«Қаржы сауаттылығы және экономика негіздері» бағдарламасы



бет26/36
Дата02.06.2020
өлшемі1,57 Mb.
#72053
түріБағдарламасы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   36
Байланысты:
құрал

«Нарық» іскер ойыны
Ойын мақсаты: еркін сауда нарығында сауда жасауды үйрету, сауда жасау тәсілдерін түсіндіру,тепе-тең нарықтық баға ұғымымен таныстыру.
Ойын барысы:

Ойынды жүргізу үшін сынып бөлмесінде тауар сататын сөре дайындалады. Сатылатын тауар ретінде балалардың қолындағы кез-келген затты пайдалануға болады. Балалардың арасынан 3 бала сатушы ретінде тағайындалады. Олар сынып бөлмесінен шығып, сатушы ролін ойнауға біртендеп кіреді. Олардың міндеті сөреге қойылған тауарды рет-ретімен орналастырып, оларға құнына қарай баға қою керек. Келген сатып алушыларға тауарды тиімді бағада өткізіп, тауарға дұрыс жарнама жасау керек. Сатушы мәдениеттілігін ұстану керек.

Сатып алушы ретінде сыныпта қалған балалар ойнайды. Сатып алушылардың міндеті әр түрлі кейіпте, яғни бірі немересімен әжесі ролінде, бірі шетелдік қонақ ретінде, бірі қарт кісілер ролінде және т.с.с. рольдерде келіп, саудаласып, тауар жөнінде сатушыдан әр түрлі ақпараттарды сұрақ қою арқылы алып, тауарды неғұрлым төмен бағада сатып алулары керек. Ойын соңында тауарды жоғары бағада сата білген, тұтынушыларға мәдениетті түрде, сапалы қызмет көрсете білген сатушы жеңімпаз атанады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет