Сабақты қызықты өткізу қажет! Ол үшін Әр түрлі әдістер мен тәсілдерді қолдану,оларда ойын элементтері басым болуы керек



Дата28.01.2018
өлшемі43,76 Kb.
#35568
түріСабақ
Химия сабағындағы жеті модульді ықпалдастырудың тиімділігі.

Сабақты қызықты өткізу қажет! Ол үшін 1.Әр түрлі әдістер мен тәсілдерді қолдану,оларда ойын элементтері басым болуы керек.

2.Өзім тұрғысындағы іс-әрекеттер,басқалардың жұмысына қарап ,оны бақылап емес, не нәрсе болса да өз қолымен жасаған абзал.

3.Жаңалық. Сабақ мазмұны мен әдістемесінде қандай да болмасын жаңалық

Әдіс-тәсілдер,ой-сергектер,топқа бөлу тәсілдеріболуы керек.

4.Бірлескен жұмыс .Сабақта оқушылар барлық жұмысты бірлесе атқаратын болса,тақырыптың өзектілігі әр шәкірт үшін бірнеше есе өсе түсетіндігі анық.Егерде мүғалім оқу материалын,сабақ тақырыбын оқушылардың мұн-мұқтажымен,олардың өмірімен байланыстыра алмаса,онда сабақтың қызық болмағандығы.Тақырыпты абстракция тұрғысынан емес,оны нақтылап,оқушының өзіне жеке басына қажетті етіп. Оның өмірімен нақты орын алатындай жасап өткізу қажет.

Ашық сабақ әр мұғалімнің –жетістігі.Көпшілік ойлағандай мұғалім тарапынан жасанды қойылатын қойылым емес, бұл мұғалім еңбегімен шығармашылық жетістігі.Мен ұстаз ретінде бұл мәселеге қандай жанасамын.Ең әуелі мен бұрын қолданылмаған жаңа әдіс-тәсілдер еңгізгім келеді.

Мысалы өткен жылдағы жетістікке жеткен сабақтарының бірі-аукцион сабағы тереңдетілген лицей сыныбымен өткізілген.Сабақ өту барысында сабаққа сай әуенді ойлап таптым сабақ барысында оқушылармен ой пікір алмастым. Ең қызығы аукцион сабағымда оқушылар өз қолымен жасалған қол-өнер бұйымдар қойылды.Берілген тапсырмаларға, сұрақтаға тез дұрыс жауап берген оқушылар аукционнан көп өнер бұйымдарға ие болды,жеңіске жетті. Аукцион сабағы-сабаққа шығармашылық жанасу.Аукцион сабағында оқушылардың байқалмайтын қасиеттерін көруге болады.

Ашық сабаққа дайындалған кезде барлық жеті модулді пайдалануға тырысамын.

1.Жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалану.

2.Сыни тұрғысынан ойлау.

3.Бағалау

4.АКТ пайдалану

5.Дарынды балдармен жұмыс.

6.Жас ерекшеліктеріне байланысты оқыту

7.Көшбасшыларды тәрбиелеу.

Осы жылда өткізген ашық сабағым химиялық элементтерді кірістіре отырып сот сабағын өттік.Оқушылардың шынайы өмірде қандай мамандық иесі болғысы келеді.Келешекті өмірін қалай елестеді.Оқушылардың таңдауы бойынша сот, ақтаушы,прокурор,эколог,медик,лаборант,аналитиктер мамаңдығы таңдалды.Өмірде маңыздылығы айтылды,ал ешкім айыпталушы болуды қаламады.

Ойын-үйренудің ең тиімді әдісі деген аксиоманы ұмытпаған абзал,яғни әр әдіспен тәсілдің негізінде ойының идеялары керек.Оқушыларда ойнап жүріп,күрделі мәселелерді шешеміз! Деген көзқарас болуы қажет. Ойын мұнда танымдық әрекеттің ең тиімді әдісі ретінде қарастырылып,жүзеге асырылады. Философтар ойынды бекерден бекер адамзаттың ұлы ұстазыдеп атамайды ғой.

Ойындар өте көп, бірақ нақты химия пәніне ойын дайындау қиын.Өзімнің ашық сабағымда жиі қолданылатын ойын « Бір сөз –бір қадам» : Екі ойыншы бір біріне қарамы –қарсы бұрышқа тұрады. Химия пәніне қатысты терминді,немесе химиялық таңбасын айту керек.Тез көп термин айтқан оқушылар өз тобын жеңіске жеткізеді.

«Аквариум» әдісінде оқушылар екі топқа бөлінеді. Әуелі бірінші топ берілген мәселе бойынша жан-жақты шешімін табуға тырысады,нақты ой- пікірлер мен дәлелдер келтіреді. Мәселені шешуге тырысады. Келесі топ бұл кезде мұқият тыңдайды ,сұрақ қояды. Кейін берілген уақыт бойынша , келесі топпен орын ауыстырады.Мәселені арғарай дамытып, бір шешімге келеді.

«Химиялық лабиринт» Плакатқа әр команда өзі дайындау мүмкін,немесе мұғалім дайындайды. Дұрыс жолын табу керек.

«Жасырын сөз».Әр топтан оқушы таңдап алынып маңдайына стикерге жазылған сөз жапсырады(әліппе,кітап,ауа т.б.)Келесі оқушы осы сөздің баламасын айтады. Мысалы-кітап (төртбұрыш,оқимыз,столда тұр). Ал стикер жабыстырылған оқушыосы сөзді табу керек.Осы оқу жылында «Мирас» университетінен іс-тәжірибеге келген студенттер ,оқушылар арасында «Жүзден жуйрік» сайыс өткізді, студенттер белсене қатысып,көп жаңа идеяларды айтты. Мысалы «Сөз тапқанға қолқа жоқ» , деп аталатын ойыны.

Бұл кезде командаларға түрлі-түсті қағаздарды таңдап алды да,сосын артында, жазылған әріпті көрсетіп,жүргізушы қойған сұрақтарға қолдарында тұрған әріптен басталатын сөзбен жауап береді.

«Ұшқыр ой» деген ойын.Ойының шарты мынандай: командаларға алдын ала біз дайындаған плакат беріледі,сол плакатта бір элемент бейнеленген. Сол элементті қатысушылар қалағандарыңызша өзгертіп бір мағыналы сурет құрастырулары қажет еді.

«Полиглот» ойыны.Жалпылама сұрақ қойылады. Шешімін тауып оны қазақша,орысша,латынша атауларын аударып айту қажет.

Келесі ойыны «Cуреттер сөйлейді».Әр топқа суретті көрсету,тақырыппен байланыстыра отырып оқушылар не суреттелгенін, қандай мақсатпен суреттелген айтады.

«Сандар cөйлейді»: Тақтаға әр түрлі мерзімді сандар жазылады.Осы сандар нені білдіреді?

Ойын сабақтардың тиімді жақтары:

- Мамандыққа шынайы жанасуы (рөлдік ойынға қатысқан мамандар-сот мырза,лаборант,прокурор т.б.)

-Актерлік қабілеттін дамытады.

-Бір өткен тарауды еске түсіреді,қорытындылайды,алған білімдерді көрсетеді.

-Әр түрлі мәселелерді жан-жақты шешімі табуға баяу тырысады

-Зертханалық жұмыстар жүргізеді.

-Оқушылардың ашылмай жатқан қырларын ашады.

-Әр оқушы жұмысына жауапкершілікпен қарайды.

Ойындардың тиімсіз жақтары-

-Күрделі есептерді шығаруға уақыт жоқ.

-Формативті бағалауды қиындатады

Осы мәселелерді шешу үшін төмендегі жұмыстарды жүргіземін:

1)Үлгірмей шығаруға күрделі есептерді күнтізбелік жоспарда есеп шығаруға арналған сабақтарда есептерді шығаруымызға болады.

2)Екінші шешімі-топ басшысына тапсырма-бағалау парағын беру,оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігін бақылап, параққа бағалауға болады.

Мұғалімнің табаңдылықпен шығармашылықпен жұмыс істеуі-режиссер жұмысына ұқсас. Тек айырмашылығы режиссер жылына бір кино немесе пьеса түсіруге дайындалса,мұғалім күнде оқушылар үшін жаңа пьеса,кино түсіру керек.Оқушылардың өмірінде өз орын табуға бастапқы бағыт беруші теқ оқушылар үшін тыңбай еңбек етуші тұлға-мұғалім.





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет