Сулкович сынамасы//
***
5 күндік нәресте. Құсу, мазасыздық, құрысулар, үдемелі гидроцефалия анықталады. Окулист қарағанда: хориоретинит, көз аймағы нервтің атрофиясы.Болжам диагнозыңыз:// токсоплазмоз
***
5 жастағы қыз бала. аурудың 3 күнінде клиникаға бастың ауырсынуына, Бір реттік құсуға, бетінде, аяқтарында орналасқан ісіктерге, зәрдің «жуылған ет суы» түсті болуына шағымданады. 2 апта бұрын баспамен ауырғаннан кейін жедел ауыра бастаған, тәуліктік диурез 300-400мл. Болжам диагнозыңыз:// гламерулонефрит
***
Ер бала 9 жаста. Ісіктерге, әлсіздікке, тәбеттің болмауына шағымданып түсті. ЖРВИ-мен жиі ауырады, анасында созылмалы тонзиллит, дерматит. Қарағанда: айқын перифериялық және қуыстық ісіктер. А/Қ- 150/80 мм. сын.бағ. 10 күннен аса сақталады, ЖЗА: айқын селективті емес протеинурия, макрогематурия, цилиндрурия. Ең ықтимал алғашқы диагноз?/ЖГН, нефротикалық синдромы гематурия және гипертониямен
***
Ер бала 6 жаста. Ісіктерге шағымданады. АҚ 110/70 мм сын.бағ. 2 жыл бұрын стрептодермиямен ауырғаннан кейін, асцит, протеинурия пайда болған. Бірнеше рет жағдайының нашарлауымен ауруханаға түсті. Қарағанда: беттің, балтырының пастоздылығы, ішінің ұлғаюы байқалады. Зәр анализінде 4г/л протеинурия, қандағы жалпы белок 48г/л. Болжам диагнозыңыз:// созылмалы гломерулонефрит, нефротикалық форма//
***
2,5 жастағы ер бала жедел ауырды. Қарау кезінде жайылған ісіктер, терісі "алебастра" түсті, орташа тахикардия, АҚ - 95/50 мм сын.бағ. анықталды. Бала белсенді, елгезек. Тамақты қалап жейді. Зәр анализінде белок 10 г/л*ге дейін, эритроциттер 1-2 к/а. Қан анализінде - жалпы белок 45 г/л, гиперхолестеринемия. Бұл жағдайда қандай диагноз болуы мүмкін?// идиопатиялық нефротикалық синдром//
***
Қыз бала 10 жаста, бөлімшеге түскендегі шағымдары: қызуы 38,50С дейін, ішінің ауырсынуына, зәр шығаруының жиіленуіне. Ауырғанына 3 күн болған. Тері жамылғысы бозғылт, ісіктер жоқ. АҚ - 115/70 мм сын.бағ ЖҚА: лейкоциттер -15,6х109/л, нейтрофилдер 85%, ЭТЖ 25 мм/сағ. ЖЗА: белок-0.06г/л, эритроциттер-1-2 к/а., бактериурия, лейкоциттер- барлық к/а. Биохимия: мочевина 5,5 ммоль/л. Болжам диагнозыңыз:// пиелонефрит
***
7 жастағы қыз бала мазасыздыққа, жүрек айнуына, бастың ауырсынуына, бет пен аяқтарындағы ісіктерге, зәр түсінің өзгеруіне шағымданады. Қарағанда: терісі бозғылт, беті ісінкі. Жүрек тондары тұйықталған, АҚ 140/90 мм сын.бағ. ЖЗА: «жуылған еттің суы» түстес, меншікті салмақ: 1008, белок: 0,9 г/л, эр: барлық к/а, лейк. 2 к/а.
Бұл жағдайда қандай диагноз ең ықтимал?// жедел гломерулонефрит, нефритикалық синдром//
***
4 жасар қыз бала ісікпен, АҚҚ - 115/65мм.сын. бағ., олигуриямен ауруханаға келіп түсті. ей. Қалдық азот 36 ммоль/л, мочевина 10,5 ммоль/л, холестерин 7 ммоль/л, шумақтық фильтрация 98%, зәрдің меншікті салмағы 1004-1021, судың реабсорбциясы 98%. Бүйректің функциясы туралы не айтуға болады?// азот бөлу функциясының бұзылысы//
***
7 жасар балада тәбетінің төмендеу, 39 градусқа дейінгі температура, белінің ауырсынуы, жиі зәр шығаруы, лейкоцитурия анықталды. Бүйректің ультра дыбысты зерттеуінде не күтесіз?// тостағанша –астауша жүйесінің кеңейуі//
***
9 айлық бала жедел ауырыды. Жоғары температура, құсу, дене салмағының жетіспеуі, бір ретті құрысулар, сұйық сары нәжіс мазалайды. ЖЗА-нде лейкоцитурия, ЖҚА-нде – абсолютты нейтрофиллез, Копрограммады 2-3 лейкоциттер, ликворде цитоз жоқ, ең мүмкін болатын болжам диагноз:// жедел пиелонефрит//
***
2 жасар ер бала. Шағымдары: мұрыннан көп мөлшерде бөліністердің болуы, көздің қызаруы және ісінуі. Осы шағымдар саяжайда пайда болған. Анамнезінде: бала экземасы, анасында жуғыш ұнтақтарға аллергия. Қарағанда: бала түшкіреді, мұрнын қыржитады, қайта-қайта сүртеді, мұрыннан көп мөлшерде серозды бөліністер, коньюктивалары ісіңкі, жасы ағып отыр. Қандай механизм бойынша бұл ауру дамиды?//тез дамитын аллергия
***
Ер бала, 8 жаста. Құрғақ еріксіз, антибиотик және муколитиктер қабылдағаннан кейін өзгермейтін жөтел және цитрустар қабылдағаннан пайда болатын бөртпе мазалайды. 2 ай бұрын үйде күзен пайда болған. Анамнезінде: жиі тұмаумен аурады. Қарағанда: көніл күйі қанағаттанарлық. Араны сәл ісінкі. Өкпеде перкуторлы – ашық өкпелік дыбыс, аускультацияда –сырыл жоқ. ТЖ= 20 р/мин. ЖСЖ= 85 р/мин. ЖЗА өзгеріссіз. Сіздің диагнозыңыз?//аллергиялык фарингит
***
7 жасар ер бала. 5 жасынан бастап экспираторлы ентігу мазалайды. Жағдайының нашарлауы дене шынықтыру сабақтарынан кейін. ТЖ 36 рет минутына, тыныс шығаруы қиындаған, температурасы қалыпты, перкуторлы қораб дыбыс, барлық өкпе аймақтарында көптеген құрғақ ысқырықты сырыл естіледі. Бауыры қабырға доғасынан +1см шығынқы. ЖҚА – Нв – 118 г\л, Эр. – 4,3х1012 /л, Лейк – 6,3х109 /л, э – 8%, п\я – 1%, с – 48%, л- 29%, м- 8%, ЭТЖ – 3 мм/с. Диагнозыңыз?//юронхиалды астма
***
7 жасар баллада ЖРВИ фонында ұстама тәрізді азапты жөтел, тыныс алудың қиындауы пайда болды. Анамнезінде салқын тиіп жиі ауырған. 2 жасқа дейін тағамдық аллергия болған. Стационарға жатқызылған кезінде ентігу 2 сағатқа созылған. Өкпесінде шашыраңқы құрғақ ысқырықты сырылдар, тахикардия. Болжам диагнозы қандай// бронхиальды астма, ұстамалы кезең
***
Респираторлы аллергозбен ауыратын 8 жасар бала реанимация бөліміне периоральды цианозбен, айқын экспираторлы ентігумен, ұстама тәрізді азапты жөтелмен түсті. Анамнезінде: ентігу 8 сағат бойы сақталып тұр, осы уақыт ішінде 6 рет вентолинмен ингаляция жасалынған. Өкпесінде тынысы әлсіреген, сырылдар жоқ.. Ең мүмкін болжам диагноз // астматикалық статус
***
Ер бала, 2 жаста. Дәрігерге мұрнынан көп мөлшерде бөлініске шағымданып қаралды. Шағымы жаз басталысымен пайда болды. Анамнезінде анасының кір жуғыш ұнтақтарға аллергиясы бар. Қарағанда: бала мұрнын тыржитып түшкіреді, оны сүртеді, мұрнынан көп мөлшерде серозды бөлініс. Араны қызғылт, өкпесінде перкуторлы және аускультативті патология жоқ. Мүмкін болжам диагноз?// аллергиялық ринит (саит- тез дамитын аллергиялық реакция)
***
Катя 6 жаста. Полиурия, салмақ жетіспеушілігі, терісі және тілі құрғақ, бетінде гиперемия, дем шығарғанда ацетон иісі шығуы, бауыры +3см анықталады. Аш қарында гликемия 12.8 ммоль/л. Тәулікті диурезі 2,5литр болғанда зәрдегі қанттың мөлшері 6%. Балада қандай жағдай?// I типті қант диабеті, инсулин тәуелді диабет
***
Қыз бала 12 жаста. Қан диабетімен 4 жыл аурады. Инсулинотерапия тағайындайды. Дене шынықтыруу сабағы кезінде есінен талып қалған, қысқа мерзім құрысулар пайда болған. Терісі ылғалды. Температура қалыпты. Осы жағдайы неге байланысты:// гипогликемиялық кома
***
Ер бала, 6 жаста. Шағымдары: жүрек айнуға, құсуға, іштің ауырсынуына. Анамнезінде: шөлдеу, тәбетінің жоғары болуы, жиі кіші дәретке отыру. Объективті тексеру кезінде терінің құрғақтығы, дене салмағының төмен болуы, аузынан ацетон иісінің шығуы анықталды. Қант диабеті диагнозы қойылды. Қай синдром оның ауыр ағымын анықтайды?// кетоацидоз
***
8 айлық ер бала. Шағымдары: психомоторлық дамуының қалыс қалуына, әлсіздікке, ұйқышылдыққа, адинамияға. Жетіліп туылған, туғандағы салмағы 4100,0; туылған бастап емуі әлсіз, салмағын нашар қосады. Қарағанда: өздігінен отыра алмайды, мойны қатаймаған, салмағы 6300,0. Терісі құрғақ, бозғылт, болбыр; бұлшық ет тонусы айқын төмендеген. Өкпеде пуэрильды тыныс, жүрек тондары тынықталған, брадикардия. Іші ұлғайған, тілі үлкен, кіндік жарығы анықталған. Дәреті іш қатуға бейім. Сіздің негізгі диагнозыңыз?// туа біткен гипотиреоз
***
Ер бала, 3 жаста. Фебрильді қызбамен, бас ауруы, құсу, желке бұлшықеттерінің ригидтілігі, бір рет тырысуы бар жедел басталған аурумен келіп түсті. Қарағанда: жөтел, ентігу, айқын локальды перкуторлы өзгерістер. Пневмонияға күдікті болғаны байланысты кеуде қуысының рентгеніне жіберілді. Осы пневмонияның ең ықтимал орналасуын таңдаңыз// жоғары бөліктік немесе ошақты или сегментарлы бөліктік
***
Ер бала 5 жаста. Полидипсия, жиі зәр шығару, терісінің ірінді зақымдалуы анықталады. Анамнезінде не анықтау керек?// Қант диабеті бойынша тұқым қуалаушылық
***
Пубертат жасындағы қыз бала. Шағымдары: қолдарының дірілі, эмоциональды лабильділігі, жоғары белсендік. Қарағанда: АҚ 130/60 мм сын.бағ., терісі ылғалды, қоз алмасы кенейген, бауыры +0,5 см. Ісіктер жоқ. Ең ықтимал диагноз?// диффузды токсикалық жемсау
***
1 жас 3айлық жастағы қыз бала. Салқын тиюден кейін фебрильды қызба, құсу, мазасыздық. Терісі таза, аранында кілегей қабатының айқын емес гиперемиясы бар. Тынысы везикулярлы, сырылдар жоқ. Іші жұмсақ, пальпацияда ауырсынусыз. Жиі кіші дәретке отырады. Нәжісі сүйық, күніне 2 рет. Перифериялық қанда: лейкоциттер – 16,9х109, олардың ішінен сегментоядролық 55%, таяқшаядролық 12%, ЭТЖ 28 мм/сағ. Несепте белоктің ізі, тұнбада – лейкоциттер 30-50 к/а. Қандай патологиялық процесс туралы ойлауға болады?// жедел несептік инфекциясы
***
6 жастағы қыз балада өзенде шомылғаннан кейін поллакиурия, кіші дәрет кезінде ауырсыну анықталады. Температура субфебрильды. Ісік және гипертензия жоқ. Несепте орташа лейкоцитурия. Ең ықтимал диагноз?// зәр шығару жолдарының инфекциясы
***
2 жастағы бала, бір апта бойы жөтеледі. Нашар түсетін жоғары дене температурасымен ауруханаға түсті. Қарағанда: аралас ентігу, оң жағынан жауырын бұрышы астында тынысы әлсіреген, крепитациялаушы сырылдар естіледі. Ең ықтимал диагноз?// пневмония
***
7 жасар ер бала. 3,5 айға созылған өнімді жөтелдің қайталамалы эпизодтары. Тексергенде: өкпесінде диффузды сырылдары бар. Созылмалы бронхит диагноз қойылды. Диагностиканың негізгі критериі не болып табылады// биопсия материалы – бронх кілегейінің зақымдалуы//
***
4 жастағы балада туылғаннан бастап жөтел мазалайды, кейінгі жылдары іріңді жабысқақ қақырыкпен жөтел, тұрақсыз көп мөлшерде сасық иісті нәжіс пайда болды. Қай патология туралы ойлауға болады?// муковисцидоз, аралас түрі
***
10 айлық ер балада субфебрильды қызба фонында қосымша бұлшықеттер қатысуымен экспираторлы ентікпе пайда болды. Аускультацияда – қатқыл тыныс фонында құрғақ ысқырықты сырылдар. Ауыз-мұрын үшбұрышының аздаған цианозы. Ең ықтимал диагноз?// обструкивті бронхит
***
5 жастағы балада көктемде серуендеу кезінде құрғақ жөтелмен қосарланған тұншығу ұстамасы пайда болды. Ұстама дәрі қабылдауынсыз тез басылды. Мұндай қысқа мерзімді ұстамалар өткен жылы да байқалды, бірақ ата-анасы дәрігерге қаратқан жоқ. Анамнезінде - тағамдық аллергия. Тыныс демікпесіне күдік пайда болды. Қандай ауру ағымы орын алады?// үзік-үзік (интермиттерлеуші)
***
1,5 жастағы ер бала, ауруханаға мазасыздыққа, екі реттік құсуға, сұйық нәжіске (күніне 3 рет), жөтелге шағынданып түсті. Дене температурасы 38,50С. Тері жамылғысы бозғылт-сұр, тері серпімділігі сақталған. Ентікпе, ТЖ минутына 68 ретке дейін, қосымша бұлшықеттердің қатысуымен. Пульс 136 рет минутына. Рентгенограммада – оң жақтық төменгі бөліктік пневмония. Қан анализінде лейкоцитоз 19х109/л. Бұл жағдайда қандай синдром басты болып табылады?// тыныс жетіспеушілік
***
10 айлық бала 2 күн бойы мұрынның бітілуі анықталған, содан сон ылғалды жөтел, субфебрильды қызба қосылған. Қарағанда: өкпесінде қатқыл тыныс, шашыраңқы тұрақты емес әртүрлі калибрлі ылғалды сырылдар, перкуторлы корап дыбыс анықталған. Ең ықтимал диагноз?// жедел жәй бронхит
