құрудағы әректтерінің тізбегі:
Модуль құруда мына при нциптерді пайдаланған жөн:
- оқу элементтерінің дербес дидактикалық мақсаттарды біріге отырып, модульдің интегралдаушы мақсаттарын орындауға қол жеткізеді. Ал, барлық модульдердің интегралдаушы мақсаттарын жүзеге асыру - өз кезегінде, модульдік бағдарламаның кешенді дидактикалық мақсаттарын жүзеге асыруға жағдай жасайды;
- жүзеге асырылатын кері байланыс – білімді меңгеру процесінің басқарылуы мен бақылауының негізі. «Ену» және «шығу» бақылауларын қатаң түрде мұғалім жүргізсе, ал ағымдағы және аралық (оқу элементтерінің аралығындағы) бақылаулар оқушылардың өзіндік және өзара бақылауы түрінде өтіледі;
- оқу материалы анық, түсінікті, диалогтық формада түсіндіріледі;
- модуль қрғанда оқушылардың білімді меңгеру логикасы сақталады: қабылдау, еске сақтау, ой елегінен өткізу, қолдану, жалпылау және жүйелеу;
- модуль құрылымы сабақ құрылымы логикасына сай болуы тиіс.
Осы принциптер негізінде мұғалім модуль құру үшін мынадай алгоритм бойынша жұмыс істейді:
1. Модульдің игтералдаушы мақсатын анықтау.
2. Сабақтың түріне және логикасына қарай оқу элементтеріне бөлу (ОЭ).
3. Әр оқу элементінің мақсатын қою.
4. Әр оқу элементінің мазмұнын анықтау.
5. Оқушыларға нұсқау, ұсыныстар әзірлеу. Оқу элементі көбіне мына формада анықталады.
№ ОЭ
|
Тапсырмасымен бірге берілген оқу материалы
|
Мұғалім нұсқаулары
|
|
|
|
Оқу модульдерін құру сондай-ақ, оқушы мен мұғалім қызметіне қойылатын тапсырмаларға, қойылатын талаптар жүйесіне бағынуы тиіс.
Тапсырмалар:
а) пәнаралық және пәнішілік байланыстардың үздіксіздігін қамтамасыз етуі тиіс;
ә) мазмұны мен танымдық дербестігіне қарай болуы керек;
б) проблемаларды іздеуге және шешуге бағытталған болуы тиіс;
в) білімді меңгеру механизмін сипаттайды;
г) өткенді қайталауды қамтиды;
д) модульдің мақсатымен интегралданады.
Оқушының қызметі, оның «жақын даму аймағында» өтеді, ол өзін-өзі басқаруға, әр сабақта оқушының рефлексивтік қабілетін дамытуға бағытталған.
Мұғалім қызметі де дәстүрлі жағдайдағыдан өзгеше болады. Енді оның басты қызметі – модульдік бағдарламалар, модульдердің өзін құру, ынта туғызу, ұйымдастыру, бақылау, қажетті нұсқау беру, яғни, модульдік оқудың мүмкіндігін пайдаланып, оқу процесін рефлексивті басқару болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |