«Жаңа ойлар» жәрмеңкесі
Ойын мақсаты: балалардың экономикалық білімдерін жетілдіру, бизнес-жоспар құрастыруды, ұжымдық шешім қабылдау үйрету, маркетинг негіздері мен менеджмент түсіндіру
Ойын ережесі:
Бірнеше күн бұрын балаларға кез-келген еуропалық елдің экономикалық-географиялық жағдайы туралы мәлімет дайындау тапсырылады.
Ойын ойналатын күні балалар 3-4 адамнан жобалық фирмаларға бөлінеді. 3-4 бала әділ-қазы ретінде тағайындалады. Әр фирма өз басшысын тағайындап, өзара қызметтерді бөліседі. Әр фирманың міндеті кез-келген еуропалық елмен бірлесіп сауда-саттық жасау үшін қажетті жобаны жасап шығару болып табылады. Тапсырманы орындауға 1 сағат беріледі.
Жобаны дайындау кезінде жасалатын жұмыстар:
Бірлесіп жұмыс істейтін елді не себепті таңдады және одан қандай пайда көреміз? Дәлелдеу
Таңдалған елдің Қазақстанға тигізетін пайдасы
Іскер құжаттарды дайындау(фирма атауы, фирма бланкісін дайындау, фирма жарғысы, фирманың штаттық кестесі)
Бизнес-жоспар құрастыру
Фирма мен фирма тауарына жарнама жасау
Фирма басшылары ойын жүргізушіден кеңес ала алады.
Әр фирма әділ-қазы мүшелеріне іскер құжаттар папкасын өткізіп, жобаны қорғайтын 1-2 адам дайындайды.
Ойын соңында арнайы дайындалған кесте бойынша жоба талқыланып, әр бөлім 5 балл негізінде бағаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |