Германияда finans сөзі ХVІ-ХVІІ ғғ. парақорлық, алдау мағынасын білдірген. ХІХ ғасырдың соңында “қаржы” термині тек ақша құралдары ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің материалдық құндылықтарын да білдірген. Қаржылар екі аспектіде қарастырылады: материалдық және экономикалық Материалдық мағынадағы қаржылар мемлекеттің қаржы ресурстарын білдіреді, яғни мемлекеттің өз меншігіндегі қолма-қол және қолда жоқ ақша қаражаттары қорларының жиынтығын айтамыз. Материалдық мағынада және “ақша” терминімен байланыстыра қарастыра отырып үш мағынасын көрсетуге болады.