Қарым- қатынас типтері



бет2/4
Дата16.03.2022
өлшемі497,39 Kb.
#136014
1   2   3   4
Байланысты:
карым кат 2

Қарым-қатынастың типтері:

  • Манипулятивті қарым-қатынас- партнеріне өзінің іштей мақсаттарын жасырын түрде жүзеге асыру үшін жасалынатын қарым-қатынас түрі.
  • Диалогты қарым-қатынас- біріккен таным мен партнер арасындағы өзіндік танымды мақсат еткен бірдей құқықты субъекті өзара әрекет.
  • Императивті қарым-қатынас авторитарлы (әміршіл) форма, партнердің мінез – құлқын, ойын, пікірін бақылау, қатынастағы оны белгі әрекет пен шешімге күштеу мақсатымен жүзеге асырады.

Манипулятивті қарым-қатынас-


Алдап – арбау қарым - қатынасының қоғамдағы ресми орны – бизнес, сауда – саттық, іскерлік, насихат, оқыту болып табылады. Бұл түрдегі қарым қатынасқа демеу берушісі, жаршысы Дейл Корнеги. Оқыту барысында сабақты қызықты өткізу, оқушының ынтасы мен назарын көтеру үшін манипуляцияны пайдалануға болады.
Адам беретін ақпарат – бұл кез-келген нәрсені жасауға болатын материал. Оны бұрмалауға, жасыруға, беру әдісін реттеуге болады. Адамның өтірік айтатындығының ақпараттық көрсеткіштері-бұл адамның эмоционалды жағдайын беретін дауыс пен сөйлеу ерекшеліктері: интонацияның еріксіз өзгеруісөйлеу қарқыны, дауыс тембрі, дауыстағы діріл белгілері, ойлануға мәжбүр етпейтін сұрақтарға жауап беру кезінде үзілістердің пайда болу
- көзқарастың тұрақты болмауы. Бұл дәстүрлі белгі, өтірік айтуға дағдыланбаған адам жалған мәлімдеме кезінде мазасыздықты сезінеді және қарым - қатынас серіктесінің көзқарасын әрең ұстайды және көздерін бір жаққа бұрады;
- сәл күлімсіреу. Өтірікпен бірге жүретін күлімсіреу ішкі шиеленісті жасыруға мүмкіндік береді, бірақ ол әрдайым табиғи көрінбейді;
- көз алмасының қозғалысы. Әр түрлі вегетативті реакциялар-беттің немесе оның жеке бөліктерінің қызаруы, көздің қарашықтарының кеңеюі.
- жалған мәлімдеме жасау кезінде серіктесті бақылау. Өтірік айту арқылы кейбір қатысушылар адамды адастырудың қаншалықты сәтті болғанын бағалауға тырысқандай, қысқа уақыт ішінде серіктестің бетіне назар аударады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет