Қаржы қызметінің мазмұны әртүрлі бағыттардағы функциялармен сипатталады:
- мемлекеттің ақша қорларын қалыптастыру, мемлекеттік қаржы ресурстарын бөлу, пайдалануды ұйымдастыру және оларға қаржылық бақылау жүргізу;
- елдегі ақша инфрақұрылымдарын қалыптастыру және дұрыс әрекет етуін қамтамасыз ету;
- ақша және бағалы қағаздар эмиссиясы;
- мемлекеттің қаржылық, несиелік және салық органдарын қалыптастыру;
- мемлекеттің қаржылық қызметі саласында мемлекеттік органдардың қаржылық құзыреттілігін анықтау;
- қаржы заңдылықтарын бұзғаны үшін заңды жауаптылық белгілеу;
- Мемлекеттік қаржыларды қалпына келтіру;
- Банк және қаржы жүйесінің қызметтерін қалпына келтіру;
- әкімшілік-аумақтық бірліктердің қаржылық-экономикалық дербестігін және жауапкершілігін көтеру;
- Мемлекеттің алтын валюталық қорларын арттыру және капиталдың шетелге кетуін азайту;
- Инвестициялық бағдарламаларды, қаржы ағымын басқару саласында мемлекетік реттеуді күшейту;
- Шетел валютасына шаққанда теңгенің бағамын жоғарлату т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |