Сөз – адам санасының басты белгісі. Тіл, сөйлеу ежелден бері жеке адамның, қоғамның ой-санасын дамытып, жетілдіруде аса маңызды рөл атқарады.
Қарым-қатынаста жұмсалатын сөздің бірнеше қасиеттері бар:
Сөз адам санасында бейнеленген ұғымның жарыққа шығуын қамтамасыз етеді.
Сөз басқа қатысымдық тұлғалардың жасалуына ұйтқы болады.
Сөз өмір шындығын нақтылы мағына арқылы түсіндіре келіп, адам ойының екінші біреуге жеткізілуіне әсерін тигізеді.
Сөз адамдар арасындағы тілдік қатынасты жүзеге асыруға негіз болады.
Кез келген тілде айтылатын әрбір сөздің өзіндік мағынасы, өзіндік құдіреті бар. Мағынасы сөзге ғасырлар бойы салынған, сондықтан оның эмоционалды бояумен айтылуы ғана ауаны шайқауы мүмкін. Қоғам өзгереді, сөз өзгереді, жаңасы пайда болады, ескісі жойылады.
Сөздің таңғажайып қасиеті бар, ол адамның сезімін бойына сіңіре алады. Мұны әсіресе ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан ескі халық әндерінен жақсы көруге болады.
Сондықтан дастархан, бесік жыры, күй әндері олардың көңіл-күйін, энергиясын алып жүреді. Әркім өз көзімен көреді, тек ән айтуға тырысып, күйдің қалай өзгергеніне назар аудару керек.
Сөз сөйлеушінің ойын, сезімін білдііп қана қоймайды, оның мінездемесі де болып табылады. Сондықтан кісінің тәрбиелік деңгейі көбіне сөзінің сипатынан байқалады. Дегенмен, адамның мейірін қандырып, мерейін өсіретін – құр жағын жанып, тілін безеп сөйлей беру емес. ХІ ғасырда өмір сүрген тәжік шайры Кайкавус : «Ұқыптылық атаулының ішіндегі ең жақсысы – ұқыпты сөйлеу»,- дейді. Сөйлеудің тағы бір аса маңызды қасиеттерін аша отырып, өзбектің ұлы ойшыл ақыны Ә. Науаи : «Ас тұзбен дәмді, су мұзбен дәмді. Ал адам салиқалы, сапалы сөзімен мәнді»,- деп көрсетеді.
Атақты академик ғалым И.П. Павлов адамдардың денсаулығын сақтауда, әсіресе, жүрек – қан тамырларының сырқатына шалдықпауда айналадағы адамдар сөзінің әсері зор екенін анықтаған. Сондықтан шәкірттерге айналасындағы адамдарға «ей», «сен» деп, дөрекі тіл қатпай, «сіз» деп сыпайы сөйлеудің мәдениеттілік, ізеттілік қана емес, қарым-қатынасқа жұмсақтық, жайдарлық дарытатын күш екенін ұғындырып отырған жөн.
Сөз арқылы өз ой-пікіріңді, сезіміңді, қуаныш – қайғыңды айтып жеткізу арқылы басқаның да жан дүниесіне еніп, сыр сипатын танып, өзара түсінісу жүзеге асады. Сөз арқылы біреуді риза етуге, көңілін жайландыруға, қиын қыстау жағдайда дем беріп, жігерлендіруге, инабаттылық жолына бағыттауға болады.
Ойың дұрыс болса, сөзің дұрыс, олай болса, ісіңнің иесі де дұрыс. А.П.Чехов.
Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы – ой. Ақылды ой, алғыр сөз адамның ең жоғарғы қасиеті. Ғ.Мұстафин.
Тіріні көрге салар да – сөз, өліні тірілте алар да – сөз. Әлішер Науаи.
Педагогикалық жағдаят №153 Үзілісте екі бесінші сынып оқушылары – бала мен қыз – қатты дауласады.
Жақындаған мұғалім қыздың мектепке алып келген жаңа қымбат телефонын баланың сындырып қойғанын біледі. Бала мұның кездейсоқ болғанына сендіруде. Ал қыз сынған затқа яғни жаңа телефонға ақша төлеуін талап етеді.
Сіз осы жағдайда қалай әрекет етесіз және неліктен? (не істейсіз, не айтасыз және т.б.)
Педагогикалық жағдаят №156 Мақсат алыс ауылда көпбалалы отбасында тұрады. Ата-аналары оған 11 сыныпты бітіруге және орта білім жөніндегі аттестат алуға мүмкіндік бермеді. Отбасына жұмыс қолы керек, сондықтан ары қарай оқу мүмкін емес және ол туралы сөз қозғаудың қажеті де жоқ еді. Бірақ Мақсат оқуын жалғастыруды және оқытушы дипломын алуды армандайды.
Сіз оның арманының орындалуы үшін оған қандай ақыл-кеңес беретін едіңіз? Өз жауабыңызды негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №161 Жоғары сынып оқушылары географияны оқытудың сапасына көңілдері толмай, сабақта бұл жайлы ашық айтады. Наразылықтан қалжыраған жас мұғалім жол табады: «Жақсы, - дейді ол, келесі сабаққа өздеріңіз келесіздер. Өздеріңе «мұғалім» таңдаңыздар, қалай болатынын көреміз». Сіз осы жағдайда қалай әрекет етесіз және неліктен? (не істейсіз, не айтасыз және т.б.)
Педагогикалық жағдаят №162 Соңғы сабаққа келгенде мұғалім сыныптың бос екенін көрді. Оқушылар қашып кеткен... Бұл жағдай тағы да қайталанбас үшін не істеу керек?
1. Ата-аналар жиналысын шұғыл өткізу және оқиғаны талқылау.
2. Сынып жиналысын өткізу.
3. Тәртіпті бұзушыларды мектеп директорына алып бару.
4. Оқиғаның себептерін байсалдылықпен ойлау: мүмкін оған оқушы емес, Сіз себепкер болдыңыз.
5. Сіз осы жағдайда қалай әрекет етесіз және неліктен? (не істейсіз, не айтасыз және т.б.)