«Қаржылық есеп» ПӘнінен оқУ-Әдістемелік қҰралы семей-2014 Мазмұны


Сабақ тақырыбы: 18. Калькуляция ұғымы, оның мәні, калькуляция объектілері



бет38/58
Дата24.01.2023
өлшемі255,55 Kb.
#166298
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   58
Байланысты:
ФУ КАЗ

Сабақ тақырыбы: 18. Калькуляция ұғымы, оның мәні, калькуляция объектілері



  1. Калькуляция - өнімнің, атқарылған жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің бір өлшемге есептелген өзіндік құны.

Калькуляция жасау мерзімі:

  1. Алдын-ала – жасалатын калькуляция өнімді шығарғанға дейін өндіріске қажетті деңгейдегі шығандардың мөлшерін анықтайды.

  • Жоспарлы калькуляция - өнімге, жұмысқа, қызметке және бұйым бірлігіне мүмкін болатын шығындардың деңгейінде анықталады, бірақ ол кезде жалақының, энергияның, отынның, материалдардың нормасы, өндірістің технологиясы, сондай-ақ резервтері ескеріледі.

  • Сметалық (болжамдық) калькуляция – бұл жоспарлы калькуляцияның бір түрі, ол жоспарланған және жаңадан жасалған бұйымның негізінде жасалады. Ол жоспарлы калькуляцияны жасауға негіз болады.

  • Нормативтік калькуляция – ағымдағы жоспарлы калькуляцияның бір түрі. Бұл әдіс шығындарды есептеудің нормативтік әдісін және ко-ның өзінде пайдаланып жүрген өнімнің өзіндік құнының калькуляциясын қолданады.

  1. Кейінгі (немесе кезекті) - өнім шығарылған соң бухгалтерлік есеп мәліметтері бойынша жасалынады. Олар нақты шығынды көрсетеді.

  • Нақты калькуляциянақты шығындармен сипатталады, ал ол жоспарлыдан ко-ға байланысты себептері бойынша да (өнімді өндірудің орындалуы немесе орындалмауы, шығындар түрлерінің артық немесе кем жұмсалуы) және оған байланыссыз себептері бойынша да (материалдарға бағаның өзгеруі, амортизациялық аударымдардың нормасы, суға, газға, жылуға, электр энергиясына тарифке өзгерістер енгізілуіне байланысты) ауытқуы мүмкін.

  • Шамаланған калькуляция – нақты шығындар және тоғыз айдың ішінде алынған өнімдер немесе басқа да кезеңге есептелген шығындар деңгейінде жасалады. Калькуляцияның бұл түрі ағымдағы жылдағы өндірілген өнімнің нәтижесін алдын-ала бағалау үшін пайдаланылады.

Калькуляция объектісі - өнім түрлері, жұмыстар, қызметтер. Калькуляциялық бірлік - өнім түрлері техникалық жағдайына немесе қабылданған стандарттық өлшем бірліктеріне және өндірілген өнімнің натуралды көрінісіне сай келуі тиіс.
Калькуляциялық өлшем бірліктері:

  • Натуралды (дана, метр, кг, тонна, литр және т.б.)

  • Ірілендірілген – тігін бұйымының прейскуранттық нөмірі, белгілі бір артикулдағы жүз жұп аяқкиімі және т.б.

  • Шартты-натуралды – пайдалы заттың құрамы әр түрлі болуы мүмкін (спирт-100%, күйдіргіш содасы - 92 % натрий)

  • Құндық

  • Еңбек (норма-сағаты)

  • Орындалған жұмыс (машина күні, ай күні)

  • Пайдалы нәтиже – қуаты, өнімділігі және т.б.




  1. Кешендік өндіріс шығындарын тарату әдістері:

  • Шығындарды шегеру – бұл әдістеуде өндіріске алынған өнімдер түрі негізгі өнім болып саналады, ал қалғандары үлесі ретінде қарастырылады. Өндіріске кеткен барлық шығындардан ілеспе өнім жоспарлы өзіндік құны бойынша шегеріледі, осыдан кейін алынған деңгейін негізгі өнімнің өзіндік құны д.с.б.

  • Аралас (қиыстыру) әдісі – бұл кешендік өндірісте бірнеше негізгі және ілеспе өнімді өткізуде пайдаланылады. Бұл әдістеме шығындарды таратудың үйлесімді тұрғыдан пайдаланылады. Бұл кезде шығындардың жалпы сомасынан ілеспе өнімнің өзіндік құны шегеріліп, қалған бөлігіне негізгі өнімдер арасына белгіленген коэффициент бойынша таратылады.

Өнімнің өзіндік құнына әсер ететін факторлар:

  • өндіріс типі

  • өндіріс күрделілігі

  • шығарылатын өнімнің номенклатурасы мен сипаты

  • өндіріс циклының ұзақтылығы

  • аяқталмаған өндірістің қолда бары, құрамы және көлемі




  1. тапсырыстық

  2. бөлістік

Шығындарды есепке алудың және өнімнің ӨҚ-нын калькуляциялаудың тапсырыстық әдісі аз сериялы жеке дара өндірісі бар ко-да жөндеу және эксперименттік жұмыстарда пайдаланылады. Тапсырыстық ӨҚ-ны оларды әзірлеумен байланысты шығындар сомасынан тұрады. Барлық тікелей шығындар әрбір тапсырыс бойынша белгіленген номенклатура баптарының кескінінде есепке алынады.
Шығындарды есепке алудың және өнімнің ӨҚ-нын калькуляциялаудың бөлістік әдісі – жаппай өнімді өндіретін ко-да қолданылады. Онда бастапқы шикізат дайын өнімге дейін рет-ретімен технологиялық өңдеуден өтеді. Бұл әдіс шикізаттың кешенді түрде пайдаланатын ко-да қолданылады (металлургиялық, химиялық, мұнай өңдеу және т.б.). Бөлістік әдісте өндіріске кеткен шығындар әрбір кезеңі, бөлісі, ауысымы бойынша есептелінеді. Әрбір бөлістен кейін жартылай фабрикаттар шығарылады. Ең соңында дайын өнім алынады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет