***уровень фактора 3
12 жасар бала, бірінші рет тіс жұлғаннан кейін бірден қан кете бастады, 5 сағат бойы қан тоқтамады. Қарау кезінде теріде көптеген көгерулер, склераға қан құйылу, бозғылттық байқалады, мүшелер бойынша патология жоқ. Үйде бірреттік шамалы мұрыннан қан кету болды. Бірінші кезекте қандай зерттеу жүргізу керек?//
*** тромбоциттер санын анықтау
Қыз бала, 6 жаста. Ауруханаға іштің айқын ауырсынуымен, тізе буынының ісінуі мен ауырсынуымен, аяқ-қолдарындағы папулезді геморрагиялық бөртпемен, қызбамен түсті. Гепарин, курантил, аскорутин алды. Бөртпе қайталап шыға береді, некроз пайда болды. Аурудың ауырлығын ескере отырып, еміне қай препаратты енгізу маңызды?//
***глюкокортикоид
4 жастағы қыз бала, 1 ай бойы анорексия, тез шаршағыштық байқалады, жата беруді ұнатады. Соңғы аптада терісі айқын бозарған, теріде бөлек қан құйылулар, периодты түрде температуралық «балауыздар» анықталды. Бірінші кезекте ЖҚА-нан бөлек қандай зерттеу жүргізу қажет?//стерналды пункция
***
5 жастағы бала, мальабсорбция синдромымен ауырады, салмақ жетіспеушілігі бар. Терісі, кілегей қабаттары бозғылт, трофикалық бұзылыстар, эпителиальды синдром, астеникалық синдром. Қанда гипохромия, гемоглобиннің 80г/л дейін төмендеуі. Бұл анемияны емдеудегі негізгі принцип болып табылады//
***темір препараттарын тағайындау
4 жастағы бала, гематологиялық бөлімшеге бірінші рет қызба, интоксикация, лимфа түйіндерінің ұлғаюы, бауыр ұлғаюы, терідегі геморрагиялық бөртпелер шағымдарымен келіп түсті. Қанда анемия, тромбоцитопения, лейкопения анықталады. Жұлын-ми пункциясын тағайындай отырып, дәрігер қай ауруды болжап отыр// ЛЕЙКОЗ
***
Гастроэнтерологиялық бөлімшеге 10 жасар қыз бала тамақ ішкеннен кейін пайда болатын (жиі түстен кейін) эпигастрий аймағындағы тұрақты, сыздап ауыратын ауырсынуға, тәбетінің төмендеуіне шағымданып түсті. Асқазанның толып кету сезімі, қышқыл дәммен немесе ауамен кекіру мазалайды. Бұл шағымдар 8 жасында пайда болды. Ең ықтимал диагноз?//Созылмалы гастродуоденит,дискинетикалық түрі
***
Қыз бала 12 жаста. 1,5 жыл бойы тамақ ішкеннен30-40 минут кейін эпигастрий аймағындағы ауырсыну, түнгі ауырсыну, кекіру, жүрек айну, сирек құсу, аузынан жағымсыз дәмнің болуы мазалайды. Тәбеті сақталған. Аурудың этиологиясың анықтау үшін қандай зерттеу қажет://Хеликобактер пилори анықтауға тыныстық сынама
***
11 жастағы қыз бала тәбетінің төмендеуіне, аузынан ащы дәмнің болуына, мазасыздыққа, шаршағыштыққа, майлы тамақтан кейін оң жақ қабырға доғасы астында ұстама тәрізді ауырсынуына шағымданады. 3 жыл ауырады. Диагнозды болжамдау үшін алдымен қандай тексерістен бастау керек://
***Өт шығару жолдарының УДЗ
11 жастағы бала, 2 апта бойы тәбетінің төмендеуіне, тамақтан кейінгі эпигастрий аймағында пайда болатын сыздап ауырсынуға, кеше бірреттік құсуға шағымданады. Бауыры ұлғаймаған. Кэр, Ортнер симптомдары теріс мәнді. Іш қату. Қай зерттеу әдісі диагнозды нақтылауға мүмкіндік береді// Фиброгастродуоденоскопия
***
9 жастағы ұл бала, 6 ай бойы эпигастральды аймақтағы ауырсыну, әсіресе диета бұзғаннан кейін пайда болатын ауырсыну, жүрек айнуға шағымданады. Іштің терең пальпациясында эпигастральды аймақта ауырсыну байқалады. Қандай зерттеу әдісі диагнозды нақтылайды?//
***фиброгастродуоденоскопия,өт қабы узи
10 жасар қыз бала, физикалық жүктемеден кейінгі дамитын оң жақ қабырға астының жалобы периодты түрдегі қысқа мерзімді шаншып ауырсынуға шағымданады. Ауырсыну құсумен, іштің ауырлық сезімімен бірге жүреді. Ауырсынуды басу үшін не тағайындау керек//
***но-шпа
Жеті жастағы балада соңғы уақытта оң жақ қабырға астында кернеу сезімі, жүрек айну, ауызға ащы дәмнің келуі, тәбетінің төмендеуі пайда болған. Тексеру кезінде созылмалы холецистит анықталған. Төменде көрсетілген эхографиялық көрсеткіштердің қайсысы диагнозды нақтылайды?//өт қабы қабырғасының қалыңдауы
***
Баланы шаршағыштық, ұстамалы, жедел айқын ішінің ауырсынуы, дене қызуының көтерілуі мазалайды. Ішінің пальпация кезінде оң жақ қабырға астында ауырсыну, Кер, Мерфи 0симптомдары оң мәнді. Қан анализінде аздаған лейкоцитоз. Нәжісі қалыптасқан. Қай зерттеу әдісі нақты диагноз қоюға көмектеседі?//бауыр мен өт қабының удз
***
Дәрігерге 11 жастағы бала 5 ай бойы аш қарынға ішінің ұстама тәрізді ауырсынуы, қыжылдау, сирек жағдайда құсу, іш қату шағымдарымен келіп түсті. Қарау кезінде терісі бозғылт, ішті пальпациялағанда эпигастрий аймағында ауырсыну байқалады. Бауыры мен талағы ұлғаймаған. Грегерсон сынамасы оң мәнді. Балада не болуы мүмкін//Асқазан-ішектік қан кету
***
Қыз бала, 8 жаста, майлы тамақ қабылдағаннан кейін периодты түрде жүрек айну, батып, сыздап ауырсыну, оң жақ қабырға астында ауырлық сезімі байқалады. ЖҚА – патологиясыз, УДЗ – өт қабы көлемі ұлғайған, өт қабында өттің іркілу белгілері көрініс береді. Басқа құрылымды өзгерістер жоқ. Жалпы емдеу жоспарына қандай дәрілік препараттарды енгізу дұрысырақ?//өт айдайтын спазмолитик
***
3 жасар қыз бала. Ауруханаға салмақ аз қосу, іш кебуі, кезекті құсу шағымдарымен түсті. Анамнезінде: осы шағымдар 6 айлығынан бастап, 1,5 жасынан ішінің үлкеюі, жиі көп мөлшердегі нәжіс, құсу. Нәжіс анализінде – стеаторея. Диагноз нақты қою үшін қандай зерттеу қажет://
Достарыңызбен бөлісу: |