Балада агрессияның жойқын білінулеріне қалай жол бермеуге болады?
Балаға сүйіспеншілік көрсету
- шамадан тыс агрессияны
болдырмаудың ең абзал жолы болып табылады.
Ата-аналар өз тарапынан баланың агрессивті мінез-құлқының
себептерін түсінуге және оларды жоюға тырысу керек.
Балаға тасып тұрған қуатын сарқуға мүмкіндік беріп тұрыңыз, ол өзі
жалғыз немесе досымен бірге ойнасын; аса белсенді баланың қолын
бос
қалдырмаңыз, оның тасыған қуаты "бейбіт" мақсатта (спорт,
ғылыми үйірмелер, "көркем өнер" және т.с.с) жұмсалсын.
Зорлық-зомбылық пен қатыгездік көріністері бар фильмдер мен
телебағдарламаларды қарамағаның қадағалаңыз.
Балаға
дос табуға көмектесіңіз, оны құрдастарымен қарым-қатынас
жасауға үйретіңіз, бірігіп жасаған істер
арқылы балалар жалпыға
ортақ мінез-құлық нормаларын тезірек меңгереді.
Балаға қатысты физикалық жаза қолданбаңыз!
Балаға тиімді ізгі ниетті мінез-құлықтың үлгісі болыңыз: оның
көзінше ашу-ыза, ашулану, қорлау, ренжіткендерден кек алу туралы
сөзге және т. б. жол бермеңіз.
Агрессияшылдықты "емдеу"
Балалардың агрессивті мінез-құлқын түзету үшін, агрессияны алдын-алуға
бағытталған тәсілдер де жарамды. Мұндай типті бала үшін бір ғана жылы сөз, бір
жылы лебіз оның өшігуін басуға жеткілікті болуы мүмкін. Мұндай баланы
"бұзылған" деп ойламаңыз. Егер де
сіз осылай ойлай бастасаңыз, сізде баланы
қабылдамау, оны жатсыну сезімі пайда болуы мүмкін. Бұл міндетті түрде балаға
да сезіледі, ал ең жақындарының арасында жалғыздық сезіміне шалдығу, баланың
одан да қиын болуына әкеп соғуы мүмкін.
Егер сізге баланың
агрессиясын жеңу қиын болса, онда дәрігер-
психотерапевт, психоневролог, психолог, педагог сияқты мамандардың көмегіне
жүгінгеніңіз абзал.
Негізгі тұжырымдар
Бірінші кезекте агрессияшылдықтан ең көп зардап шегетін тарап - баланың
өзі, мысалы ол
ата-анасымен араздасады, достарын жоғалтады, үнемі
ашушаңдықта, және көбінесе қорқынышта өмір сүреді. Жоғарыда айтылғанның
бәрі баланы бақытсыз етеді. Мұндай бала үшін ең жақсы ем қамқорлық пен жан
жылуы. Бала әрбір сәт сайын ата-аналар оны жақсы көретінін, бағалайтынын және
қабылдайтынын сезсін. Бала өзінің сізге қажет және маңызды екенін көрсін.