Агрессияның пайдасы неде? Жалпы алғанда агрессияда өмір сүруге қажетті өзіндік оң, сау қасиеттері де
бар, мысалы қайсарлық, мақсатқа жетудегі табандылық, жеңіске ұмтылу,
кедергілерді жеңу сияқты қасиеттер. Сондықтан тәрбие жұмыстары балалардың
мінезінен агрессияшылдықты толық алып тастауға емес, оның жойқын,
бейәлеуметтік көрінісін шектеу мен бақылауға және оның мақсаткерлік,
табандылық, өз-өзіне қорған бола білу, жағымсыз не зиян нәрсеге "жоқ" деп айта
білу сияқты оң көріністерін ынталандыруға бағытталуы тиіс.
Балалар агрессияшылдығының себептері неде?
Агрессия келесі жағдайларда туындауы мүмкін: фрустрацияға реакция ретінде - бұл қажеттіліктерді қанағаттандыру,
эмоционалдық тепе-теңдікке қол жеткізу жолындағы кедергіні жеңу талпынысы;
төтенше шара ретінде - балада өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін барлық
басқа мүмкіндіктер таусылғанда; "жатталып қалған" мінез-құлық ретінде -
баланың өзі үлгі тұтатын өнегесіне (көбінесе ата-аналардың немесе маңызды
ересектердің, әдеби, кино- және телекейіпкерлердің мінез-құлқына) еліктеп,
агрессивті түрде әрекет етуі.
Сондай-ақ, агрессияшылдықты танытуға биологиялық факторлар (жүйке
жүйесінің ерекшеліктері, тұқым қуалаушылық, биохимиялық факторлар) әсер
етеді.
Бала агрессияшылдығының келесі түрлері арнайы араласуды талап етеді: 1. Егер бес жастан асқан бала басқа балалар мен жануарларды азаптағаннан
құмары қанса, мұндай жағдай сирек кездескенімен, әрқашан да психотерапевт пен
психологтың арнайы емін қажет етеді.
2. Гипербелсенді баланың агрессияшылдығы. Мұндай балалар мазасыз әрі
ашушаң болады, сөз көтере алмайды, және қирату мен қиянат жасауға бейім
келеді. Гипербелсеңді балалардың мінез-құлқы ырықсыздығымен, ойланбаған іс-
әрекеттермен, тыйым салуларды бұзумен ерекшеленеді. Мұндай бала іштей
сүйкімді, жомарт, мейірімді болуы да әбден мүмкін, бірақ ми қыртысының
биохимиялық дисбалансы, оның мінез-құлқын аса белсенді етіп жібереді, ал бұны
реттеу өз кезегінде дәрігердің жұмысына айналады.
3. Бала бейуәжді, уағдаласпаған агрессияны танытып, ал тәрбиелік іс-шаралар
нәтижесін бермеген жағдайда.
4. Психофизикалық даму ерекшеліктері бар балалардың агрессияшылдық мінез-
құлқы.