Орындаған: Шүйінішбаева Әмина
Қарым-қатынас — бұл бірыңғай іс-әрекеттің қажеттіліктерінен туындайтын адамдар арасындағы байланыстың дамуының жан-жақты үрдісі. Әдетте тұлғааралық қарым-қатынастың екі формасын қарастырады: монологиялық, бұл кезде серіктестердің біреуіне ғана белсенді қатысушы рөлі беріледі, ал басқасына – пассивті орындаушы, және — диалогтық, қатысушылардың ынтымақтастығынан көрінеді. Екі адам қарым-қатынасы процесін білдіретін сөздер көп емес — әңгімелесу, сөйлесу, диадикалық қарым-қатынас (екеудің қарым-қатынасы). Бұл процеске қатысатын адамдарды сөйлеуші және тыңдаушы әңгімелесушілер немесе қарым-қатынас серіктестері деп атайды.