«Қаржылық есеп» ПӘнінен оқУ-Әдістемелік қҰралы семей-2014 Мазмұны



бет55/58
Дата24.01.2023
өлшемі255,55 Kb.
#166298
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58
Байланысты:
ФУ КАЗ

Бақылау сұрақтары:

        1. Қаржылық есеп беру дегеніміз не?

        2. Қаржылық есептің шарттары?

        3. Қаржылық нәтиже дегеніміз не?

        4. калькуляциялық шоттар?

        5. Есеп беруге мысал келтір.


Сабақ тақырыбы: Ұйымның қызметі туралы қаржылық ақпаратты сыртқы және ішкі пайдаланушылар



  1. Қаржылық есеп берудің құрамына бухгалтерлік баланс, шаруашылық-қаржылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беру, ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беру және түсіндірме хаттама кіреді.

Қаржылық есеп берудің мақсаты пайдаланушыларды есептік кезеңдегі қызметінің нәтижесі мен қаржылық жағдайы туралы пайдалы, әрі мәнді және сенімді ақпараттармен қамтамасыз ету б.т. Бірақ, қаржылық ақпаратты пайдаланушылар к/о-ң қызметі туралы әр түрлі мәліметтерді қажет етеді, мысалы:

    • инвесторлар – жасаған инвестицияның тәуекелділік дәрежесі олардың алатын табысына қаншалықты пара-пар келетіндігін анықтау үшін; к/о-ға салған инвестициясын сатудың немесе оған сәйкес активтерін сатып алудың немесе өз үлесін сақтаудың қажеттілігін анықтау үшін; к/о-ң келешектегі күтілетін дивидендтерді төлеу қабілеттілігін анықтау үшін қажет ақпараттарды талап етеді;

    • кредитор – алған қарызын және төленетін пайызын өтеу қабілеттілігін анықтау үшін қажет ақпараттарды талап етеді;

    • сатып алушы – к/о қандай кезеңде өз қызметін жалғастыра алатындығы жөніндегі ақпараттарға мүдделі болып келеді;

    • жабдықтаушылар – кредиторлық қарызды дер кезінде өтей алатын қабілетін тексеру үшін қажет ақпараттарды талап етеді;

    • қызметкерлер – к/о-ң тұрақты әрі рентабельді болғанына мүдделі, өйткені олар өздерінің еңбекақысын және басқа да жеңілдіктері мен төлемін алады, ал акционерлер – тұрақты түрде дивиденд алып тұруын көздейді;

    • мемлекеттік органдар - к/о-ң тұрақты әрі рентабельді жұмыс істегеніне мүдделі, өйткені олар солардың көмегімен экономикалық саясатты (салық шараларын қоса алғанда) жүзеге асырады, сонымен қатар, статистикалық мәліметтерді жинайды;

    • жұртшылық – жұмыс орнын табу мақсатында қажетті ақпараттарды елді мекенді, аймақты дамытуға керек ақпараттарды жинауға мүдделі болып келеді.

  1. Қаржылық есеп беру мәміленің және басқа да оқиғаның нәтижесін топтастырып, экономикалық мазмұнына сәйкес көрсетіледі.

    • актив – бұл құндық бағасы бар субъектінің құқығы мен жеке мүліктік және мүліктік емес игілігі. Активтер болашақта жүзеге асатын экономикалық олжа ретінде көрсетіледі.

    • міндеттемелербұл өткен мәміленің нәтижесі, ол жүзеге асқандықтан қарызданушының міндеттемесінің пайда болғанын, белгілі бір әрекеттің кредитор пайдасына жасалатындығын көрсетеді.

    • меншік капиталы – бұл субъектінің міндеттемесі шегерілген активі. Бухгалтерлік есепте ол бірнеше топқа бөлінеді: жарғылық капитал, қосымша төленген капитал, резервтік капитал, таратылмаған табыс. Бұлар қаржылық есеп беруді пайдаланушыларға талдаған кезде қажет

    • қаржылық нәтижесі – есепті жылдағы к/о-ң қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі. Оның элементтері: табыстар мен шығыстар;

    • табыстар – субъектінің негізгі және негізгі емес қызметінің нәтижесі;

    • шығыстар - өнімді өндірумен, жұмысты атқарумен, қызметті көрсетумен байланысты шығындар;

    • қаржылық есеп берудің элементтерін бағалау – бухгалтерлік балансқа енгізу процесі немесе қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп берудің бабы;

Қаржылық есеп берудің элементтерін бағалау – бағалаудың көмегімен олардың олардың құны анықталы мүмкін, соның нәтижесінде олар (активтер мен міндеттемелер) танылады және қаржылық есеп беруге тіркеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет