Бақылау сұрақтары:
Есеп саясаты дегеніміз не?
Есеп саясаты есебіне мысал келтір?
ЕС басты міндеті?
ЕС басты міндеттеріне мысал келтір?
Есеп саясатына қойылған талаптарды ата.
11-Тарау Ұйымның қаржылық есеп беруі
Сабақ тақырыбы: Экономикалық ақпарат жүйесіндегі қаржылық есеп берудің мағынасы
Есеп беру – к/о-ң өткен кезеңдегі қаржылық-шаруашылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесі. Есеп беру процесін жасау есеп жүйесінің соңғы сатысы б.т.
Мақсаты: өз пайдаланушыларына заңды тұлғаның қаржылық жағдайы туралы сенімді, мәнді және пайдалы ақпараттарды беру б.т.
Қаржылық есеп берудің пайдаланушылар қатарына – потенциалды инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, еңбеккерлер, мемлекеттік органдар кіреді.
Қаржылық есеп беру басқарушы органдардың жұмысын және субъектінің ресурстарын, міндеттемелерін және ақша қаражаттарының болашақтағы ағымдарын бағалауға, несие беру бойынша шешімдерге және инвестициялық шешімдерді қабылдауға пайдалы ақпараттарды береді.
Есеп беру мәліметтерін к/о-ң тиімділігін бағалау үшін, шаруашылық қызметін талдау үшін сыртқы пайдаланушылар пайдаланады. Есеп беру к/о-ң шаруашылық қызметін жедел басқару үшін қажет және ол болащақ кезеңдерді жоспарлау мен болжау үшін басты база б.т.
Есеп беруге қойылатын негізгі талаптар: к/о қызметінің нәтижесін анық және объективті көрсету, барлық көрсеткіштерді бір-бірімен қатаң түрде үйлестіру, бухгалтерлік пен жедел статистикалық есеп берудің үйлесімділігін сақтау, әдістемелік және басқа да ережелерді сақтау б.т.
Ең басты талап: оның тазалығы б.т., яғни акционерлер мен инвесторларға есеп берудің мәліметі түсінікті болуы тиіс.
Қаржылық есеп беру тәртібі бухгалтерлік есептің стандарттарымен реттеледі: № 2 «Бухгалтерлік баланс және қаржылық есептіліктің негізгі көрсеткіштерін ашып көрсету», № 3 «Қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беру», № 4 «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру» арқылы жүзеге асады.
Бухгалтерлік есеп шаруашылық қаражаттарының құрамындағы және оларды жабу көздеріндегі болған барлық өзгерістерді, шаруашылық процестерін және олардың нәтижесін толық және дер кезінде көрсетуге арналған. Есеп мәліметі қолда бар нақты шаруашылық қаражаттарына және олардың жабу көздеріне сәйкес келуі тиіс, бірақ іс жүзінде есеп мәліметтері шын мәліметтермен үйлесе бермейді, яғни олардың арасында алшақтық болуы мүмкін. Аталған алшақтық табиғи азаюдың, тасымалдаудың, қайта сортталудың нәтижесінде, өлшегіш құрал-жабдықтардың дұрыс көрсетпеуінен, әрекеттерді рәсімдеу кезінде жіберілген қателіктерден, т.б. салдардан болуы мүмкін. Ал бұл жыл сайын нақты қолда бар құндылықтардың мәліметін есеп мәліметімен салыстыруды қажет етеді және ол есеп айырысуды анықтау үшін де қажет. Тексерудің мұндау түрін – түгендеу д.а.
Толық түгендеу – жылына бір рет жылдық есеп берудің алдында жасалады, оның мақсаты – к/о-ң барлық активтері мен пассивтерін баланста дұрыс көрсету б.т.
К/о басшысы түгендеу жұмыстарын жүргізу тәртібін белгілейді, оның ішінде түгендеу комиссиясының құрамын, есепті жылдағы түгендеу санын, олардың күнін белгілейді.
Достарыңызбен бөлісу: |