7 Нарықтық экономика
Нарықтық экономика адамдарды жаппай кәсіпкерлікке үйретуде. Ол жұрттың психологиясын өзгертіп, олардың сана-сезімін табыс табуға, пайда түсіруге, ақшаның әрбір тиынын бағалай білуге бұрып отыр. Олардың арасынан кәсіпкерлер де көптеп шығуда. Бір қуанарлығы, өндірісте, сауда-саттықта, экономиканың басқа салаларында кәсіпкерлікпен айналысып жүргендердің арасында қазақ жастары да аз емес. Мұның өзі ұлтымыздың өміршеңдігі мен икемділігінің жақсы бір нышаны, келелі көрсеткіші сияқты. Нарық экономикасы арқылы ғана жұрттың бүкіл күш-жігерін, ой-санасын, бар болмысын еңбекке бағыттауға болады.
Республикамызда кәсіпкерлікті дамытуға үлкен ықпал жасап келе жатқан ірі банктер бар. Реформаның табысты іске асуы ақша саясатына байланысты. Осы саясатты дұрыс жүргізіп, кәсіпкерлікке нақты да тиміді қолдау көрсетіп келе жатқан Қазақстанның Ұлттық банкі, Республиканың ұлттық қарыз беру банкі және т.б. Қазіргі қазақ кәсіпкерлерінің арасында республикамыздан тыс жерлерге іскерлігімен аты шығып жүргендер де бар.
Сөздік
нарықтық экономика – рыночная экономика
кәсіпкерлік – предпринимательство
табыс табу – приносить доход
пайда түсіру – приносить прибыль
өндіріс – производство
сауда-саттық – торговля
экономиканың салалары – отрасли экономики
ақша саясаты – денежная политика
тиімді қолдау көрсету – оказывать эффективную поддержку
қарыз беру – давать в долг
Сұрақтар
1 Нарықтық экономика неге үйретеді?
2 Кәсіпкерлікпен айналысып жүргендердің ішінде біздің ұлттың өкілдер бар ма?
3 Кәсіпкерлікті дамытуға тиімді қолдау көрсетуші кімдер?
Мәтінге берілген тапсырмалар:
1) Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз;
2) Сұрақтарға жауап беріңіз;
3) Мәтіннен сын есімдерді тауып, түрлерін анықтаңыз.
8 Нарық қатынасына көшуге байланысты республикада туындаған проблемалар
Нарық қатынастарының сан алуан, тәуелсіз және тең құқықты субъектілерінің болуы – нарық жасау мен оның тиімді жұмыс істеуінің қажетті шарты. Бұл мемлекет меншігіндегі кәсіпорындардың негізгі бөлігін мемлекеттік басқару органдарына тікелей бағынудан құтқарып, оларды акционерлік, арендалық, ұжымдық кәсіпорындарға, кооперативтерге, еңбек шаруашылықтарына, сондай-ақ жеке меншік кәсіпорындарға айналдыру деген сөз.
Мемлекеттік меншіктің монополиялық жағдайын меншіктің көптеген басқа түрлеріне көшуде төмендегі негізгі бағыттарды жүзеге асыру көзделіп отыр: кәсіпорындар мен басқа да мемлекеттік мүлікті еңбек ұжымдарына, акционерлік қоғамдарға, кооперативтерге, жекелеген отбасылар мен азаматтарға, сондай-ақ шетелдің заңды тұлғаларына жалға беру, кәсіпорындар мен өндірістерді, ең алдымен шағын кәсіпорындарды еңбек ұжымдарына сату және осының негізінде ұжымдық кәсіпорындар мен өндіріс орындарын еңбек ұжымдарына ақысыз беру.
Сөздік
Нарықтық қатынастар – рыночные отношения
Меншік- собственность
Кәсіпорын – предприятие
Басқару органдары – органы управления
Ұжымдық – коллективный
Еңбек ұжымдары – трудовые коллективы
Заңды тұлғалар – юридические лица
Жалға беру – сдавать в аренду
Шағын кәсіпорындар – малые предприятия
Тозған кәсіпорындар – устаревшие предприятия
Ақысыз беру – отдавать бесплатно
Сұрақтар
1 Нарық қатынастырының сан-алуан, тәуелсіз болуы дегеніміз не?
2 Мемлекеттік меншіктің монополиялық жағдайына меншіктің басқа түрлеріне көшуде қандай бағыттарды жүзеге асыру көзделіп отыр?
Мәтінге берілген тапсырмалар:
1) Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз;
2) Сұрақтарға жауап беріңіз;
3) Мәтіннен есімдіктерді табыңыздар.
9 Жекешелендіру
Жекешелендірудің аса манызды бір бағыты - ауыл шаруашылық обьектілерін жекешелендіру. Мұнда мынадай жағдайларды атап өткен жөн: біздің ата - бабаларымыз қазіргі ұрпаққа ұшы - қиыры жоқ орасан зор кең даланы және ондағы жер қойнауында жатқан мол байлықты мұраға қалдырды. Бізде жер сатылмайды және жекешелендірілмейді. Міне, осыған орай мынадай сұрақ тууы мүмкін: «Жекешелендірілген жер болмайынша, ауыл шаруашылығы қалай жұмыс істей алады?». Бұл сұрақтың жауабы оңай: жер сатылмайды, ол ұзақ мерзімге жалға беріледі.
Жерді меншіктің бір түрі ретінде тиімді пайдалану мәселесі - ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің төл міндеті.
Ауыл шаруашылығындағы мемлекеттік обьектілерді жекешелендіру кеңшарлардың мүлектеріне иелік ету құқықтарынын жеке адамдарға беру жолымен жүргізіледі. Ауылдағы тұрғындар жерге пай төлеу арқылы иелік етеді. Селодағы әрбір тұрғынның бұдан кейінгі еркі өзінде: егер фермер болғасы келсе, фермер бола алады, фермер болғасы келмесе, ауыл шаруашылық кооперативін ұйымдастыра алады, түрлі қоғамдарға, серіктестіктерге мүше болып кіре алады.
Сөздік
Жекешелендіру - приватизация
Жер қойнауында - в недрах земли
Мұраға қалдыру - оставлять в наследствие
Ұзақ мерзімге - на длительный срок
Жалға беру - сдавать в аренду
Тиімді пайдалану - эффективно использовать
Қоғамдар - общество
Серіктестіктер - обьединения
Сұрақтар
1 Жекешелендіру деген не?
2 Ауыл тұрғындары қалай жерге иелік етеді?
Мәтінге берілген тапсырмалар:
1) Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз;
2) Сұрақтарға жауап беріңіз;
3) Мәтіннен етістіктің түрлі формалары бар сөйлемдерді табыңыз.
Глагол
Глагол имеет три времени и несколько форм. В отличие от русского языка, основой глагола является форма 2-го лица ед.ч., соответствующая повелительному наклонению.
Мысалы:
Ал- бери, айт- скажи, кел- приди, бер- дай, бар- иди, тыңда- слушай.
От основы глагола образуются все другие формы глагола.
1.Неопределенная форма- при помощи суффикса –у.
Мысалы:
Ал-у- брать, кел- у- приходить, бар-у- идти, бер-у- давать, тыңда- у- слушать.
2.Деепричастная форма-көсемше
1. При помощи суффиксов- іп,- ып,- п (с личными окончаниями выражает действия прошедшего времени).
Мысалы:
Ал-ып-взяв; ал-ып-ты-взял;
Кел-іп-придя, кел-іп-ті- пришел;
Сұра-п-спросив, сұра-п-ты-спросил;
көсемше 2. –при помощи суффиксов-а,-е,-й (с личными окончаниями выражает действие настоящее- будущего времени).
Мысалы:
Бар-а- идя, бар-а-ды- пойдет;
Кел-е- придя, кел-е-ді- придет;
Тыңда-й- слушая;тыңда-й-ды- услышыт, слушает.
3.Причастная форма- есімше- имеет суффиксы –ған/ген, -қан/-кен, -тын/-тін и выступает в качестве определения и сказуемого.
Мысалы:
Сынған ыдыс- битая посуда
Оқыған адам- образованный человек
Сөнген өрт- затушенный пожар
Ол барған- она ходила
Ол келген- он приходил
Ол сұрайын- он спрашивал
10 Салық реформасы
«Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының орны ерекше. Бұл заңда, біздің пікірімізше, салық ұғымының аясы белгіленіп, салық салу объектілері анықталады. Мұнда салық жөнінде қандай жеңілдіктер болуы мүмкін екендігін, оларды кімдер беретіндігі, салық органдарының құқықтары мен міндеттері, салық органдарының шешіміне шағым беру қалай екендігі белгіленді.
«Пайдаға салынатын салық» - жаңа салық жүйесіндегі аса маңызды заңдардың бірі. Салыққа байланысты соңғы кездегі жаңалық – «Кәсіпорындардан, бірлестіктер мен ұйымдардан алынатын салық туралы» Заңда ескерілген, яғни өндіріс өсімін ынталандыруға бағытталған жеңілдіктер көзделген. Атап айтқанда, егер азық-түлік өндіретін, халық тұтанатын, балаларға арналған тауарлар шығаратын, дәрі-дәрмек шығаратын кәсіпорындар өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мол пайда тапса, сол қосымша түскен пайдаға салық салынбайды.
Бүгінгі таңда пайдаға салынатын салықтың мөлшері 35 проценттен 25 процентке дейін, коммерциялық және кооперативтік банкілер, жинақ банкілері мен сақтандыру ұйымдарында 55 проценттен 45 процентке дейін төмендетіледі. Қазақстан Республикасының Президенті өз жарлығымен Мемлекеттік Бас салық инспекциясы мен Республикасының комитеттерін және оларға бағынатын инспекциялар мен органдарды Қаржы министрлігінің құрылымына енгізді.
Мемлекеттік салық инспекциясы меншік түрлеріне қарамастан кез келген кәсіпорынның, кооперативтің, фирманың ішкі қызметтері туралы мәліметтер жинап, тексеріс жүргізе алады.
Салық – экономикамызды дамытудағы реттеуші күш. Салықтың нарықтық экономика кезіндегі ролі мен мәні зор.
Сөздік
Салық жүйесі – налоговая система
Ерекше – особый
Жеңілдік – привилегия
Бағытталған – направленный
Пайдаға салынытын салық – налог на прибыль
Кәсіпорындар – предприятия
Бірлестіктер – объединения
Тұтыну – потреблять
Қосымша түскен пайда – добавочная прибыль
Реттеуші күш – регулирующая сила
Сұрақтар
1 «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» заңда не жайлы айтылған?
2 «Пайдаға салынатын салық» заңында не туралы айтылған?
3 Қаржы министрлігінің құрылымына қандай органдар кіреді?
4 Экономикамызды дамытудағы реттеуші күш не?
Мәтінге берілген тапсырмалар:
1) Мәтінді оқып орыс тіліне аударыңыз;
2) Сұрақтарға жауап беріңіз;
3) Мәтіннің соңғы 2 сөйлеміне морфологиялық талдау жасаңыз.
11 Салықтың түрлері
Тура – салық төлеушінің табысы мен мүлігімен тығыз байланысты.
Жанама – керісінше, табыс пен мүлікке байланысты емес, бұл баға мен тарифке қосымша салынған салық түрі.
Табиғи – шарт бойынша анықталып, өндірілетін өнім көлемінін үлесіне салынатын салық.
Ақшалай – ақшалай түрінде төленетін салық.
Заңды тұлғалардан алынатын салық – бұл корпоративтік салық, бұл салық түрінің субъектісі заңды тұлғалар болып саналады, сонымен қатар резиденттер, резидент еместер және тұрақты мекемелер де объектілер ретінде бола алады.
Жеке тұлғалардан алынатын салық – бұл жеке тұлғалармен төленетін салық.
Жалпы мемлекеттік – бұл мемлекеттің табысынан алынатын салық түрі
Жергілікті – жерілікті бюджеттің табыс көзі болып саналатын салық, оған әкімшілік-аймақтық жағдайлар қатты әсер етеді.
Жалпы салықтар – бұл белгілі аймақтың ақшалай қорынан бюджетке түсетін салық.
Мақсатты салықтар – бюджеттік емес қорларға түседі
Бекітілген – заңға сәйкес белгілі бір бюджетке берілетін салық, ол оның табыс көзі болып есептелінеді
Реттеуші – теңестіру мақсатымен жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке жылда берілетін салық түрі
Табыс салығы - әр салық төлеушіден алынатын салық түрі
Бөлу салығы – белгілі бір көлемде салынатын салық, содан соң ол жеке аймаққа, кейін жеке адамдарға бөлінетін салық түрі.
Салықтың белгілері:
Мемлекет пен субъектінің арасындағы қарым-қатынасқа байланысты
Төлеу формаларына байланысты
Субъектілеріне байланысты
Аймақтық деңгейіне байланысты
Пайдалануға байланысты
Бюджеттік реттеудің құралдары ретінде
Салық салу әдістері бойынша
Есептік-экономикалық мақсатпен:
- айналым шығындарымен байланысты салықтар;
- өнімнің сату бағасын қосатын салық (көрсететін қызмет жұмысы)
- қаржылық нәтижелерге байланысты салық (пайдаға салынатын салыққа дейінгі)
- төлеушінің қолында қалатын табыс арқылы төленетін табыс салығы
Сөздік
Тура – прямой
Жанама – косвенный
Табиғи – натуральный
Заңды тұлғалар – юридические лица
Жеке тұлғалар – физические тұлғалар
Жалпы мемлекеттік – общегосударственные
Жергілікті – местные
Мақсатты – целевые
Реттеуші – регулирующие
Табыс салығы – подоходный налог
Сұрақтар
1 Тура салық дегеніміз не?
2 Жанама салық дегеніміз не?
3 Мемлекеттік салықтарға нелер жатады?
4 Жергілікті салық дегеніміз не?
5 Табыс салығы кімнен алынады?
Мәтінге берілген тапсырмалар:
1) Мәтінді оқып орыс тіліне аударыңыз;
2) Сұрақтарға жауап беріңіз;
3) Мәтіннен етістіктерді тауып, олардың шақтарын ажыратыңыз.
Кесте 5 - Настоящее время
Жекеше түрі
Единственное число
|
Көпше түрі
Множественное число
|
|
Личные местоимения
|
причастие
|
Вспом. глагол
|
Личные окочания
|
Личные местоимения
|
причастие
|
Вспом. глагол
|
Личные окочания
|
Окон.множ.числа
|
мен
сен
сіз
ол
|
Жазып
Жазып
Жазып
жазып
|
Отыр
Отыр
Отыр
отыр
|
Мың
Сың
Сыз
-
|
Біз
Сендер
Сіздер
олар
|
Жазып
Жазып
Жазып
жазып
|
Отыр
Отыр
Отыр
отыр
|
Мың
Сың
Сыз
-
|
-
дар
дар
-
|
Вспомогательные глаголы: отыр, тұр, жүр, жатыр
Будущее время
1.Ауыспалы келер шақ (переходно- будущее время)
Суффиксы а, е, й
|
|
Мен ал-а-мын
Сен ал-а-сың
Сіз ал-а-сыз
Ол ал-ады
|
Біз ал-а-мыз
Сендер ал-а-сың-дар
Сіздер ал-а-сыз-дар
Олар ал-а-ды
|
Я возьму и т.д
|
|
Будущее предположительное время
2.Болжалдық келер шақ
Суффиксы ар, ер
|
|
Мен бар-ар-мын
Сен бар-ар-сың
Сіз бар-ар-сыз
Ол бар-ар
|
Біз бар-ар-мыз
........................
........................
........................
|
Возможно, я пойду и т.д
|
|
Будущее время намерения и цели
3.Мақсатты келер шақ
Суффиксы мақ-меқ
Бак-бек пақ-пен
|
|
Мен сөйле-мек-пін
Сен сөйле-мек-сің
Сіз сөйле-мек-сіз
Ол сөйле-мек
|
Біз сөйле-мек-піз
........................
........................
........................
|
Я предполагаю выступить
|
|
Прошедшее время
Жекеше түрі
Единственное число
|
Көпше түрі
Множественное число
|
|
Личные местоимения
|
Основа глагола
|
Суфф.пр.времени
|
Личные окочания
|
Личные местоимения
|
Основа глагола
|
Суфф.пр.времени
|
Личные окочания
|
Окон.множ.числа
|
мен
|
Бар
|
Ды
|
М
|
Біз
|
Бар
|
Ды
|
қ
|
-
|
сен
сіз
|
Бар
Бар
|
Ды
Ды
|
ң
ңыз
|
Сендер
сіздер
|
Бар
Бар
|
Ды
Ды
|
Ң
ңыз
|
дар
дар
|
ол
|
бар
|
ды
|
-
|
Олар
|
бар
|
ды
|
-
|
-
|
12 Салық механизмінің элементтері
Салық салу Салықты болжамдау
қағидалары мен жоспарлау
Салықтар
түрлерінің
Салық жиынтығы Салық - құқығы
элементтері мен заңдылығы
Салық
Ақпараттық механизмі Салықтарды
қамтамасыз ету басқару жүйесі
Салықтарды Салықтық
алуды әдістері бақылау Салықтардың есеп
құралдары
Салық элементтері мен олардың жіктелуі
Салық көздері Салық субъектісі Салық ставкасы
- еңбек табысы - жеке тұлға - айналым бірліктері-
- кәсіпкерлік табыс - заңды тұлға нің % қатынасы
- капитал - тұрақты көлемде
- табыс
- мүлік Салық төлеушілер
- жалдамалы
Салық объектісі жұмыскерлер, Алу жолдары
- мүлік табыс ету фермерлер, қызмет- - баға жүйесі
- айналымдар керлер, кәсіпкерлер арқылы
- жер - тек қана табыс
арқылы
Салық салу бірліктері
- ақша бірлігі
- тауар бірлігі
Сөздік
Салық көздері – источник налога
Еңбек табысы – заработная плата
Кәсіпкерлік – предпринимательство
Мүлік – имущество
Айналым – оборот
Бірлік – единица
Тұрақты – устойчивый
Жалдамалы – наемный
Қағида – норма, положение, правила
Ақпарат – информация
Жиынтық – совокупность
Басқару жүйесі – система управления
Мәтінге берілген тапсырмалар:
1) Берілген кестелерді орыс тіліне аударыңыз;
2) Берілген экономикалық терминдермен сөйлемдер құрастырыңыз;
3) Мәтін құрастырыңыз.
13 Салық мөлшерлемелері
Салық мөлшерлемелері – процент түрінде белгіленеді. Салық мөлшерлемелерінің үш түрі бар.
Бірінші түрі – прогрессивтік салық мөлшерлемесі. Бұл түрімен көпшілік таныс. Табысыңыз көбейген сайын, салық та көбейеді. Мысал үшін Қазақстан Республикасы азаматтары үшін салынатын табыс салығын алайық, қазірше жоғары мөлшерлеме 40 %.
Екінші түрі – пропорционалды салық мөлшерлемесі. Бұл түрімен де біздің халқымыз жақсы таныс. Пропорционалды салық мөлшерлемесінің мөлшері табыспен өлшенбейді және оған тәуелді емес. Мысалы, коммерциялық фирма немесе банкілерге салынған 55 % пропорционалды салық мөлшері фирмалардың табысының азды-көптігіне байланысты емес.
Салық мөлшерлемесінің үшінші түрі – регрессивтік түрі. Салық мөлшерлемесінің бұл түрі біздің елдің салық заңдарында қолданылмайды. Өте бай мемлекеттерде салықтың бұл мөлшерлемесі қолданылады.
Сөздік
Мөлшерлеме – ставка
Табыс салығы – подоходный налог
Көбею – увеличить
Жоғары – высшая
Тәуелді емес – независимый
Салық заңдары – налоговый закон
Қолданылады – используется
Өлшенеді – измеряется
Сұрақтар
1 Салық мөлшерлемелерінің неше түрі бар?
2 Прогрессивті салық мөлшерлемесі дегеніміз не?
3 Пропорционалды салық мөлшерлемесі неге байланысты салынады?
4 Регрессивті салық мөлшерлемесі қандай мемлекеттерде қолданылады?
Мәтінге берілген тапсырма:
1) Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз;
2) Сұрақтарға жауап беріңіз;
3) Мәтіннің қысқаша мазмұнын айтыңыз.
14 Салық кодексі
Қазақстан Республикасының Салық кодексі қысқа мерзімде, үш жылға жетпейтін уақытта әзірленді, онда басқа дамушы елдердің тәжірибесі, нарыққа көшу ерекшеліктері, республиканың саяси, экономикалық, демографиялық ерекшеліктері ескерілді.
Кодексті әзірлеу жұмысына Қазақстанның аса білікті кәсіпқой ғалымдары мен тәжірибелі мамандары, шетелдің көрнекті кеңесшілері мен сарапшылары қатысты.
Қазіргі нарықтық экономикада салық мақсатты болу керек: қай жерге өте қажет, салықтан жиналған қаржыны сол жерге жұмсау керек.
Салықтар заңды ережелер негізінде салынады және «жалпы мақсаттағы әлеуметтік қажеттіліктерді» (қарулы күштерді, үкімет ведомстволарын, соттарды, т.б.) қаржыландыру үшін пайдаланылады.
Сөздік
қысқа мерзімде – за короткий срок
әзірленді – было подготовлено
тәжірибе – опыт
нарыққа көшу – переход на рынок
ерекшеліктері – особенности
саяси – политический
білікті – квалифицированный
кәсіпқой – профессиональный
мамандар – специалисты
кеңесшілер – советник
сарапшылар – эксперттік
Сұрақтар
1 Қазақстан Республикасының Салық кодексі қандай мерзімде әзірленді?
2 Оны әзірлеу барысында нелер ескерілді?
3 Кодексті әзірлеуге кімдер қатысты?
Мәтінге берілген тапсырмалар:
1) Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз;
2)Сұрақтарға жауап беріңіз;
3) ҚР Салық кодексін тереңдетіп айтып беріңіз.
15 Биржа
Биржа – нарықтың ұйымдасқан формасы. Мұнда сұраныс пен ұсыныс негізінде тауармен (тауар биржасы), бағалы қағаздармен (қор биржасы), валютамен (валюталық биржа) сауда жасайды немесе қызметкерлерді жалдаумен (еңбек биржасы) айналысады.
Қор биржасы – жеке кәсіпкерлік принципінде жұмыс істейді. Бұлар Лондон, Нью-Иорк биржалары немесе оларды мемлекет ұйымдастырады. Олар Францияда, Италияда бар. АҚШ-та 10-нан астам қор биржасы бар. Олардың ең ірісі Нью-Иорк биржасы. Сонымен қатар қор биржалары Батыс Германияның 8 қаласында бар.
Еңбек биржасы – еңбек рыногында делдалдық операцияларын іске асыратын мемлекеттік мекеме.
Тауар биржасы – тауар нарығының бір түрі, жаппай өндіріс тауарларын сату және сатып алу.
Сөздік
Сұраныс – спрос
Ұсыныс – предложения
Қор биржасы – фондовая биржа
Валюталық биржа – валютная биржа
Жалдау – нанимать
Еңбек биржасы – биржа труда
Делдалдық операциялар – посреднические операции
Сату – продовать
Сатып алу – покупать
Сұрақтар
1 Биржа деген не?
2 Онда немен айналысады?
3 Қор биржасы және тауар биржасы дегеніміз не?
4 Еңбек биржасы қандай мекеме?
Мәтінге берілген тапсырмалар:
1) Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыныз;
2) Сұрақтарға жауап беріңіз;
3) Мәтіннен зат есімдерді тауып, септік жалғауларын анықтаңыз.
\16 Аукцион
Аукционды сауда дегеніміз нарықтық сауданың түрі, мұнда сатушы барынша пайда табу мақсатында аукционға қатысқан бірнеше немесе көптеген сатып алушылардың тікелей бәсекесін пайдаланады.
Аукцион – тауар сатудың әдісі, көпшілікке сатып алушы өз бағасын жариялайды. Аукциондар инфляция деңгейін төмендету мақсатымен тауарлардың дефицит (тапшылық) түрлерін таратуға пайдаланылады. Қазіргі аукциондарда ғимарттар, тұрғын үйлер, мекемелер сатылып жүр.
Сөздік
сауда – торговля
нарықтық сауда – рыночная торговля
сатушы – продавец
пайда табу – получить прибыль
сатып алушылар – покупатели
бәсеке – конкуренция
деңгей – уровень
ғимарттар – здания
әдіс – метод, способ
көпшілік - публика
жариялау – объявлять
тарату – реализовать
төмендету – снижать
Сұрақтар
1 Аукционды сауда дегеніміз не?
2 Аукцион дегеніміз не?
3 Аукциондарда нелер сатылады?
Мәтінге берілген тапсырмалар:
1) Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыныз;
2) Сұрақтарға жауап беріңіз;
3) Мәтін бойынша диалог құрастырыныз.
17 Бухгалтерлік есеп
Ұлттық экономика нарықтық жолдармен қалыптасып, өз ақшамыз өмірге еніп, саяси-экономикалық үрдістер өтпелі кезеңде тұрған шақта бухгалтерлік есеп пен есеп-қисап жұмыстарының атқаратын міндеттері өте зор. Экономикамыздың дұрыс бағытпен дамуына қаржы, несие, айналым қаражаттары, тағы басқа материалдық ресурстардың тиімді жұмсалып, пайда келтіруіне, ұрлық-қарлық тағы басқа экономикалық кеселдермен күресуде де бухгалтерлік есептің атқаратын міндеті қомақты. Бухгалтерлік есеп дегеніміз – кәсіпорынның қаржы және шаруашылық қызметтерінің нәтижелерін есепке алу жүйесі. Бас бухгалтер шаруашылықты жүргізу жөнінде көптеген нұсқаулардың сақталуын қадағалайтын «мемлекеттік бақылаушы» болады. Нарықтық қатынасқа көшу кезінде кәсіпорындығы бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға және оның жайына кәсіпорынның меншік иесі немесе басшысы жауапты болады. Ол меншік иелері алдында мүлік пен міндеттеме үшін, кәсіпорынның пайдалылығы үшін жауап береді. Олар бухгалтерлік есепті өздері жүргізеді немесе бухгалтер жалдайды, не бухгалтерлік фирмамен шартқа отырады.
Сөздік
ұлттық экономика – национальная экономика
саяси-экономикалық үрдістер – политико-экономический процесс
өтпелі кезең – переходный период
несие – кредит
айналым қаражаттары – средства оборота
тиімді жұмсалып – эффективно использовать
пайда келтіру – приносить прибль
ұрлық-қарлық – воровство
экономикалық кеселдер – экономические преступления
мемлекеттік бақылаушы – государственный наблюдатель (контролер)
шартқа отыру – заключать договор
Сұрақтар
1 Бухгалтерлік есептің атқаратын міндеттері қандай?
2 Бухгалтерлік есеп деген не?
3 Бас бухгалтердің атқаратын қызметі қандай?
Мәтінге берілген тапсырмалар:
1) Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыныз;
2) Сұрақтарға жауап беріңіз;
3) Мәтіннен есімдіктерді теріп жазыңыз, олардың түрлерін анықтаңыз.
Кесте 6 – Есімдік – местоимение
Түрлері разряды
|
Склонение
|
местоимен.
|
Личные (жіктеу есімдігі)
Мен/я/, ты/сен/,сіз/вы/,ол/он,она,оно/
Біз/мы, біздер/,вы/сіздер, сендер/, олар/они/
|
Атау с. Мен/я/
Барыс с. Маған/мне/
Жатыс с. Менде/у меня/
|
Ілік с.менің/мой/
Табыс с.мені/меня/
Шығыс с.менен/от меня/
Көмектес с.
менімен/со мною/
|
Указательные (сілтеу есімдігі)
Бұл, осы, мына, мынау, осынау, ана, анау, сол, міне, әне (это, этот, такое, то, самый, тот самый)
|
Атау бұл
Барыс бұған
Жатыс бұны
|
Ілік бұнын
Табыс бұны
Шығыс бұдан
Көмектес бұнымен
|
Вопросительное (сұрау есімдікі)
Кім/кто? Не/что? Қанша/сколько? Неше, қандай/какой? Қайда/где? Қашан/когда?
|
|
|
Возвратные (өздік есімдігі)
өз/өзім, өзіңіз, өзі, өзіміз, өздерін, өздерініз, өздері/ я сам, ты сам, вы сами и т.п/
|
Атау өзім
Барыс өзіме
Жатыс өзімде
|
Ілік өзімнің
Табыс өзімді
Шығыс өзімнен
Көмектес өзімнен
|
Определительные (жалпылау есімдігі)
Бері, бүкіл, барлық, күллі, бүтін, бар, барша, түгел/весь, все, целиком, всякий, каждый/
|
Атау бәрі
Барыс бәріне
Жатыс бәрінде
|
Ілік бәрінің
Табыс бәрін
Шығыс бәрінен
Көмектес бәрімен
|
Неопределенные местоимения (белгісіздік)
Бірау/кто-то/,кейбіреу/некоторые/, бірдене/что-то/,әркім/каждый/, әрне/нечто/, кімде-кім/кто-либо/, әлдене/что-либо/, бір/некий/, кейбір,қайсыбір/некоторый/, әр, әрбір /каждый/, бірнеше, әлденеше,біраз /несколько/,әрқалай, әлдеқалай/какой-либо, как-то/, әлдеқайдан/ откуда-либо/, әлдеқашан/давным-давно/
|
Атау біреу
Барыс біреуге
Жатыс біреуде
|
Ілік біреудің
Табыс біреуді
Шығыс біреуден
Көмектес біреумен
|
Отрицательные (болымсыздық)
Ешкім/ никто/, ешнерсе /ничто/, ештеме/ ничего/, ешқандай/ никакой/, ешқашан/ никогда/, ешқайда /никуда/, ешқайдан /ниоткуда/, ешқалай/никак/, дәнеңе/ничего/
|
Атау ешкім
Барыс ешкімге
Жатыс ешкімде
|
Ілік ешкімнің
Табыс ешкімді
Шығыс ешкімнен
Көмектес ешкіммен
|
18 Бухгалтерлік есептің есеп шотын жіктеу
Есеп шоттар
Синтетикалық шоттар Аналитикалық шоттар және субшоттар
Баланстан тыс шоттар Операциялық шоттар
реттеуші шоттар - таратушы
қосымша - бюджеттік таратушы
контрарлық - калькуляциялық
-контрактивтік - теңестіруші
- контрпассивтік - бюджеттік
- табыс шоттары
- шығын шоттары
Активті Транзиттік шоттар
негізгі шоттар - бір элементті инвентарлық транзиттік шоттар
қаржылық салымдар шоттары - қаржылық және
ақшалай басқарушы
несиелік бухгалтерияны
жеке капитал шоттары байланыстыратын
есеп айырысу шоттары транзиттік шоттар
- есеп айырысушы активті
- есеп айырысушы пассивті
Сөздік
Баланстан тыс шоттар – внебалансовые счета
Реттеуші шоттар – регулирующие счета
Қосымша – дополнительные
Негізгі шоттар – основные счета
Қаржылық салымдар шоты – счета финансовых вкладов
Есеп айырысу шоты- расчетный счет
Таратушы – распределительные
Теңестіруші – уравнивающий
Табыс шоттары – счета доходов
Шығын шоттары – счета расходов
Мәтінге берілген тапсырмалар:
1) Кестені орыс тіліне аударыныз;
2) Кесте бойынша мәтін құрастырыңыз.
19 Ұлттық теңге
Қазіргі таңдағы көп өзгерістердің бірі – тәуелсіз елдердің өз ұлттық валюталарын айналымға енгізу.
Төл теңгеміз тұңғыш рет енгізіліп отырғандықтан әуелі кезекте оның әншейін қағаз күйінде қалмауы, қорғанысы мықты болуы қарастырылды. Теңгенің 12 түрлі көзден таса қорғанысы бар. Қағазы да ерекше, Әлемге аты әйгілі бірнеше фирманың жұмысымен таныса келе, ағылшынның «Хариссон» фирмасы таңдап алынды. Ол фирма төл валютамыздың массасын 4 ай мерзімі ішінде әзірлеп берді. Қазақстан Республикамыздың аумағында 1993 жылдың 15 қарашасынан бастап ұлттық валюта – теңге айналысқа енді. Теңге – Қазақстан Республикасындағы бірден-бір заңды төлем құралы. Ол жүз тиыннан тұрады. Теңге – тәуелсіз елдің тұтқасы, даму көзі, теңелудің алғашқы факторларының бірі.
Сөздік
айналым- оборот
ұлттық – национальный
қорғаныс- оборона
төлем – плата
әлем – мир
әйгілі – известный
кезек – очередь
ұлттық валюта – национальная валюта
айналымға енгізу – ввести в оборот
даму көзі – источник развития
Сұрақтар
1 Ұлттық валюта қай жылы айналымға енгізілді?
2 Ең алғаш ұлттық валюта қай формада басылып шықты?
Мәтінге берілген тапсырмалар:
1) Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыныз;
2) Сұрақтарға жауап беріңіз;
3) Ұлттық валюта туралы қосымша деректерді дайындаңыз.
20 Маржа
Маржа – сатушы мен сатып алушының валюта бағамының арасындағы өзгешелік, банктің шығындарын жабуға пайдаланылады және пайда әкеледі. Әрбір нақты валюталық келісім үшін оның жасалатын уақыты мен орнының маңызы бар. Маржаның көлеміне нарықтың айналымы да әсер етеді. Ол неғұрлым төмен болған сайын сатушы мен сатып алушының бағамдары арасындағы өзгешелік те жоғары болады. Маржа пайдасы дегеніміз - өткізілген өнім немесе капитал мөлшеріндегі пайданың пайыздық көрсеткіші.
Сөздік
өзгешелік – разница
жабуға пайдаланылады – используется для покрытия
шығын – издержки
нақты валюта – конкретная валюта
әсер – влияние
өткізілген өнім – реализованная продукция
көрсеткіш – показатель
валюталық келісім – договор валюты
бағам – курс
көлем – объем
Сұрақтар
1 Маржа дегеніміз не?
2 Маржа пайдасы дегеніміз не?
Мәтінге берілген тапсырмалар:
1) Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыныз;
2) Сұрақтарға жауап беріңіз;
3) Мәтіннен үстеулерді табыңыз (кесте 7).
Кесте 7 - Наречие - үстеу
Семантические разряды наречий
|
Сұрақтары
Вопросы
|
Үстеулер
наречия
|
Времени
мезгіл
|
Қашан?(когда?)
Қашаннан? (с каких пор?)
|
Бұрын (раньше),
ерте(рано), ендігәрі (в следующий раз), әнеугүні (тогда), жуырда (недавно), әуелде (в начале), ежелден (с давних пор), оқтын- оқтын (временами), ертеңгісін (утром), бүгін, кеше.
|
Мекен
места
|
Қайда?(где?куда?)
Қайдан?(откуда?)
|
Алыс(далеко), жақын (близко), әрі(туда, дальше), бері(сюда), алда(впереди), алға(вперед), артта (позади), тұс-түстан (со всех сторон), кейін (после), үстінде (наверху), астында (снизу).
|
Сын-бейне
Образа действия
|
Қалай?(как?)
Қалайша? (каким образом?)
Қайтсе?(каким способом?)
|
Зорға, әрең, әзер,(еле), дереу, шапшаң, тез, жылдам(быстро), дәл(точно), әншейін (просто), бірге(вместе), бекер (напрасно), кезекпен(по очереди), бетпе- бет(лицом к лицу), қапыда (врасплох)
|
Мақсат
цели
|
Не үшін? (зачем? Для чего?)
Не мақсатпен? (с какой целью?)
|
Єдейі (нарочно), қасақана (назло)
|
Себеп- салар
причины
|
Неге? (почему?)
Неліктен? (от чего?)
Не себептен? (по какой причине?)
|
Босқа, бекерге (зря, понапрасну), амалсыздан, лажсыздан (безвыходно)
|
Мөлшер
Количества меры и степени
|
Қанша? (сколько?)
Қаншама?(как много? До какой степени?)
|
Талай рет (много раз), әдеуір (несколько), біраз (несколько), көп (много), аз (мало)
|
21 Инфляция
Құн заңы әрекетімен анықталатын тауар-ақша қатынастарының болуы инфляциялық процестерді тудырады. Инфляцияның басты ерекшелігі қоғамдық ұдайы өндірістің барлық факторларына қатысты сан алуан себептерден туады. Инфляцияның өз тарихы бар. 1775-1783 жылдары Солтүстік Америкада тәуелсіздік үшін болған соғыс доллардың құнсыздануына әкеліп соқты. Францияда 1784-1794 жылдары революция кезінде өндірілген қағаз ассигнаттар бір жылда 883 есе құнсыздынды.
Еркін бәсеке кезіндегі капитализм жағдайына инфляцияны соғыс, дағдарыстар, стихиялық апаттар кезінде болатын несие ақшаларының алтында айырбасталуының тоқтауы кезінде пайда болды.
Инфляция латын сөзі (infillito – қампию), қағаз ақшаның құнсыздануына байланысты болатын әлеуметтік-экономикалық құбылыс жиынтығы. Айналыстағы ақша өлшемдері мөлшерінің бағалардың қосылуынан артып кетіп, осының нәтижесінде тауарлармен қамтамасыз етілмеген ақшалардың пайда болуы инфляцияны білдіреді.
Инфляциядан өндіріс көп зардап шегеді, еңбекке деген ынта да бұзылады. Инфляция тауар тапшылығының басты себебі болып тұрып, тауар мен аз тепе-теңдікті белгіленген норма бойынша бөлуге мәжбүр етеді.
Сөздік
құн заңы – закон стоимости
тауар-ақша қатынастары – товаро-денежные отношения
доллардың құнсызданды – обесценивания доллара
еркін бәсеке – свободная конкуренция
дағдарыс – кризис
стихиялық апаттар – стихийное бедствие
әлеуметтік-экономикалық құбылыс – социально-экономическое явление
жиынтық – совокупность
тауар тапшылығы – дефицит товара
нәтиже – итог
өлшем – мера
Сұрақтар
1 «Инфляция» деген қандай сөз?
2 Инфляциялық процестерді тудырады?
3 Инфляцияның шығу тарихы қандай?
4 Инфляциядан не зардап шегеді?
5 Инфляция неге әкеліп соғады?
Мәтінге берілген тапсырмалар:
1) Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыныз;
2)Сұрақтарға жауап беріңіз;
3) Мәтіннен сан есімдерді тауап, оның түрлерін анықтаңыз.
Кесте 8 - Сан есім (имя числительное)
Разряды
|
Семан
тика (что обозн)
|
Вопросы- сұрақ
|
Суф.- жұрнақ
|
Үлгісі- образец
|
Лексичес
кий материал
|
Есіптік сан есім
Количест. Числит.
|
Количест
во предметов
|
Қанша? Неше?
(сколько?)
|
70- жетпіс
|
10-он,
20- жиырма, 30- отыз,
40- қырық, 50-елу,
60- алпыс,
80- сексен, 90- тоқсан, 100- жүз, 1000- мың
|
Придумать словосочетания. Ответить на вопросы
Жасыңыз нешеде?
|
Реттік с.е
Порядко
вые числит.
|
Порядок предметов
При счете
|
Нешінші?
(который?)
қай? (какой?)
|
После конеч. Согл.
-ыншы, -інші. После гл.- ншы, -нші
|
Бір-інші, тоғыз-ыншы, жеті-інші, алт-ыншы
|
1974-ый год,
1994-ый год,
2 курс, 11-ый класс
|
Жинақтық с.е
Собират.числит
|
Совокупность или количест
во предме
тов, взятых как одно целое
|
Нешеу?
/сколько?/
|
-ау, -еу. Примеч. Если основа заканчивается на гл. Звук, то при прибав.суфф. гл. Корня выпадает. Жет+еу, жеті+еу
|
Біреу- один, екеу- двое, үшеү- трое, төртеу- четверо
|
В каз.яз начиная с 8 сегіз /собирательных числит.нет/ жүрек беру, қол екеда
|
Болжалдық с.е
Приблизител. Числ.
|
Неопределен-ное количест
во предметов
|
Нешеге? Жуық? /приблизительно сколько?/ қаншадай? /какое количест
во?/
|
-дай,-дей,-тай,-тей /соотв. Русс. Предлогу “около”/
|
Жүз-дей, около ста, алты+дай, около шести, қырық+ тай- около сорока, бестей- около пяти.
|
Институтта мыңдай студент оқиды, бес сауақ бірдей емес.
|
Топтау с.е
Распределитель числ.
|
Распределе-ние количест
ва предметов
|
Нешеден?
Қаншадан?/ по сколько?/
|
-дан,-ден,-тан,-тен, -нан,-нен, шығыс с./исход.падеж/
|
Бір-бірден,/по одному/ алдындан үштен, мыңнан
|
Переведите:”по шестьдесят”, “по сто”, “по десять”
|
Бөлшектік с.е
Дробные
числительные
|
Одна из разн. Колич.числ. алым- числитель
Бөлім- знамена
тель
|
Бүтін-целая, целых половина- жпры, жарты
|
Бестен бір- одна
оннан бір-0,1, нөл
бес –0,005,
-два с пол. часа,
|
пятая, нөл бүтін
бүтін-мыңнан
екіжарым сағат
жарты сағат-
полчаса.
|
5,6- бес бүтін оннан алты, 10,57- он бүтін жүзден елу жеті, 15,2- он бес бүтін оннан екі
|
22 Кәсіпкер жауапкершілігінің жалпы шарттары
Кәсіпкер шаруашылық қызметін жүзеге асыру кезінде табиғат қорғау зандарын, мекемелердің, ұйымдардың, азаматтардың қорғау заңдарын, мекемелердің ұйымдардың, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін бұзбауға тиіс. Кәсіпкер шаруашылық айналымына енгізетін бұйымдар мен қызмет түрлері, тауарлық белгісі немесе қызмет көрсету белгісі көрсетілініп, таңбалануға тиіс. Бөтен тауарлық және қызмет көрсету белгілерін иеленіп алу заң бойынша қудаланады.
Кәсіпкерге қолданылатын санкциялар:
- ақшалай айып;
- қадағалау, орнату;
- баға белгілеу жөніндегі шектеулер;
- қызметтің белгілі бір түрін лицензиядан айыру;
- соттың шешімімен орта мүліктің бір бөлігін немесе бәрін конфискелеу;
- кәсіпкердің қызметін тоқтату.
Сөздік
жүзеге асыру - осуществить
мекеме - учреждение
айып - штраф
шешім - решение
мүлік - имущество
айналым -оборот
заң бойынша қудаланады - преследуется по закону.
лицензиядан айыру - лишить лицензии
Сұрақтар
1 Кәсіпкер нені бұзбауға тиіс?
2 Бөтен тауарлық белгілерін иеленіп алуға бола ма?
3 Кәсіпкерге қандай санкциялар қолданалады?
Мәтінге берілген тапсырмалар:
1) Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз;
2) Сұрақтарға жауап беріңіз;
3) Мәтіннің мазмұның айтып беріңіз.
23 Негізгі қорлардың пайдаланылуын талдау
Құрылыс өндірісінің тиімділігін арттырудың маңызды факторы кұрылыс ұймдарының негізгі өндірістік қорларының пайдаланылуын жақсарту болып табылады.
Негізгі қорлардың пайдаланылуының тиімділігін талдаудың басты міндеттері мыналар: негізгі қорлардың көлемі мен құрамы бағалау; негізгі қорлардың динамикасын, техникалық жайын зерттеу; оларды пайдаланудың тиімділігін арттырудың резервтерін анықтау.
Талдауға бухгалтерлік және статистикалык есеп пен есеп берудің мәліметтері негіз болады.
Сөздік
тиімділік - эффективность рентабельность
арттыру - увеличить
негізгі қор - основной фонд
көлем - обьем
өндіріс - производство
талдау - анализировать
қор -фонд
Сұрақтар
1 Құрылыс өндірісінің тиімділігін арттырудың маңызды факторын атаңыз?
2 Негізгі қорлардың пайдаланылуының тиімділігін талдаудың басты міндеттері қандай?
3 Талдауға нелер негіз болды?
Мәтінге берілген тапсырмалар:
1) Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз;
2) Сұрақтарға жауап берініз;
3) Мәтіннің бірінші абзацын сөйлем мүшелеріне қарай талдаңыз.
24 Аудиторлық тексерудің түрлері
Аудит – бұл қаржылық бақылаудың формаларының түрі.
Ішкі аудит – штаттық аудитормен немесе ревизиондық комиссиямен кәсіпорынның ішінде жүргізілетін аудит. Мақсаты: қаржы – шаруашылық жұмыстарын жинақтауға ұйымның жұмысшысының көмегі және бухгалтерлік есеп беруді уақытында жүргізу.
Сыртқы аудит – тәуелсіз аудиторлармен немесе ревизиондық комиссиямен қаржылық есеп берудің жүргізілуі жайлы объективті ақпараттарды алу мақсатымен жүргізіледі.
Міндетті аудит – прокуратура, қаржылық министерствосы сияқты мемлекеттік органдардың нұсқауы бойынша жүргізіледі.
Тексеріске келесілер жатады:
- құқықтық ұйымдық форма;
- іс - әрекет түрі;
- жарғылық капиталдың құрылуының көздері;
- іс - әрекеттің қаржылық көрсеткіштері.
Бастамалық аудит – кәсіпорынның бастамасы бойынша жүргізіледі.
Сөздік
қаржылық бақылау – финансовый контроль
ішкі аудит – внутренний контроль
сыртқы аудит – внешний контроль
міндетті – обязательный
жарғылық – уставный
көздері – источник
көрсеткіштер – показатель
бастама – инициатива
Сұрақтар
1 Аудит деген не?
2 Аудиторлық тексерудің түрлері қандай?
3 Ішкі аудит деген не?
4 Сыртқы аудит деген не?
5 Міндетті аудит деген не?
6 Бастамалық аудит деген не?
Мәтінге берілген тапсырмалар:
1) Мәтінді орыс тіліне аударыңыз;
2) Сұрақтарға жауап беріңіз;
3) Барыс септігінде тұрған сөздерді табыңыз (кесте 9).
Кесте 9 - Барыс септік(дательно-направительный падеж)
Соңғы дыбыс
(конечный звук)
|
Дауысты,үнді, ұяң з,ж (гласные, сонорные, звонкие з,ж)
|
Қатаң, ұяң б,в,г,д
(глухие, звонкие б,в,г,д)
|
І,ІІ жақ
Тәуелдік жалғауы
(І,ІІ лица притяж.формы)
|
ІІІ жақ тәуелдік жалғауы
(ІІІ лицо притяж.формы)
|
Буын (слог)
|
Жуан(твердый)
|
-ға
|
-қа
|
-а
|
-на
|
Жіңішке(мягкий)
|
-ге
|
-ке
|
-е
|
-не
|
25 Еңбекақы
-
Еңбекақы – бұл жұмысшылармен еңбектің сапасы саны бойынша
бөлінетін ұлттық табыстың ақшалай формадағы бөлігі және оның
жеке тұтынуына түаеді.
|
-
Номиналды еңбекақы – бұл белгілі бір уақытқа еңбегі үшін жұмыс-шының алған еңбекақысы
|
|
Нақты еңбекақы – бұл номинал-ды еңбекақымен алуға болатын тауарлар мен қызмет көлемі; нақты еңбекақы – бұл номинал-ды еңбекақының «сатып алушы-лық кұны»
|
Кәсіпорындағы еңбекті төлеу кезіндегі ескеретін
|
ең еңбек үшін тең төлем, яғни әдет-тілік принципі;
Орындалатын жұмыстың күрделігі және еңбек білік-тілігінің деңгейі;
Еңбектің зиянды жағдайлары және ауыр физикалық ең-бек;
Еңбек сапасы үшін ынталандыру және еңбекке адам қаты-нас;
Жіберілген қателік үшін материалды жазалау;
Орташа еңбекақы-ның өсу қарқы-нынан озу;
Инфляция деңгейіне сәйкес еңбекақының индекстелуі;
Кәсіпорынның қажеттіліктеріне неғұрлым жауап беретін еңбекақы жүйесі мен прогрессивті формаларды пайдалану.
|
-
Нақты еңбекақы номиналды еңбекақы көлемі мен алынған тауарлар мен қызметтер бағасына байланысты;
Номиналды еңбекақының 15 % өсуі мен инфляцияның осы кезеңде 10 % өсуіне нақты еңбекақы тек 5 % өседі;
Инфляцияның номиналды еңбекақы өсімімен салыстырғанда озуы нақты еңбекақыны төмендетеді немесе керісінше;
Инфляция болмағанда номиналды еңбекақының өсімі нақты еңбекақының өсімін білдіреді.
|
Келісімді еңбекақы формасы қолданылады, егер:
- нақты жұмысшыға байланысты көлемдік көрсеткіштер болғанда;
- орындалған жұмыстың көлемінің нақты есебі болғанда
- еңбекті нормалардың мүмкіндігі болғанда.
Келісімді еңбекақыны өнімнің және қызмет көрсетудің сапасын төменде-туге әкелсе, технологиялық режимнің бұзылуына, шикізат пен материалдардың шектен тыс шығысына әкелсе қолданбайды.
Еңбекақының негізгі тарифтік емес жүйесі еңбек ұжымының әрбір мүшесіне бекітілген және оның нақты еңбектік берілуін сипаттайтын біліктілік деңгейі.
Жұмысшының біліктілік деңгейі нақты еңбекақы, тарифті еңбекақы бойынша анықталуы мүмкін.
Кейбір кәсіпорындарда біліктілік коэффициенті жеке жұмысшының өткен кезеңдегі жұмысы үшін нақты еңбек ақысын кәсіпорында қалыптасқан минималды еңбекақы деңгейіне болумен анықталады.
Еңбекақы кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық формасына, меншік формасына, еңбекті ұймдастыру принципіне және өндіріске, ұжымдағы әлеуметті-психологиялық климатқа және т.б. байланысты құралады.
Еңбекақыдан басқа ұйым «ұсақ артықшылықтар» деп аталатын қосымша жеңілдіктер ұсынады. Жеңілдіктер – төленген демалыс уақыты, науқастанған күндерді төлеу, денсаулық пен өмірді сақтандыру, зейнеткерлік қамтамасыз ету. Жеңілдіктердің басқа түрлері – төмендетілген пайыздық ставкамен колледжде оқу үшін несие беру және т.б.
Сөздік
еңбекақы – заработная плата
ұлттық табыс – национальный доход
тұтыну – потребить, потреблять
нақты еңбекақы – конкретная заработная плата
құн – стоимость
еңбек біліктілігі – трудовая компетентость
зиянды – вредный
ынталандыру – стимулирование
материалды жазалау – материальное наказание
орташа еңбекақы – среднее заработная плата
келісімді еңбекақ – договорная заработная плата
көрсеткіш –показатель
Сұрақтар
1 Еңбекақы деген не?
2 Номиналды еңбекақы деген не?
3 Қандай ерекшеліктері бар?
4 Қандай ескертулер бар?
5 Келісімді еңбекақы деген не?
Мәтінге берілген тапсырмалар:
1) Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз;
2)Сұрақтарға жауап беріңіз;
3) Кесте бойынша мәтін құрастырыңыз.
«Қаржы» мамандығына арналған тестер
1 – нұсқа
1 «Дефицит бюджета» деген сөз тіркесінің дұрыс аудармасын тыбыңыз
Достарыңызбен бөлісу: |