Диалог — тең құқылық, субъективті қарым-қатынас, оның мақсаты: өзара танып — түсінісу, партнерлер арасында өзін түсіну, өзіндік даму. Диалогты қарым-қатынас жасау, қарым-қатынастың белгілі ережелерін сақтағанда ғана мүмкін. Ең алдымен мәлімет бір жақты болмайды, екі жақты пікір алмасу түрінде өтеді. Мәліметті беруші — коммуникатор, оны қабылдаушы — реципиент деп аталады.
Сондықтан да негізгі мәліметті біреуден екінші адамға беру ғана емес, қарым-қатынас барысында ортақ көзқарас, пікір, ортақ мәнге келу маңызды.
Бұл міндетті орындауда ерекше механизм — кері байланыс іске қосылады, ол рецепиенттің коммуникатордың іс-әрекетін қалай қабылдал, бағалауына байланысты. Сонымен, кері байланыс дегеніміз — коммуникатордың әрекетіне деген реакциясын көрсететін мәлімет. Кері байланыстың берілуі әртүрлі жолдармен іске асырылады. Ең алдымен тура және жанама.
Тура кері байланыстареципиент пікірі ашық түрде беріледі. Мысалы: «сенің пікірің маған ұнамайды», «не айтып тұрғаның маған түсініксіз», т.б. және де әртүрлі қимыл-қозғалыс (жест), ренжу, қуану, т.с.с. бұл түрде тиімді болады.
Жанама кері байланыс— психологиялық мәліметті берудің астыртын түрі. Бұл жағдайда әртүрлі сұрақтар, кекету, күтпеген эмоциялық реакциялар болуы мүмкін. Мұндай жағдайда коммуникатор партнердің не айтқысы келетінін өзі түсінуі қажет. Әрине бұлай түсіну әрқашан дұрыс болмауы мүмкін, сондықтан түсінісу қиынырақ болады.