Қарым-қатынас психологиясы Жоспар



бет2/3
Дата20.02.2023
өлшемі1,97 Mb.
#169421
1   2   3
Байланысты:
Психология

Қарым-қатынас формалары:
Тікелей қарым-қатынас - табиғи бетпе-бет, сөздік және бейсөздік (ым, қимыл) құралдар көмегімен жасалынатын толық психологиялық контакт, кері байланыс бір мезгілде өтеді. Бұл - адамдардың бір-бірімен қатынас жасау тарихындағы бірінші формасы.
Жанама қарым-қатынас —қатысушылардың кері байланыс уақытын ұзартатын, не кешіктіретін жазу және техника құралдары арқылы жасалынатын толықсыз психологиялык контакт. Хат жазу, кітап шығару, радиодан сөйлеу т.с. адами қарым-қатынасты күрделеңдіріп жіберді.
Тұлғааралық қарым-қатынас - екі не құрамы өзгермейтін топ ішіндегі таныс адамдардың тікелей контактылары. Тұлғааралық қарым-қатынастың белгілері: қатысушылардың психологиялық жақындығы, бір-бірінің ерекшеліктерін білуі, бірігіп күйзелуі, өзара түсінушілігі, ортақ қызметтестігі.
2. Қарым-қатынастың трансактілі анализі
Трансакция – адамдардың әрқайсысының белгілі бір позицияны ұсынып, өзара әрекеттесу бірлігі.
Эрик Берн қарым-қатынастың трансактілі анализі негізгі 3 позицияны бөліп көрсетеді:
  • Бала;
  • Ата-ана;
  • Ересек адам.

  • Олар күніне бірнеше рет бірін-бірі ауыстырып
    отырады. Адамның жүріс-тұрысында үш
    позицияның біреуі басым болуы мүмкін.

Ата-ана позициясының 2 түрі белгілі:
  • жазалайтын – бұйрық береді, сынайды, тыңдамаған және қате жіберген кезде ұрсады;
  • бағатын - қорғайды, көмектеседі, қолпаштайды, қайырымды, кешірімді болып келеді.

  • Бала позициясы да 2 түрге бөлінеді:
  • тыңдайтын - айтқанның бәрін істейді, қарсылық білдірмейді;
  • тыңдамайтын - қарсылық білдіріп, өз дегенін істеуге ұмтылады.

  • Ең тиімдісі - қарым-қатынасқа түсетін адамдардың әрқайсысының ересек адам позициясын алуы.

3. Вербалды және вербалды емес қарым-қатынас
Қарым-қатынас негізгі екі канал арқылы жүзеге асады: тілдік (вербалды) және тілдік емес (вербалды емес) қарым-қатынас каналдары. Сөйлеу тек қарым-қатынас құралы ғана емес, ол – ақпараттың қайнар көзі, басқа адамға әсер етудің тәсілі.
Тілдік қарым-қатынас құрылымына мыналар жатады:
1) сөздердің мәні мен мағынасы - сөздерді нақты, дұрыс айту, сөйлемдерді дұрыс құру;
2) тілдегі дыбыстық құбылыстар - сөйлеудің темпі, ритмі, интоннациясы, дикциясы, дауыстың жоғары-төмендігі, әуезділігі, тембрі;
3) дауыс шығару көріністері - қарым-қатынас барысында пайда болатын арнайы дыбыстар. Мысалы, күлу, жылау, сыбырлау, күрсіну, “хм-хм”, “эх”, “ах”, т.б. сөздердегі дыбыстар.
Көптеген зерттеулердің көрсетуі бойынша, күнделікті қарым-қатынастың 7 пайызын - сөздер, 40 пайызын - дыбыстар, 53 пайызын тілдік емес өзара әрекеттесулер құрайды.
Тілдік емес қарым-қатынасты зерттейтін ғылымдар:
1. Кинестика адамдардың эмоциялары мен сезімдерінің сыртқы көріністерін зерттейді:
а) Мимика бет-әлпеттің бұлшық ет қозғалыстарын зерттейді;
ә) Жестика дененің жеке бөліктерінің қозғалыстарын зерттейді;
б) Пантомимика дененің бүкіл моторикасын: жүріс-тұрыс, еңкею, қисаю, т.б. қалыптарын зерттейді;
2. Таксика қарым-қатынас барысындағы қол алмасып амандасу, беттен сүю, құшақтау, сипау, т.б. денеге тию әрекеттерін зерттейді;
3. Проксемика қарым-қатынас барысында адамдардың кеңістікте орналасуын зерттейді.
Көпшілік елде жақында дегенді білдірсе, Сингапурда өлімді білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет