«Қазақ жазушыларынан, әрине, Абайды сүйемін. Менің бала күнімнен ішкен асым, алған нәрімнің барлығы да – Абайда... Бұдан соң Мағжанды сүйемін. Еуропалығын,жарқырағын,әшекейін сүйемін. Бүгінгі күннің бар жазушылары-ның ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз – Мағжанның сөзі. Одан басқамыздікі күмәнді, өте сенімсіз деп білемін»
Мұхтар Әуезов
Мағжан – ең алдымен, сыршыл ақын. Ол жүректің қобызын шерте біледі, оның жүрегінен жас пен қаны аралас шыққан тәтті сөздері өзгенің жүрегіне тәтті у себеді. Мағжан не жазса, сырлы, көркем, сәнді жазады.
«Мағжан өз тегін де,өз жерін де ардақтаумен өткен, өмірдегі азаматтық орнын ардақтауға ұмтылған,өлең сөзді асыл маржанжай терген,сұлу жырымен оқырман жүрегін баураған, ал өзі болса, -өне бойы қапаста,қайғы мен қасіретте өмір кешіп,ақырында мүлт кеткен,өзі айтатындай,соры арылмаған халқының зарлы перзенті»
«Мағжанның ақындығы да, кісілігі де ерекше бөлек еді. Ақындық өміріне, біліміне келсек, алаштың екі күшті адамының бірі, тіпті ең дарындысы, күштісі Мағжан болатын. Бірі – біздің осы күнгі М.Әуезов»