***
3 айлық қыз бала. Температурасы қалыпты. Ауруханаға ұстама тәрізді құрғақ жөтелге, мазасыздыққа, дем шығаруының ұзаруымен ентікпеге және кеуде клеткасының жұмсақ жерлерінің тартылуына шағымданып түсті. Өкпесінде екі жағынан шашыраңқы, құрғақ, ысқырықты сырылдар. Ең ықтимал диагноз?// обструктивті бронхит
***
3 айлық балада үйінде 4 күн бойына жоғары температура, тәбетінің жоғалуы, жөтел байқалады. Өкпесінде оң жағында әлсіреген тыныс. Пневмония диагнозы қойылды. Осы жағдайда инфекциялану шарты бойынша қандай пневмония орын алады// ауруханадан тыс пневмония
***
8 айлық қыз балада дене температурасы субфебрильді. Ауруханаға қиын бөлінетін қақырықты жөтелге, мазасыздыққа шағымданып келді. ТЖ 40 рет 1 минутта. Өкпесінде екі жағынан шашыраңқы құрғақ және ылғалды сырылдар естіледі. Осы ауруда кеуде клеткасының рентгенограммасында не күтесіз// өкпе суретінің күшеюі (усиление легочного рисунка)
***
10 айлық бала ошақты пневмония бойынша стационарда ем қабылдап жатыр. Жөтел, t 38, , қосымша бұлшықеттің қатысуынсыз, тыныш жағдайда болмайтын өзгермелі ентігу мазалайды. Цианозы периоральды, тұрақты емес. ЖСЖ:ТЖ= 3,5-2,5:1. Қандай синдром орын алады?// тыныс жетіспеушілік, I дәрежесі
***
Мектеп жасындағы балада 2 жыл бойына қайталамалы (жылына 5 ретке дейін) обструкция белгілерінсіз жөтел эпизодтары байқалды. Тексергенде өкпесінен шашыраңқы құрғақ және ылғалды сырылдар естіледі. Ауру эпизодтарының ұзақтығы 3 аптаға созылады. Рентгенограммада өкпе суретінің күшеюі. Қандай ауру болуы мүмкін// қайталамалы (рецидивті) бронхит
***
3 күндік нәрестеге төменгі ішек өтпеушілігіне байланысты операция жасалған. Операцияда: илеоцекальді аймақта үлкен көлемді, тұтқыр тоңғақ. Болжам диагнозыңыз:// муковисцидоз
***
Балада стрептодермия мен ауырғаннан кейін ісіктер, гипертензия пайда болды. Процесс қай жерде орналасқан:// шумақшада
***
7 күндік нәресте. Көніл күйі қанағаттанарлық, өмірінің 3-ші күні пайда болған терісі мен склераның сарғаюы анықталады. Терісінде бөртпелер жоқ. Бауыры мен талағы ұлғаймаған. Нәжісі қалыпты түсті. Қанда тіке емес билирубин есебінен гипербилирубинемия, трансаминазалар қалыпты. Қандай болжам болу мүмкін?// симптомдардың өздігінен кетуі
***
5 жастағы ер бала жедел ауырды. Балада: артралгиялар және симметриялы папулезді-геморрагиялық бөртпелер аяқ-қолдарында, әсіресе тізе мен аяқ-бас буындар аймағында айқын болып келген, дене қызуы субфебрильді. Зәрінде-микрогематурия, ЖҚА-қалыпты. Болжам диагнозыңыз:// геморрагиялық васкулит
***
6 жастағы қыз балада денесінде, аяқ-қолдарында симметриялы емес геморрагиялық бөртпелер, мұрыннан көп мөлшерде қан кету пайда болды. Бауыры мен талағы ұлғаймаған. Лейкоцитарлы формуласы өзгеріссіз. Ең ықтимал диагноз?//идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура
***
12 жастағы қыз бала бірнеше ай бойы ауырады. Қызба, денесінде бөртпелер, іш құысымен перикардта экссудат, зәрінде протеинурия, гематурия анықталды. Қан анализінде ЭТЖ жоғарлаған, анемия, лейкопения. Сіздің болжам диагнозыңыз:// Жүйелі қызыл жегі
***
12 жастағы бала. Қоздырғыштық, артралгиялар, тұрақсыз жүріс, баспалдақпен көтерілуі қиындалғаны мазалайды. Балтыр және білек бұлшық еттерінің пальпациясында қамыр тәріздес тығыздығы анықталады. Қанда: креатифосфокиназа, ЭТЖ жоғарлаған. Болжам диагнозыңыз:// дерматомиозит
***
1,5 жастағы бала. Салмақ аз қосуы мазалайды. Бронх-өкпелік аурулармен ауырмайды. Қарағанда: терісімен кілегей қабаттарының цианозы, тахикардия, тахипноэ, «дауылпаз таяқшалары», жүрек шекаралары кенеймеген, жүрегінде систолалық шу естіледі. Дене қызуы қалыпты. Өкпеде сырылдар жоқ. Ең ықтимал диагноз?// ТБЖА көк типі
***
1,5 жастағы бала. Емшек жасында кезек кезек құсу, нашар салмақ қосуы анықталды. Қарағанда «құыршақ беті», іші ұлғайған, бауыры +6см, талағы пальпацияланбайды, нәжісі өзгермеген. Қанда гипогликемия, трансаминазалар қалыпты. Ең ықтимал диагноз:// гликогеноз I түрі//
***
Баланың физикалық дамуын бағалағанда салмағы бойынша жетілуі 2 аймаққа, кеуде шенбері - 2 аймаққа, бойы – 7 аймаққа сәйкес келеді. Физикалық дамуының қосындай процессінің себебі қандай?// айқын дисгармониялық
***
Қыз бала 6 жаста. Тез оқиды, А.Барто, К.Чуковскийдің барлық тақпақтарын жатқа біледі. Физикалық дамуын бағалағанда бойы 7 аймаққа, кеуде шенбері –6 аймаққа, салмағы –7 аймаққа сәйкес келеді. Негізінен ауырмайды. Әкесі швед, анасы орыс. Физикалық дамуының қандай процесі осы жағдайға тән?// акселерацияның гармониялық түрі
***
14 жастағы ер бала қол-бас, аяқ-бас және тізе буындарының ауырсынуына, ісінуіне, қозғалысының шектелуіне, танертенгілік құрысуына шағымданады. Науқас 4 ай бойы ауырады. Аурудың этиологиясы?// иммунопатологиялық
***
5 жасар ер бала ауруханаға 1 жастан басталған геморрагиялық синдроммен (гематомалар) түсті. Қарағанда тізе буынның деформациясы анықталады. Ішкі мүшелер жағынан ерекшеліксіз. Коагулограммада: плазманың рекальцификация уақыты және белсендірілген тромбопластин уақыты ұзарған. Ең ықтимал ауру?// тұқым қуалаушылық
***
3 күндік ер бала. Анасын баласының терісі мен склерасының сарғыш түске боялуы мазалайды. Анамнезінен: бала І жүктілік, І босанудан, туылғандағы салмағы 2600,0, бойы 50см. Ана сүтімен қоректенеді, емуі белсенді, лоқсу белгілері жоқ. Нәжісі тұрақты, тәулігіне 5-6 рет, сары түсті. Қан анализінде бос билирубин деңгейі 178 ммоль/л. Сарғаюдың қай түрі?// жаңа туған нәрестелердің физиологиялық сарғаю
***
1,5 жастағы қыз бала. Мамасын мазалайды баланың жардан ақ жалайды. Қарағанда терісі және кілегей қабаттары бозғылт, тырнақтары сыңғыш. Қанағыштық жоқ. Жүрек тондары дыбысты, ырғақты, жүрек ұшында қысқа систолалық шу естіледі. Бауыры +1см, талағы пальпацияланбайды. Сары судағы темір 7 ммоль/л. Ең ықтимал ауру?// теміржетіспеушілік анемия
***
2 жастағы бала аурухананың қабылдау бөліміне құрысу синдромымен түсті. Объективті: бала сары шашты, көк көзді, дене бітімі қалыпты, денесінен «тышқан иісі» сезіледі, қол терісінде экзема элементтері, психомоторлы дамуы айқын қалыста. Ең ықтимал диагноз?// Фенилкетонурия
***
1,5 жастағы бала 40 жастағы анадан туылған. Қарағанда келесі белгілер анықталған: жалпақ бет, кең көз аралығы, «монголоидті» көз қиылуы, психомоторлы дамуының қалыс қалуы, төстің сол қырында дөрекі систоликалық шу, бұлшық ет гипотониясы. Балада қандай ауру болуы мүмкін?// Даун ауруы
***
1,5 жастағы бала 40 жастағы анадан туылған. Қарағанда келесі белгілер анықталған: жалпақ бет, кең көз аралығы, «монголоидті» көз қиылуы, психомоторлы дамуының қалыс қалуы, төстің сол қырында дөрекі систоликалық шу, бұлшық ет гипотониясы. Аурудың шығу тегі қандай// хромосомды//
***
Балада кең мойын, мойынның қапталында қанат тәрізді қатпар, шашының нашар өсуі, ТБЖА, саусақтар аномалиясы, жыныстық инфантилизм байқалады. Хромосомдық ауру болжалды. Сіздің алғашқы диагнозыңыз// синдром Шерешевского – Тернера
***
Женя К., 1,5 жаста. Физикалық дамуы қалыпты. 10 күн бойы белсенділігі төмендеген, тәбеті нашар. ТЖ 36 рет минутына. ЖСЖ 118 рет минутына. Цианоз жоқ. Жөтел жоқ. Өкпесінде сырылдар жоқ, тынысы біркелкі таралған. Жүрек шектері көлденеңінен кеңейген. Жүрек тондары тынықталған, ырғақты, жүрек ұшында айқын емес систолалық шу естіледі, тұрғанда күшеймейді. Бауыры +1см. Ісіктер жоқ. Бұл жағдайды не шақыруы мүмкін?// басынан кешкен вирусты инфекция
***
8 айлық балада туғаннан тері және кілегей қабаттарының цианозы, физикалық дамуда қалыс қалу, төстің сол жақ қырында, максимальды II-III қабырғааралықта естілетін қарқындылығы орташа систолалық шу көрініс береді, екі рет ентігу-цианозды ұстамалар байқалған. Қай зерттеу әдісі диагнозды нақтылауға мүмкіндік береді// ЭхоКГ
***
6 айлық бала. Физикалық дамуында қалыс қалады. Туылғаннан бастап балада жүрек жетіспеушілігі, акроцианоз. Тері жамылғысы мен көзге көрінетін кілегей қабаттары орташа көгерген, бала мазасызданғанда көгеру күшейеді. Жүрек шектері кеңейген. Жүрек тондары дыбысты, ырғақты, төстің сол жақ қырынан, максимальды II-III қабырғааралықта систолалық шу естіледі. Рентгенограммада жүрек көлеңкесі «бүйірінен жатқан жұмыртқа» тәрізді. Сіздің диагнозыңыз?// ТБЖА. Магистральды тамырларының транспозициясы
***
Бала артрит басталғаннан кейін 2-ші күні ауруханаға жатқызылды. Дене температурасы 37.8°С, буындардың ауырсынуы мен ісінуі сақталады. Жүрек ұшындағы систолалық шу ұзағырақ, ЭТЖ - 45 мм/сағ. Антибиотикотерапияны өткізуге қатысты сіздің тактикаңыз?// пенициллин тағайындау б/е
***
Саша Е., 12 жаста. 8 күн бойы ауырады. Дене қызуының 37,50С-ға дейін көтерілуі, оң жақ шынтақ буынының ауырсынуы мен ісінуі байқалады. Қарағанда тілерсек буындары ісінген, басқа буындары өзгеріссіз. Жүрек шектері кенеймеген. Жүрек тондары тынықталған, V нүктеде әлсіз диастолалық шу естіледі. ЖСЖ 1 минутта 80 рет. Қан анализінде ЭТЖ 30мм/сағ. аурудың себебі қандай?// стрептококк
***
10 жасар бала, анамнезінде жедел ревматикалық қызба, объективті қарағанда «мысық пырылы», жұрек ұшында шапалақ тәріздес I тон және диастолалық шу. Ең ықтимал диагноз?// митральды стеноз
***
Костя А., 9 ай. Ауруханаға ентігумен түсті. 1 ай бұрын ЖРА ауырған. Физикалық дамуы жасына сай. Терісі бозғылт, ісіктер жоқ. Катаральды белгілер жоқ. Өкпеде сырылдар естілмейді. Жүрек шектері сол жаққа кеңейген. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты, жүрек ұшында қысқа систолалық шу естіледі. ЖСЖ-132 рет минутына. Бауыры +2 см. Ісік жоқ. Осы жағдайда қан анализінде қандай өзгерістер болу мүмкін?// спецификалық өзгерістің болмауы //
***
Асқар, 3 жаста. Ауырғанына 4 ай, осы уақыт бойына сол жақ аяқбасы буынының артриті сақталады. Полиадения анықталған, ішкі мүшелер жағынан өзгерістер жоқ. Сіздің болжам диагнозыңыз?// ювенильный ревматоидный артрит
***
Арман, 10 жаста. Клиникасында анықталады: Рейно синдромы, жұтудың бұзылысы, өкпелік гипертензия, саусақтарын бүгудің қиындауы, қол басы аймағында терінің тығыздалуы. Сіздің болжам диагнозыңыз?// жүйелі склеродермия//
***
Балада ТБЖА анықталған. Қарағанда терісінің бозаруы, шаршағыштық, аяқтарының ісінуі, бауыры +3 см қабырға доғасынан шығыңқы, тахикардия. Жөтел жоқ, өкпеде тыныс өткізіледі, сырыл жоқ. Қандай жағдай/ауру ең ықтимал?// + оң жақ қарыншалық жүрекшелік жетіспеушілік//
***
Катя, 2,5 айлық. Туылғаннан бастап жүрегінде органикалық шу естіледі. Қарағанда акроцианоз, жөтел, үнемі ентігу. ТЖ- 62 рет, ЖСЖ- 152 рет минутына. Өкпеде тынысы қалыпты, сырыл жоқ. Бауыры +3см. Аяқтарында ісіктер. Диурез төмендеген. Рентгенологиялық пневмония анықталмаған. Қандай жағдай/ауру деп ойлайсыз?// бивентрикулярлы жүректік жетіспеушілік
***
Арман К., 2 жас 1 айлық бала. 2 апта бұрын ЖРВИ-мен ауырған. Содан соң ентігу пайда болды. Қарағанда бала белсенді емес, ТЖ- 40 рет, ЖСЖ- 120 рет минутына. Жөтел ылғалды. Өкпеде локальды симптоматика жоқ. Жүрек шектері кеңейген. Жүрек тондары тұйықталған, жүрек ұшында қысқа систолалық шу естіледі. Бауыры +3 см. Балтырлары ісіңкі. Қандай жағдай/ уру деп ойлайсыз?// энергетикалық – динамикалық жүректік жетіспеушілік//
Бір ай бұрын стрептодермиямен ауырған 10 жастағы балада хорея, кардит, артрит анықталды. Созылмалы тонзиллитпен жиі ауырады. Ем алған. Келесі алдын алу неге бағытталуы керек?//
***предотвращение внутричерепной гипертензии
Ұл бала, 1 жас 6 айда. «ТБЖА. ҚАПМ» диагнозымен бақыланады. Қарау кезінде берінің бозғылттығы, шаршағыштық, дене салмағының жетіспеуі, тыныштық кездегі ентігу және тахикардия, жөтел анықталады, температура жоқ. Өкпесінде сырыл жоқ. Кеуде қуысының рентгенограммасында инфильтративті көлеңкелер жоқ. Бұл жағдайда қай препарат ең тиімді?//
Достарыңызбен бөлісу: |