Қаржы қызметті жүзеге асыру барысында мемлекет мынадай үш негізгі
міндеттерді шешеді:
- Елдегі ақша инфрақұрылымын қалыптастыру және дұрыс әрекет етуін қамтамасыз ету;
2) Өз қызметтерінің жүзеге асуын және өзін-өзі қамтамасыз ету үшін ақша құралдарын табу;
3) Қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық процестерге ақшаның көмегімен әсер ету.
Қаржылық қызметтің әдістері:
- Ақша қорларын қалыптастыру;
- Ақша қорларын бөлу;
- Ақша қорларын пайдалануды ұйымдастыру.
Ақша қорларын қалыптастыру әдістеріне жатады:
1. А.қ. иелерінен еріксіз және қайырымсыз түрде алу;
2. Еріксіз бірақ қайтарылатын түрде алу;
3. Ерікті бірақ қайтарымсыз түрде жұмылдыру;
4. Ерікті бірақ қайтарылатын түрде жұмылдыру;
5. Мемлекеттік қызмет көрсету негізінде ақша құралдарын тарту;
6. Мемлекеттік мүлікті пайдаланудан түсетін ақша құралдарын мемлекет кірісіне айналдыру;
7. Эмиссия, айналымға жаңадан ақша н/е бағалы қ. шығару.
Ақша қорларын бөлудің негізгі әдістері:
1) қаржыландыру, қордан ақша қаражатын мерзімсіз, ақысыз негізде, біржолата беру.
Дотация – өз қаражаттары жеткіліксіз болған жағдайда көмек ретінде орынын толтыру мақсатында беріледі.
Субвенция – белгілі мақсатты жүзеге асыру үшін бюджеттен төмен тұрған бюджетке ақша құралдарының бөлінуі.
Субсидия – мем.ақша қорынан заңды және жеке тұлғаларға ақша құралдарының бөлінуі.
2) Несиелеу, яғни белгілі бір қордан ақша қаражаттарын қайтарып алу шартымен, ақылы түрде пайдалануға беру.
3) Мемлекеттің өзінің қаржылық міндеттемелерін орындауы (мемлекеттің ішкі және сыртқы қарыздарын өтеуі).
Ақша қорларын пайдалануды ұйымдастыру әдістері:
- Ақша қорларының мақсатын анықтау;
- Қаражаттардың пайдалану тәртібін белгілеу;
- Қаражаттардың қаржылық нормативтері мен шектерін белгілеу;
- Мем.кәсіпорындардың кірістерін бөлу нормативтері мен тәртібін белгілеу;
- Қаражаттарды пайдалануды жоспарлауды жүзеге асыру;
- ақша қорларының пайдаланылуына бақылау жүргізу.
Достарыңызбен бөлісу: |