Ары мектеп педагогикасы


Педагогикалық зерттеулердің нәтижелерін оқыту мен тәрбиелеудің тәжірибесіне ендіру



бет58/123
Дата19.07.2024
өлшемі1,31 Mb.
#203614
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   123
Байланысты:
Жоғары мектеп педагогикасы

4.3 Педагогикалық зерттеулердің нәтижелерін оқыту мен тәрбиелеудің тәжірибесіне ендіру

Бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологиялар пайдалану тәжірибеге еніп нәтижелер беруде. Әсіресе, бастауыш сынып мұғалімдері мектептердегі жаңару процесін қызу қолдап, жаңалықтарды жылдам белсенділік танытуда.


Технологиялық процесс - технологиялық біліктердің арнайы жүйесі, олар педагогикалық нәтижеге бағытталған. Педагогикалық технологияның мәні – рухани күштерді шығармашылық бастамалар үшін босату деп тұжырымдайды.
Қазіргі күнгі мектеп бағдарламаларында мұғалім балаға білім, білік, дағды беріп қана қоймай, ақыл-ойын, қабілетін дамытуы, «оқи алуға үйретуі» керек деген міндеттер қояды. Психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерде бұл «дамыта оқыту» технологиясы деп аталып жүр.
Дамыта оқыту идеясының ұзақ тарихы бар. Ерте кезден бастап-ақ ойшылдар білім мен ақыл-ой тәрбиесінің ара қатынасын, олардың бала дамуына әсерін зерттей бастаған. Бізге белгілі алғашқы дидактардың бірі Квинтилиан мектеп алдына баланың қабілеттеріне, ақылының қасиеттеріне, мінез-құлық ерекшеліктеріне сүйене отырып, оның ойының және тілінің дамуына қамтамасыз етуді қойған.
ХҮІІ ғасырдағы Я.А.Коменскийдің дидактикалық жүйесінің негізгі қағидаларының бірінде де баланың ақыл-ой күшін, қабілеттерін дамыту, олардың білімге деген құштарлығын оята түседі делінген.
И.Г.Песталоцци баланың ақыл-ойын, барлық қабілет-қасиеттерін дамыту идеясымен оқыту әдістемесін жасауға әрекет етеді.
Дамыта оқыту ұлы неміс педагогы А.Дистервегтің әйгілі «неміс мұғалімінің білім беру ісіне басшылық (Руководство к образованию немецких учителей)» атты еңбегінде негізгі болып табылады. Дамыта оқыту деп ол баланың білім алуға әрекет етуін ұйымдастыратын оқытуды атаған. «Жаман» мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді» деген.
Бұдан кейін орыстың ұлы ағартушысы К.Д.ушинский де өз дидактикалық еңбектерінде бастауыш мектеп жасындағы балалар оқыта отырып дамыту мәселесіне ерекше тоқталып, арнайы әдістеме жасаған.
Осылай бола тұрғанымен, «дамыта оқыту» ұғымына берілген түсініктер әр түрлі және дамытпайтын оқыту бола ма? Деген сұрақтар жиі қойылады.
Алайда, дәстүрлі оқыту бала дамуына қондырғы болып, дамуға стихиялы әсер етсе, «дамудың соңында жүрсе», ал екінші жағдайда «оқыту дамуды өзімен бірге ала жүреді» деген Л.С.Выготскийдің пікірінен көп нәрсе аңғаруға болады. Алғашқыда, оқытудың тиімділігі алынған білімнің көлемімен, сапсымен өлшенсе, соңғыда білімнің тиімділігі қабілеттің деңгейімен, психикалық әрекеттің негізгі түрлерінің қаншалықты дамығандығымен өлшенеді.
Көп білгенмен ешқандай да шығармашылық қабілеттің болмауы мүмкін, яғни тіпті өзі өте жақсы білетін ғылым саласында да жаңа жағдайлардың, құбылыстардың шешімін өз бетінше таба алмай қиналатын сәттер адамдар басынан жиі өтеді. Бұл қалыптан тыс ойлай алмаудың салдары. Осы екніші деңгейге дамыта оқыту арқылы жеткге болатындығы жайлы өз пікіріміз бар.
«Дамыта оқыту» деген термин психология ғылымының қойнауында туып, баланың дамуын қарастырған (Ж.Пиаже), ойлаудың әр түрлі деңгейін, типтерін (Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн) және басқа да психиканың функциясын зерттеген (Б.Г.Ананьев, Г.С.Костюк, А.А.Люблинская, Н.А.Менчинская) және т.б., іс-әрекет теоретиканың психологиясын жасаған (А.Н.Леонтьев, П.Я.Гальперин) еңбектерінде жан-жақты талданды. Нәтижеде дамыта оқыту проблемасына арналған екі іргелі эксперимент жасалып, оның бірін Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, ал екіншісін Л.В.Занков басқарады.
Зерттеудің мақсаты Л.С.Выготскийдің 1930 жылдардың басында жасаған оқыту мен дамытудың ара қатынас жайлы болжамының дұрыстығын тексеру, нақтылау. Өткізілген зерттеу жұмыстары бастауышта математиканың білім беру ісіне үлкен өзгерістер енгізді. Мысалы, 1969 жылы арифметика курсы математикаға ауыстырылды. Бірақ бұл курста да негізінен назар баланың ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын қалыптастыру, жай типтік есептер шығаруында болып қалды. Оқыту әдістері, сабақ ұйымдастыру түрлері, білім, білік, дағды қалыптастыра бағытталғандықтан, дамыта оқыту идеясы жүзеге аспады.
Одан кейінгі 20 жыл көлемінде дамыта оқыту психология мен педагогика ғылымының келелі мәселесіне айналды. Жүйенің авторлары «дамыта оқыту – деп оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері баланың даму заңдылықтарына сәйкестендірілген оқытуды» - айтады. Оқыту арқылы баланың психикасында жаңа құрылымдар пайда болуы, яғни, жаңа сапалық өзгерістер болуы тиіс деп есептейді. Жүйенің басты мақсаттарының бірі – баланың оқыта отырып жалпы дамыту, оның еркіндігін қалыптастыру, жекелік қасиеттерін ескеру басшылыққа алу, әрі қарай ұшқырлау, тұлғалыққа бағыттау.
Мақсаты балаларға дайын пәндік білім, біліктің белгілі бір жиынтығын берумен шектелетін, нәтижесінде догмалық ойлауы басым, дайын нұсқаулар мен бұйрықтарды орындай білетін адамдарды тәрбиелеу қазір мектепте орын алып отырған дәстүрлі оқыту жүйесі мұндай адамдарды дайындауға негіз бола алмайтындығын өмір көрсетуде.
Сондықтан да шығармашыл, қабілетті адамдар тәрбиелеу үшін дамыта оқыту жүйесін ең негізгі басшылыққа алар нысана деп білеміз.
Оқыта отырып дамыту мәселесіне арналған зерттеулер дәстүрлі оқытуға өзгерістер енгізуіне ықпалын тигізді. Оқыту барысында баланың ақыл-ойын, қиялын т.б. танымдық үрдістерін дамытып қоймай, баланы әр түрлі әрекеттің субъектісі болып қалыптасуын қамтамасыз етуді алдыңғы қатарға шығарады.
Дамыта оқыту идеясын алғашқылардың бірі болып 1959-1960 жылдары қолға алған академик Л.В.Занковтың басшылығымен жасалған бастауышта оқытудың жаңа жүйесін мұғлімдер қауымы үлкен ықыласпен қабылдағанымен, белгілі себептерге байланысты өрістеп кете алмады. Тек 1990 жылы ғана Ресей мектептерінде қайтадан қолданыла бастады. Қазір бұл жүйе дәстүрлі оқытумен қатар пайдаланып келеді.
Л.С.Выготскийдің теориясы Д.Б.Эльконин басқарған шығармашылық топ жұмыстарында әрі қарай жалғасады. Баланың өзін-өзі өзгертуші субъект ретінде дамуына арналған тұжырымдама жасалып, зерттеулер жүргізілді. Екі авторлар тобы да өз жүйелері бойынша оқу бағдарламаларын, оқулықтарын, әдістемелік құралдар дайындап шығарады. Осылайша, дамыта оқыту ғылыми теориядан практикадан іс-тәжірибеге батыл ене бастады.
Дамыта оқыту – дәстүрлі оқытуға балама жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушы өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, соған оқыту барысында лайықты жағдайлар жасалады.
Психологияның зерттеулері бойынша өзінің субъект екенін 2,5-3 жасында-ақ білдіре бастайды. Ол оның «Мен» деген категорияларының көрінуінен байқалады (өзім ішемін, өзім киемін, т.б. түрінде). Мектепке дейінгі балалық шақтың соңына қарай әр түрлі әрекетті өзі орындауға деген талпыныстарын жасайды. Бұл түрлі рольдік ойындарға қатысуда айқындала бастайды. Еркін ойнап, өзін еркін сезіну оның жекелік қасиетін әрі қарай дамытуға қолайлы жағдайлар туғызды.
Ал, мектеп табалдырығын жаңа аттаған бала оқу бағдарламасының, талаптарын орындау, мектептің ішкі тәртібін сақтау, үлкендердің айтқандарын екі етпеу сияқты қатаң ережелер шеңберлеріне түседі. Енді оның субъектілік белгілерінің даму мүмкіндігі азаяды. Өйткені, дәстүрлі мектептің мақстаын шешу үшін мұғалімнің айтқанын дұрыс тыңдап, тура сол түрде қайта айтып беру, тапсырманы қатесіз орындау жеткілікті. Белгілі үлгіден ауытқу, басқа шешім іздеу талап етілмейді.дамыт оқытудың Д.Б.Эльконин – В.В.Давыдов жсаған жүйенің көздеген мақсатына жету тек баланың өзінің белсенділігіне байланысты. Осыған орай, бұл жүйенің әдіс-тәсілдері де оқушының оқу белсенділігін ұйымдастыру, қолдап көмектесіп отыруды көздейді. Бұл жүйенің дәстүрлі сабақтың әдістердің мәні төмендегідей 3 құрамдас бөліктерімен анықталады:
1. Үлгіні көрсету.
2. Түсіндіру.
3. Бақылау, бағалау.
Яғни, мұғалім сабақ мазмұнын жаққсылап айтып түсіндіріп шығады. Содан соң оны меңгертуге арналған жаттығулар орындалады. Бұдан кейін қалай меңгерілгендігін анықтау мақсатындағы сұрау, бағалау ұйымдастырылады. Әрине, жұмыс әртүрлі болып өткізілуі мүмкін. Мысалы: өзі айтып бермей үнтаспадан тыңдау балаға оқыту, т.б.
Қалай болған да өзімізге таныс иллюстрациялы түсіндірме әдістің қатаң тәртібі сақталынуы керек. Баладан ыждағатпен тыңдап, мүлтіксіз орындау ғана талап етіледі.
Дамыта оқытуда баланың ізденушілік-зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталынады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдың, тәсілдің жаңа жағдайды шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайда түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта-ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді. Сабақ мұндайда төмендегідей 3 құрамдас бөліктерден тұратын болады.
1. Оқу мақсаттың қойылуы.
2. Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру.
3. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.
Бұл үшеуі дамыта оқытудың Д.Б.Эльконин-В.В.Давыдов жасаған жүйесінің негізгі компоненттері. Оқушы алдына оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі бермейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосоын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім сабақ процесін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам ролінде. Шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі. Әр оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Әрине, жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенмен әр бала жасаған еңбектің нәтижесін бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірибеден қорытындылауға үйренеді.
Энциклопедиялық сөздікте «технология дегеніміз - өнімді өндіру процесінде шикізаттың немесе материалдың формасын, қасиетін, күйін өзгертетін, оларды өңдеу мен дайындаудың әдістерінің жиынтығы» - деп көрсетілген (Совет энциклопедиялық сөздігі. – М., 1981).
Анықтамалық әдебиеттерде: «технология – techne - өнер, шеберлік және loqos – ғылым, заң», яғни, технология дегеніміз – шеберлік (өнер) туралы ғылым деп берілген.
Білім беру саласындағы «технология» ұғымы өндірістік процестердегі технология ұғымының басты қасиеттерін осы саланы жетілдіру үшін пайдалану ұғымынан туындағаны анық.
«Педагогикалық технология» ұғымының қалыптасуы мен дамуының барысында педагогикалық технология ұғымының мәні түрліше қарастырылады. Қазіргі пайдаланып жүрген мағынадағыдай «педагогикалық технология» ұғымы 1960 жылдардан бастап, бихевиористік, необихевористік тұжырымдардан бастау алатын, «толық меңгерту» теориясына негізделген, жоғарыда атап өткендей нәтиже алуға бағытталған АҚШ және Батыс Еуропа елдерінде практикаға ене бастаған меңгеру технологияларына байланысты пайда болды.
Осы жылдары шетелдерде біршама қолға алынған оқытудың техникалық құралдарын пайдалану, бағдарлы оқыту мәселесі де педагогикалық технологиялар теориясының қалыптасып, дамуына үлкен ықпал етті.
Жалпы оқытудың педагогикалық технологиялары ұғымы педагогика ғылымына жүйелі түрде 1970 жылдардан бастап ене бастады. Кейбір әдебиеттерде оқыту процесін технологияландыруды оған ақпараттық технологиялық құралдарды пайдаланумен байланыстыратын көзқарастар да айтылады. Төменде талданатын «педагогикалық технология» ұғымының мәніне көретініміз мұның бір жақты, алғашқы, үстіртін пікірден туғандығы.
Кеңес Одағындағы педагогикалық технологиялар тақырыбына арналған алғашқы зерттеу жұмысы ретінде академик В.П.Беспальконың «Слагаемые педагогической технологии» (1989) еңбегін атауға болады.
Бұл жұмыстан кейінгі маңызды зерттеулер қатарына И.В.Клариннің, В.М.Монаховтың, Г.К.Селевконың, Т.И.Шамова мен Т.И.Давыденконың т.б. еңбектерін жатқызуға болады. 1990 жылдардың орта шенінен бастап бұл ұғым педагогика курсының оқулықтарына да ене бастады.
Алайда, бұл әдебиеттерде келтірілген педагогикалық технологиялар ұғымына берілген анықтамалардың жалпы негізі бір болғанмен кейбір айырмашылықтары да бар екенін көруге болады.
Педагогикалық технология мәселесіне арналған П.Я.Гальперин, В.П.беспалько, В.В.Давыдов, В.М.Кларин т.б. ғалымдардың еңбектерінде оқыту технологиясын техникалық құралдардың көмегімен оқыту деген ұғынудан бастап, педагогикалық технологияны ғылыми тұрғыдан ұғынуға дейін түрліше пікірлер айтылған.
Б.Т.Лихачев педагогикалық технологияға мынадай анықтама береді: «педагогикалық технология дегеніміз оқыту әдістері – педагогикалық және психологиялық тәсілдер мен құралдардың жиынтығы. Ол педагогикалық процесті тиімді ұйымдастыру құралы».
«Педагогикалық технология дегеніміз мұғалім мен оқушыға ыңғайлы (комфорт) жағдай жасай отыра оқу процесін жобалау, ұйымдастыру мен өткізуге арналған біріккен, жан-жақты ойластырылған педагогикалық қызметтің моделі» - дейді В.М.Монахов.
«Білім беру технологиясы деп мұғалім мен оқушыға ыңғайлы (комфорт) жағдай жасай отыра нәтиже алуға бағытталған оқу процесін жобалауға, бағыттауға және түзету енгізуге арналған олардың біріккен қызметінің процестік жүйесін айтады» (Т.И.Шамова, Т.И.Давыденко).
«Педагогикалық технология – білім беру формаларын оңтайландыруға бағытталған техникалық және адам ресурстарын және олардың байланыстыратын ескере отырып, білімді игеру мен оқыту процесін анықтау, қолдану және жасауға арналған жүйелі тәсіл» (ЮНЕСКО).
Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерге жасалған талдау көрсеткендей, қазіргі педагогикалық теорияда педагогикалық технология ұғымына қалыптасқан көзқарас жоқ, кейбір ғалымдар оқыту әдістерін қолдануды технологияландыру десе, енді біреулері оқытуды техникалық құралдармен қамтамасыз етіп, компьютерлендіру, ал келесі бір көзқарас бойынша дидактикалық жобалар мен педагогикалық жүйені, оны практикада қолданудың тиімділігін арттыру деп санайды. Осының бәрі бұл ұғымның көп қырлылығын сипаттайды, яғни, оны зерттеудің әдіснамалық бағыт-бағдарын негіздеуді қажет етеді.
Педагогикалық әдебиеттерде педагогикалық технология ұғымы үш деңгейде (көзқараста) қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет