Салық төлеушілер мен салық органдарының құқықтары мен міндеттіліктері –билік пен басқару органдарының салық заңнамасымен реттеледі.
Салықтарды аударып салу – салық ауыртпалығын салықтың түпкі салынушысына – салықтардың негізгі ауыртпалығын өз мойынына алатын халыққа көшіру үдерісі.
Салық төлеуден жалтару – салықтық төлемдерді толық немесе ішінара төлемеу мақсатымен салық төлеушінің салық салу объектін (табысты, пайданы, тауар айналымын, мүлікті) әдейі жасыруы және азайтуы.
Мемлекеттік бюджет
Қоғамдық ұдайы өндірісте мемлекеттік бюджеттің рөлі ең алдымен мемлекеттік бюджеттің (шығыс бөлігінің) көмегімен ұлттық табыстың 23%, ішкі жалпы өнімнің 20%, жалпы қоғамдық өнімнің 12% бөлінетіндігімен және қайта бөлінетіндігімен анықталады.
Бюджет жүйесі дегеніміз экономикалық қатынастар мен заңды нормаларға негізделген бюджеттердің барлық түрлерінің жиынтығы.
Бюджет құрылысы– бұл бюджет жүйесін құрудың қағидаттары, оның буындарының өзара байланысының ұйымдық нысандары.
Федеративтік мемлекеттерде бюджет жүйесі үш буыннан тұрады: мемлекеттік бюджет немесе федералдық бюджет немесе мемлекеттің орталық бюджеті; федерация мүшелерінің бюджеттері; жергілікті бюджеттер.
Унитарлық (біркелкі) мемлекеттерде екі буынды бюджет жүйесі қолданылады: орталық (республикалық) бюджет және толып жатқан жергілікті бюджеттер.
Шоғырландырылған бюджет өз араларында өзара өтелетін операциялар ескерілместен, республикалық бюджетті, облыстардың, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерін және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына бағытталатын түсімдерді біріктіретін мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қоры болып табылады.
Төтенше мемлекеттік бюджет республикалық және жергілікті бюджеттер негізінде қалыптастырылады және Қазақстан Республикасында төтенше немесе соғыс жағдайларында енгізіледі.
Алайда бюджеттердің бірлігі бюджет жүйесін құрудың маңызды қағидаты болып отырған оның жеке буындарының дербестігін жоққа шығармайды.
Бірлік қағидаты Бюджеттің дербестік қағидаты –
Бюджеттің толымдылығы қағидаты
Реалистік қағидаты Транспаренттілік қағидаты Дәйектілік қағидаты Нәтижелілік қағидаты Сабақтастық қағидаты Негізділік қағидаты Касса бірлігінің қағидаты Уақтылық қағидаты Тиімділік қағидаты Жауапкершілік қағидаты Бюджеттік қаражаттардың атаулық және нысаналық сипаты қағидаты
Бюджеттің түсімдері табыстар, бюджеттік кредиттерді өтеу сомалары, мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер, қарыздар, ал оның шығыстары шығындар, бюджеттік кредиттер, қаржылық активтерді сатып алу, қарыздарды өтеуболып табылады.
Бюджеттің құрылымы бюджеттік сыныптама негізінде құрылады және Бюджеттік кодекске сәйкес мынадай бөлімдерден тұрады:
1) кірістер:
2) шығындар;
3) таза бюджеттік кредиттеу:
4) қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо:
5) бюджет тапшылығы (профициті);
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану):
Бюджеттің кірістері салықтық, салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер, трансферт түсімдері болып табылады.
Қарыздар – мемлекеттік эмисссиялық бағалы қағаздар шығаруға және (немесе) қарыздар келісімшарттарын жасасуға байланысты бюджетке түсетін ақшалай түсімдер.
Бюджеттің шығындары – қайтарылмайтын негізде бөлінетін бюджеттік қаражаттар.
Бюджеттік кредиттер – қайтарымдылық, мерзімділік және ақылық негізде бюджеттен бөлінетін ақшалар.
Трансферттер (нормативтік үлестік жәрдемқаржы) – бұл қайтарусыз және өтеусіз негізде нақтылы мақсаты көрсетілмей бюджеттік реттеу ретінде бір деңгейдің бюджеттерінен (жоғарғы) басқа деңгейдің бюджеттеріне (төменгі) бөлінетін қаражаттар. Бюджеттер деңгейлері арасындағы трансферттер жалпы сипаттағы трансферттерге, ағымдағы нысаналы трансферттерге, нысаналы даму трансферттеріне бөлінеді.
Уақытша бос бюджеттік ақша – белгілі бір уақыт кезең ішінде пайдаланылмаған, бірыңғай қазынашылық шотта жатқан бюджеттік қаражаттар.
Жергілікі қаржы – ақшалай нысандағы қоғамдық өнімнің бір бөлігін жергілікті басқару органдары өздеріне артылған функцияларға сәйкес жасау, бөлу, пайдалану үдерісіндегі қаржылық қатынастардың жүйесі.